"Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N
328
Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 2, 16-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерінде:
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Әрбір мемлекеттік қызметші осы Ережелердің сақталуы үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге;
2) Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға орайлас әрекеттерге жол бермеуге;
3) мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік құндылықтарын ұстануға;
4) мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға;
5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
6) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және тыйым салуға тиіс.";
2-тармақта:
1) тармақшада:
"орындау" деген сөз "сақтау" деген сөзбен алмастырылсын;
қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады;
8) тармақшада "қызметтік міндеттерді орындауға" деген
сөздердің орнына "мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауына" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ұқыпты және үнемді пайдалану, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;".
мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) кәсіби және мәдени деңгейін ұдайы арттырып отыру;
11) сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қою болып табылады.";
3-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік биліктің беделін, азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;";
6) тармақшада "міндетті" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, сынға төзімділікпен қарауға, оң сын-ескертпелерді өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
8) негізсіз айыптауларға жол бермеуге;
9) сыпайы және әдепті болуға, бағынысты қызметкерлердің жеке басының қадір-қасиеттерін сыйлауға, оларға әділ және сыпайы қарауға міндетті;";
4-тармақта 2) тармақшадағы "міндетті" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) бағынысты қызметкерлердің осы Ережелермен таныстырылуы мен
олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;";
5-тармақта "қолданылады" деген сөз "қолданылуы мүмкін" деген
сөздермен алмастырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Барлық деңгейдегі әкімдер, осы Ережелерде көзделген қызмет
этикасы нормаларын сақтаумен қоса:
1) қарапайымдылық танытуға және өзінің жеке өмірінде теріс қоғамдық пікір туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге;
2) жергілікті атқарушы органдарда кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
3) кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу фактілеріне және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сүйемелдеу жағдайларына жол бермеуге міндетті".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті