Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 993 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1142 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.01.27 № 1142 Жарлығымен.

      Жұртшылықтың мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде Қоғамдық кеңес құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы  ереже және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің дербес құрамы бекітілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің 
2002 жылғы 10 желтоқсандағы     
N 993 Жарлығымен           
бекітілген              

Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары
(ақпараттық саясат) жөніндегі қоғамдық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңес (бұдан былай - Кеңес) Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыруға, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды жетілдіруге жәрдемдесу;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне жүйелі кешенді талдау жасау және Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      3) Мемлекет басшысына бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік билік органдары мен БАҚ-тың өзара тиімді іс-қимылын, сондай-ақ елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4) мемлекеттік және өзге де органдармен әрі мекемелермен қарым-қатынасында БАҚ пен оның қызметкерлерінің мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау;
      5) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінде жоғары этикалық және кәсіби қағидаттарды дамытуға жәрдемдесу, БАҚ саласындағы ақпараттық даулар мен өзге де талас туғызған жағдайларды реттеуге қатысу.
      3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын , Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Кеңестің құзыреті:
      1) БАҚ қызметіне байланысты Мемлекет басшысына және тікелей Кеңеске жолданған арыздарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманың сақталуын қарайды;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат нарығының жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы және жедел баяндамалар әзірлейді;
      3) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік билік органдары мен БАҚ-тың өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде талдау материалдарын дайындайды және ұсыныстар әзірлейді;
      4) мемлекеттік саясат пен Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін түсіндіру жөнінде сарапшылық-ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстар береді, соның ішінде БАҚ-қа береді.
      5. Кеңестің өз құзыретінің шегінде:
      1) өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат, құжаттар мен материалдар сұратуға және алдыруға;
      2) өзінің отырыстарында бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, БАҚ өкілдерін тыңдауға;
      3) мемлекеттік органдар, шығармашылық одақтар мен өзге де ұйымдар өткізетін кеңестерге, конференциялар мен семинарларға қатысу үшін өзінің өкілдерін жіберуге;
      4) мемлекеттік органдардың БАҚ қызметіне қатысты шешімдеріне баға беруге, мемлекеттік органдарға БАҚ қызметі жөніндегі мәселелерде ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;
      5) БАҚ қызметінің түрлі қырлары бойынша жұмыс комиссияларын құруға, олардың жұмысына ғылыми, зерттеу, үкіметтік емес және өзге де мекемелер мен ұйымдардың өкілдерін тартуға;
      6) Кеңестің қызметі туралы республикалық және аймақтық БАҚ-та материалдар жариялауға құқығы бар.
      6. Кеңестің отырыстарында қабылданатын және Қазақстан Республикасы Президентінің назарына жеткізілетін ұсынымдар мен қорытындылар Кеңестің шешімдері болып табылады.
      7. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Журналистері Конгресі атқару комитетінің ұсынымы бойынша бекітетін Кеңес төрағасынан, хатшысы мен мүшелерінен тұрады.
      Кеңестің төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
      8. Кеңестің отырыстарын оның төрағасы қажетіне қарай, алайда жылына екi мәрте шақырады. Кеңестің отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса, құқылы болып танылады. Кеңес мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
      Кеңестің шешімдері қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
      Кеңес төрағасы Кеңестің шешімдері мен басқа да құжаттарына қол қояды, отырысқа шығарылатын мәселелерді анықтайды, өзге де ұйымдық-өкімдік функцияларды орындайды.
      Кеңес төрағасы орнында болмаған кезеңде оның тапсыруы бойынша отырыстарға Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.06.14. N 1590 жарлығымен.
      9. Кеңестің қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтiк-саяси бөлiмi жүзеге асырады. U080533
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.06.14. N 1590 жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президентінің 
2002 жылғы 10 желтоқсандағы     
N 993 Жарлығымен           
бекітілген              

Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары
(ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық Кеңестің
ҚҰРАМЫ

Әбдiкәрiмов Оралбай       - Қазақстан Республикасы
                            Мемлекеттiк хатшысы, төраға

Қалетаев                  - Қазақстан Республикасы Президентi
Дархан Аманұлы              Әкiмшілiгiнiң Әлеуметтiк-саяси
                            бөлiмiнiң меңгерушiсi, хатшы

Кеңес мүшелері:

Әбіш                      - "Айғақ" баспа үйінің президенті
Дулат Назарбекұлы

Әкімбеков                 - "Континент" журналының бас редакторы
Сұлтан Мағрұпұлы

Бандровская               - "Ақтөбе Радио" ЖШС директоры
Наталья Глебовна

Губерт                    - "Экспресс-К" ЖШС бас директоры
Александр Александрович

Доскенов                  - "Қазақстан теледидары мен радио
Ғалым Төлембекұлы           хабарлары" ЖАҚ басқармасының
                            төрағасы

Ертісбаев                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ермұхамет Қабиденұлы        кеңесшісі

Жұмабаев                  - Қазақстан телерадио хабарларын
Айдар Әбілмәжінұлы          таратушылар қауымдастығының
                            президенті

Қайырханов Сабыр          - "Ақ Жайық" газетінің бас редакторы

Қодар Әуезхан             - мәдениеттанушы

Козлов                    - журналист
Сергей Владимирович

Нығматулин                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Ерлан Зайроллаұлы           Мәжілісінің депутаты (келісім
                            бойынша)

Платонов                  - Коммерциялық теледидар арнасының
Артур Станиславович         саяси шолушысы

Садықанов                 - "Астана ақшамы" газетінің бас
Мағжан Садықанұлы           редакторы

Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қуаныш Сұлтанұлы            Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму
                            жөніндегі комитетінің төрағасы
                            (келісім бойынша)

Харченко                  - "Костанайские новости" газетінің
Сергей Васильевич           бас редакторы

Абдрахманов Сауытбек      - "Егемен Қазақстан" республикалық
                            газеті" ААҚ президентi

Балиева                   - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Зағипа Яхияқызы             министрi

Беркінбаев                - "Сайрам ақшамы" телекомпаниясының
Еділбай Түймебайұлы         бас редакторы

Дошаев                    - "Атырау ақпарат" МКК төрағасы
Ерген Николаевич

Куликова                  - "Собкор" ЖШС президентi
Валентина Куприяновна

Күнбаев                   - "Эра" телекомпаниясы" ЖШС бас
Мiрболат Тоқмырзаұлы        директоры

Майлыбаев                 - Қазақстан Республикасы Президентi
Бағлан Асаубайұлы           Баспасөз қызметiнiң жетекшiсi -
                            Баспасөз хатшысының орынбасары,

Мұқанов                   - "Өскен өмiр" газетінің бас
Жұмабек Сейілханұлы         редакторы

Талаева                   - "Тандем" телерадиокомпаниясы"
Тәттігүл Жақсыбайқызы       ЖШС директоры

Шахнович                  - "Мегаполис" газетiнің бас
Игорь Олегович              редакторы

Шораев                    - "Xaбap" агенттiгi" АҚ орталық
Арман Төлегенұлы            бюросының директоры

Матаев Сейiтқазы          - Қазақстан Журналистер одағы
Бейсенғазыұлы               басқармасының төрағасы

Қосыбаев                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы            ақпарат және спорт министрi

Квятковский               - "Казахстанская правда" республикалық
Олег Вадимович              газетi" АҚ президентi     
      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.06.14. N 1590 жарлығымен.

Об образовании Общественного совета по средствам массовой информации (информационной политике) при Президенте Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года N 993. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 27 января 2011 года № 1142

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 27.01.2011 № 1142.

      В целях обеспечения участия общественности в формировании государственной информационной политики, в соответствии с подпунктом 20) статьи 44 Конституции Республики Казахстан постановляю:
      1. Образовать Общественный совет по средствам массовой информации (информационной политике) при Президенте Республики Казахстан.
      2. Утвердить Положение об Общественном совете по средствам массовой информации (информационной политике) при Президенте Республики Казахстан и персональный состав Общественного совета по средствам массовой информации (информационной политике) при Президенте Республики Казахстан.
      3. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан

Утверждено           
Указом Президента       
Республики Казахстан     
от 10 декабря 2002 года N 993 

Положение
об Общественном совете по средствам
массовой информации (информационной политике)
при Президенте Республики Казахстан

      1. Общественный совет по средствам массовой информации (информационной политике) при Президенте Республики Казахстан (далее - Совет) является консультативно-совещательным органом при Главе государства.
      2. Основными задачами Совета являются:
      1) содействие Президенту Республики Казахстан в формировании государственной информационной политики, совершенствовании общественных отношений в области средств массовой информации;
      2) систематический комплексный анализ деятельности средств массовой информации и выработка рекомендаций для Президента Республики Казахстан по формированию и совершенствованию государственной информационной политики;
      3) внесение Главе государства предложений по совершенствованию законодательства в области средств массовой информации, обеспечению эффективного взаимодействия органов государственной власти и СМИ, а также информационной безопасности страны;
      4) защита интересов и законных прав СМИ и их работников во взаимоотношениях с государственными и иными органами и организациями;
      5) содействие развитию высоких этических и профессиональных принципов в деятельности средств массовой информации, участие в разрешении информационных споров и иных конфликтных ситуаций в области СМИ.
      3. Совет руководствуется в своей деятельности Конституцией и  законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами и настоящим Положением.
      4. Компетенция Совета:
      1) рассматривает адресованное Главе государства и непосредственно Совету обращения по поводу деятельности СМИ и соблюдения законодательства в области средств массовой информации;
      2) составляет ежегодные и оперативные доклады о состоянии и развитии средств массовой информации и информационного рынка;
      3) готовит аналитические материалы и разрабатывает предложения по совершенствованию законодательства в области средств массовой информации, обеспечению эффективного взаимодействия органов государственной власти и СМИ;
      4) выносит экспертно-рекомендательные заключения и предложения, в том числе для СМИ, по разъяснению государственной политики и деятельности Президента Республики Казахстан.
      5. Совет в пределах своей компетенции имеет право:
      1) запрашивать и получать информацию, документы и материалы, необходимые для выполнения возложенных на него функций, от государственных органов, должностных лиц;
      2) заслушивать на своих заседаниях должностных лиц государственных органов, представителей СМИ по вопросам соблюдения законодательства о средствах массовой информации;
      3) направлять своих представителей для участия в совещаниях, конференциях и семинарах, проводимых государственными органами, творческими союзами и иными организациями;
      4) давать оценку решениям государственных органов, касающимся деятельности СМИ, оказывать организационно-методическую, информационную и иную помощь государственным органам по вопросам деятельности СМИ;
      5) образовывать рабочие комиссии по различным аспектам деятельности СМИ, привлекать к их работе представителей научных, исследовательских, неправительственных и иных учреждений и организаций;
      6) публиковать материалы о деятельности Совета в республиканских и региональных СМИ.
      6. Решениями Совета являются рекомендации и заключения, принимаемые на заседаниях Совета и доводимые до сведения Президента Республики Казахстан.
      7. Совет состоит из председателя, секретаря и членов Совета, утверждаемых Президентом Республики Казахстан по рекомендации исполкома Конгресса журналистов Казахстана.
      Председатель и члены Совета участвуют в его работе на общественных началах.
      8. Заседания Совета созываются его председателем по мере необходимости, но не реже двух раз в год. Заседания Совета правомочны при наличии двух третей от общего числа членов Совета. Члены Совета участвуют в его заседаниях без права замены.
      Решения Совета принимаются большинством голосов от общего числа присутствующих членов Совета.
      Председатель Совета подписывает решения и другие документы Совета, определяет вопросы, вносимые на заседания, выполняет иные организационно-распорядительные функции.
      В период отсутствия председателя Совета на заседаниях по его поручению председательствует один из членов Совета. <*>
     Сноска. В пункт 8 внесены изменения - Указом Президента РК от 14 июня 2005 г. N 1590 .
      9. Организационное и информационное обеспечение деятельности Совета осуществляется Социально-политическим отделом Администрации Президента Республики Казахстан. <*> U080533
     Сноска. В пункт 9 внесены изменения - Указом Президента РК от 14 июня 2005 г. N 1590 .

      Утвержден            
Указом Президента       
Республики Казахстан     
от 10 декабря 2002 года N 993

Состав
Общественного совета по средствам
массовой информации (информационной политике)
при Президенте Республики Казахстан <*>
 

           Сноска. Внесены изменения - Указом Президента РК от 14 июня 2005 г. N 1590 .

Абдыкаримов             - Государственный секретарь Республики
Оралбай                   Казахстан, председатель

Калетаев                - заведующий Социально-политическим
Дархан Аманович           отделом Администрации Президента
                          Республики Казахстан, секретарь
 
Члены Совета:
 
Абиш                    - президент издательского дома "Айгак"
Дулат Назарбекович
 
Акимбеков               - главный редактор журнала "Континент"
Султан Магрупович
 
Бандровская             - директор ТОО "Актобе Радио"
Наталья Глебовна
 
Губерт                  - генеральный директор ТОО
Александр Александрович   "Экспресс-К"
 
Доскенов                - председатель правления ЗАО
Галым Толембекович        "Телевидение и радиовещание
                          Казахстана"
 
Ертысбаев               - советник Президента Республики
Ермухамет Кабидинович     Казахстан
 
Жумабаев                - президент Ассоциации
Айдар Абильжанович        телерадиовещателей Казахстана
 
Каирханов Сабыр         - главный редактор газеты "Ак Жайык"
 
Кодар Ауезхан           - культуролог
 
Козлов                  - журналист
Сергей Владимирович
 
Нигматулин              - депутат Мажилиса Парламента
Ерлан Зайруллаевич        Республики Казахстан (по
                          согласованию)
 
Платонов                - политический обозреватель
Артур Станиславович       Коммерческого телевизионного канала
 
Садыканов               - главный редактор газеты "Астана
Магжан Садыканулы         акшамы"
 
Султанов                - председатель Комитета Сената
Куаныш Султанович         Парламента Республики Казахстан по
                          социально-культурному развитию (по
                          согласованию)
 
Харченко                - главный редактор газеты
Сергей Васильевич         "Костанайские новости"
 

Абдрахманов             - президент ОАО "Республиканская
Сауытбек                  газета "Егемен Қазақстан"

Балиева                 - Министр юстиции Республики Казахстан
Загипа Яхяновна

Беркинбаев              - главный редактор телекомпании "Сайрам
Едильбай Туймебаевич      ақшамы"

Куликова                - президент ТОО "Собкор"
Валентина Куприяновна

Кунбаев                 - генеральный директор ТОО "Телекомпания
Мирбулат Токмурзаевич     "Эра"

Майлыбаев               - руководитель Пресс-службы - заместитель
Баглан Асаубаевич         Пресс-секретаря Президента Республики
                          Казахстан

Талаева                 - директор ТОО "Телерадиокомпания "Тандем"
Таттыгуль Жаксыбаевна

Шахнович                - главный редактор газеты "Мегаполис"
Игорь Олегович

Шураев                  - директор центрального бюро АО "Агентство
Арман Тулегенович         "Хабар"

Матаев                  - председатель правления Союза журналистов
Сейтказы Бейсенгазыевич   Казахстана

Косубаев                - Министр культуры, информации и спорта
Есетжан Муратович         Республики Казахстан

Квятковский             - президент АО "Республиканская газета
Олег Вадимович            "Казахстанская правда"