"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Z952733_ Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы" 2000 жылғы 12 мамырдағы N 392 U000392_ Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген Жарлыққа 2-қосымшада:
"Дербес бас басқарманың, департаменттің бастығы (қамтамасыз ету қызметін қоспағанда) - генерал-майор" деген жолдағы "Дербес бас басқарманың," деген сөздер алынып тасталсын;
"Үкіметтік байланыс агенттігінің директоры - генерал-майор" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнаулы ақпараттық қызметтің директоры - генерал-майор
Арнаулы ақпараттық қызмет директорының бірінші орынбасары - генерал-майор
Арнаулы ақпараттық қызмет директорының орынбасары - Орталықтың
бастығы - генерал-майор";
"Ұлттық ғылыми-техникалық орталықтың бастығы - полковник, генерал-майор" деген жол алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәселелері" туралы 2000 жылғы 30 қарашадағы N 492 U000492_ Жарлығының 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрын қабылданған шешімдерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.