Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.01.27 № 1142 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнiндегi Қоғамдық кеңестiң қызметiн одан әрi жетілдiру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнiнде Қоғамдық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 46, 459-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнiндегi Қоғамдық кеңес туралы Ережеде:
8-тармақтағы "үш айда кемiнде бiр мәрте" деген сөздер "жылына екi мәрте" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "Баспасөз қызметi" деген сөздер "Әлеуметтiк-саяси бөлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнiндегi Қоғамдық кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Әбдiкәрiмов Оралбай - Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк хатшысы, төраға,
Қалетаев - Қазақстан Республикасы Президентi
Дархан Аманұлы Әкiмшілiгiнiң Әлеуметтiк-саяси
бөлiмiнiң меңгерушiсi, хатшы,
Абдрахманов Сауытбек - "Егемен Қазақстан" республикалық
газеті" ААҚ президентi,
Балиева - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Зағипа Яхияқызы министрi,
Беркінбаев - "Сайрам ақшамы" телекомпаниясының
Еділбай Түймебайұлы бас редакторы
Дошаев - "Атырау ақпарат" МКК төрағасы,
Ерген Николаевич
Куликова - "Собкор" ЖШС президентi,
Валентина Куприяновна
Күнбаев - "Эра" телекомпаниясы" ЖШС бас
Мiрболат Тоқмырзаұлы директоры,
Майлыбаев - Қазақстан Республикасы Президентi
Бағлан Асаубайұлы Баспасөз қызметiнiң жетекшiсi -
Баспасөз хатшысының орынбасары,
Мұқанов - "Өскен өмiр" газетінің бас
Жұмабек Сейілханұлы редакторы,
Талаева - "Тандем" телерадиокомпаниясы"
Тәттігүл Жақсыбайқызы ЖШС директоры,
Шахнович - "Мегаполис" газетiнің бас
Игорь Олегович редакторы,
Шораев - "Xaбap" агенттiгi" АҚ орталық
Арман Төлегенұлы бюросының директоры;
"Матаев - Қазақстан Журналистер одағы
Сейiтқазы Бейсенғазыұлы басқармасының төрағасы, Кеңес
төрағасы,
Қосыбаев - Қазақстан Республикасы Президентi
Есетжан Мұратұлы Әкiмшiлiгінiң Баспасөз қызметiнiң
жетекшiсi, Кеңес хатшысы",
"Квятковский - "Столичная жизнь" газетiнің бас
Олег Вадимович редакторы"
деген жолдар тиiсiнше мынадай редакцияда жазылсын:
"Матаев Сейiтқазы - Қазақстан Журналистер одағы
Бейсенғазыұлы басқармасының төрағасы
Қосыбаев - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi",
"Квятковский - "Казахстанская правда" республикалық
Олег Вадимович газетi" АҚ президентi";
аталған Кеңестiң құрамынан: Е.В.Доцук, Ж. Қорғасбек, В.А.Рерих, O.Г.Рябченко, Р.Ш.Шамсутдинов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi