Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Өз өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Қ.К.Тоқаевтың орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті