Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 7 мамыр N 866. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің N 1567 жарлығымен

      "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес қаулы етемін: 
      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N  328  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 2, 16-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерінде: 
     мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: 
     "Әрбір мемлекеттік қызметші осы Ережелердің сақталуы үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті."; 
     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
     "1. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде: 
     1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге; 
     2) Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға орайлас әрекеттерге жол бермеуге; 
     3) мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік құндылықтарын ұстануға; 
     4) мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға; 
     5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; 
     6) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және тыйым салуға тиіс."; 
     2-тармақта: 
     1) тармақшада: 
     "орындау" деген сөз "сақтау" деген сөзбен алмастырылсын; 
     қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады; 
     8) тармақшада "қызметтік міндеттерді орындауға" деген
сөздердің орнына "мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауына" деген сөздермен толықтырылсын; 
     9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
     "9) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ұқыпты және үнемді пайдалану, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;". 
     мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын: 
     "10) кәсіби және мәдени деңгейін ұдайы арттырып отыру; 
     11) сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қою болып табылады."; 
     3-тармақта: 
     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
     "3) мемлекеттік биліктің беделін, азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;"; 
     6) тармақшада "міндетті" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын: 
     "7) сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, сынға төзімділікпен қарауға, оң сын-ескертпелерді өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға; 
     8) негізсіз айыптауларға жол бермеуге; 
     9) сыпайы және әдепті болуға, бағынысты қызметкерлердің жеке басының қадір-қасиеттерін сыйлауға, оларға әділ және сыпайы қарауға міндетті;"; 
     4-тармақта 2) тармақшадағы "міндетті" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: 
     "3) бағынысты қызметкерлердің осы Ережелермен таныстырылуы мен 
олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті;"; 
     5-тармақта "қолданылады" деген сөз "қолданылуы мүмкін" деген 
сөздермен алмастырылсын; 
     мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: 
     "6. Барлық деңгейдегі әкімдер, осы Ережелерде көзделген қызмет 
этикасы нормаларын сақтаумен қоса: 
     1) қарапайымдылық танытуға және өзінің жеке өмірінде теріс қоғамдық пікір туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге; 
     2) жергілікті атқарушы органдарда кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге; 
     3) кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу фактілеріне және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сүйемелдеу жағдайларына жол бермеуге міндетті". 
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.      

     Қазақстан Республикасының 
     Президенті 

     

 

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады