Азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудi одан әрi жетілдiру мақсатында және "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасының қысқа мерзiмдi iс-шараларын iске асыруды аяқтауға байланысты қаулы етемін:
1. "Халық денсаулығы" Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 42-43, 381-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Халық денсаулығы" Мемлекеттiк бағдарламасында:
бiрiншi бөлiкте:
1.2-бөлiмде:
алтыншы абзац мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Микронутриенттер жетiспеушілігiмен, оның iшiнде йод және темiр тапшылығымен байланысты аурулардың саны өсуде.";
тоғызыншы абзац мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Республикада құрамында сынап бар қалдықтарды тиiмдi кәдеге жаратуға мүмкiндiк беретiн демеркуризациялық өндiрiс iс жүзiнде болмай отыр.";
"Шешу жолдары" деген тарауы мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қоршаған ортаның сынаппен ластануының алдын алуды қамтамасыз ету және оны азайту.";
1.5-бөлiмнiң "Шешу жолдары" деген тарауының 3-тармағындағы "қамту." сөзi алып тасталып, ", оның iшiнде ересек тұрғындарды дифтерияға, тырысқаққа, құтыруға, iш сүзегiне, В гепатитiне, кене энцефалитiне қарсы вакцинамен қамту, иммуноглобулин мен бактериофаг ауруларының алдын алу." деген сөздермен толықтырылсын;
1.7-бөлiмнiң "Қол жеткiзу жолдары" деген тарауы мынадай мазмұндағы 9, 10, 11-тармақтармен толықтырылсын:
"9. Жүктi әйелдердi жатырiшiлiк инфекцияларға, ұрық дамуының туа бiткен кемiстiгiне, жыныстық жолмен берiлетін инфекцияларға орай тексерудi ұйымдастыру.
10. Жаңа туған нәрестелерде неғұрлым жиi кездесетiн туа бiткен және тұқым қуалаушы аурулардың скрининг-диагностикасын жүргізу.
11. Әйелдердi босандыру ұйымдарында жүктi, босанатын, босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелердi барлық қажеттi дәрiлiк препараттармен қамтамасыз ету.";
1.9-бөлiмнiң "Қол жеткiзу жолдары" деген тарауы мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орган халықаралық практиканың негiзiнде емшек сүтiн алмастырғыштарды сату жөнiндегi ереженi әзiрлесiн.";
1. 11-бөлiмде:
"Негiзгi басымдықтар" деген тарау мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Туберкулездiң поли-, мультирезистенттiк және созылмалы нысандарымен ауыратын науқастарды емдеуге бағытталған емдеу-алдын алу iс-шараларын ұйымдастыру және iске асыру.";
"Қол жеткiзу жолдары" деген тарауы мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрестi күшейтуге бағытталған 2004-2006 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзiрлеу.";
1.12-бөлiмiнде:
"Мәселенiң жай-күйi" деген тарау мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Психикалық-сезiмталдық ауыртпалықтан, тұрақты тамақтанбаудан, қимыл-қозғалысы аз өмiр сүру салтынан, тiршiлiк ету ортасының зиянды әсер факторларынан, кәсiби факторлардан және әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлардан, есiрткi және психотроптық заттарға әуестiктен пайда болатын аурулар мен өлiм-жiтiм деңгейi өсуде. Жүрек-қан тамырлары жүйесi патологиясының, әcipece, қайтыс болу себептерiнiң 20-50 процентi үлесiне келетiн артериялық гипертонияның таралуы денсаулық сақтау жүйесiнiң көкейкестi проблемасына айналуда. Соңғы онжылдықтар ішiнде онкологиялық аурулардың да өсу үрдiсi байқалып отыр. Қалыптасқан ахуал адамның өмiр сүру салтымен тiкелей байланысты ауруларды азайтуға және олардың алдын алуға бағытталған шұғыл шаралар қабылдауды талап етедi.";
"Қол жеткiзу жолдары" деген тарауы мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Халық денсаулығын сақтау және нығайту, өмiр сүру салтымен тiкелей байланысты болатын аурулардың алдын алу мен оның деңгейiн төмендету жөнiнде кең ауқымды шаралар кешенiн енгiзу";
мынадай мазмұндағы 1.13-бөлiммен толықтырылсын:
"1.13. Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсетудi
жетiлдiру
Халықтың жалпы науқастану құрылымында жарақаттанушылық үлес салмағының көбеюi ауылдық жерлердiң тұрғындары үшiн iс жүзiнде қол жетпеске айналған, ал қалаларда халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтiн мамандандырылған және шұғыл медициналық жедел көмектi жетiлдiру мен оның тиiстi деңгейiн қамтамасыз етудi талап етедi.
Қалыптасқан жағдайды және мамандандырылған, әcipece, нейрохирургиялық және кардиохирургиялық патологиясы бар науқастарға көрсетілетiн көмектiң сапасын талдау еңбек жасындағы науқастардың өлімі мен мүгедектiгiне әкелетiн келеңсiз үрдiстердiң ушығуын көрсетiп отыр.
Негізгі басымдықтар:
1. Орталық, шеткi нерв жүйесi науқасы және кардиохирургиялық патологиясы бар аурулардың алдын алу және науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету.
2. Жедел және шұғыл медициналық көмектiң жеделдiгi мен сапасын арттыру.
Қол жеткiзу жолдары:
1. Бас-ми жарақаттануы, нейроонкологиялық, цереброваскулярлық аурулармен ауыратын және нерв жүйесi дамуында ақаулары бар науқастарға оңалту көмегiн көрсетудi қамтамасыз ету.
2. Нейрохирургиялық және кардиохирургиялық патологиясы бар науқастарды диагностикалау мен емдеу сапасын жақсарту.
3. Оңалту мерзiмдерiн қысқарту және мүгедектiктi азайту.
4. Жедел медициналық көмек қызметiн тиiмдi ұйымдастыру және оны жедел басқаруды қамтамасыз ету.
5. Жедел медициналық көмек көрсету ұйымдары қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың білiктілiгiн арттыру жүйесiн жетiлдiру.
6. Жедел медициналық көмек көрсету ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтарын жаңалау.";
екiншi бөлiкте 2.1-бөлiм мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Сонымен бiрге республикада республикалық және жергiлiктi деңгейдегi медициналық ұйымдарды дамыту мен жаңғырту мәселесi өткiр қойылған. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілі ғимараттардың көпшiлiгi ұзақ уақыт пайдаланылғанына және олардың қанағаттанғысыз жай-күйi өз кезегiнде, емдеу-алдын алу ұйымдары көрсететiн қызметтердiң сапасына, науқастардың келуi мен оларға сервистiк қызмет көрсету жағдайына әсер ететiндiгiне назар аударған жөн.
Осылайша, медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жай-күйi диагностиканың, зертханалық бақылаудың қазiргi заманғы әдiстерiн отандық денсаулық сақтауға толық көлемде енгiзуге және халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесiн жаңғыртуға, көрсетiлетiн қызметтiң сапасын арттыруға мүмкiндiк бермей отыр.
Мақсаты: емдеу-алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
Негiзгi басымдықтар:
емдеу-алдын алу мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы халыққа медициналық көмек көрсетудiң сапасы мен қол жетімділiгін жақсарту;
Шешу жолдары:
1. Ауылдық жерлерде емдеу-алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiндегi жұмыстар жалғастыру.
2. Ауылдық денсаулық сақтау объектiлерiне телефон орнату, оларды суық және ыстық сумен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау.";
2.6-бөлiмнiң "Шешу жолдары" деген тарауы мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында фельдшерлiк-акушерлiк пункттердi, ауылдық учаскелiк ауруханаларды, отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларды, консультативтiк-диагностикалық орталықтар мен емханаларды медициналық жабдықпен жарақтау.
5. Науқастардың стационарда және амбулаториялық емдеуде болу мерзiмдерiн қысқарту есебiнен мемлекеттiң халыққа медициналық көмек көрсету шығыстарын азайту мақсатында науқастануды қазiргi заманғы диагностикалау мен емдеу үшiн мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында диагностикалау және емдеу жабдықтарын жаңарту қажет.";
2.7-бөлiмде:
"Мәселенiң жай-күйi" деген тарау мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Республикада қант диабетiмен науқастану жөнiндегi жағдайды талдау науқастардың жыл сайын орташа есеппен алғанда 10-12 процентке өсуiн көрсетедi, бұл инсулин сатып алуға жұмсалатын шығындарды ұлғайтуды қажет етедi. Бұдан басқа, диабеттi бақылау мен өзiндiк бақылау құралдарының айқын тапшылығы орын алып отыр, атап айтқанда, тiркелiм деректерi бойынша науқастардың 2,6 процентiнде ғана глюкометрлер бар. Бұл олардың едәуiр дәрежеде инсулин мөлшерiн уәжсiз арттыруына әкелiп соқтырады.
Осыған орай, қант диабетiмен ауыратын науқастар үшiн сапасы жоғары инсулин препараттары мен оларды жеткiзу құралдарын сатып алу практикасын жалғастыру қажет.
Диабетке қарсы таблеткiленген препараттарды, диабеттi бақылау мен өзiндiк бақылау құралдарын сатып алуды жергiлiктi бюджеттер есебiнен жүзеге асыру қажет.
Бүйрек ауыстырып салу жағдайларын және иммундық-супрессивтiк терапия жүргiзу қажеттiлiгін қоса алғанда, бүйрек патологиясы бар науқастарға мамандандырылған көмек көрсетудi жетiлдiру өзектi проблема болып табылады, бұл бүйрек қызметі жеткілiксiз науқастар мен бүйрегi ауыстырылған пациенттердi республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын иммундық-супрессивтiк препараттармен, диализаторлармен және шығындалатын материалдармен қамтамасыз етудi қажет етедi.
Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу жөнiнде қабылданған шаралар халық арасында бұл аурудан қайтыс болуды азайтуға мүмкiндiк бердi, алайда, туберкулездiң мультирезистенттiк нысандарын емдеу проблемасы шешiлмей отыр. Осыған байланысты, туберкулезге қарсы, соның iшiнде туберкулездiң мультирезистенттiк нысандарын емдеу үшiн қажет препараттарды орталықтандырылған сатып алуды қамтамасыз ету қажет.
Онкологиялық науқастар мен лейкемиядан зардап шегушi балаларды тиiмдiлiгi жоғары цитостаттық препараттармен орталықтандырылған қамтамасыз ету мәселелерi өзектi күйiнде қалуда.";
"Шешу жолдары" деген тарау мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Диабетпен, туберкулезбен, бүйрек патологиясы бар, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар және лейкемиядан зардап шегушi балалар үшiн дәрiлiк препараттар мен шығындалатын материалдарды орталықтандырылған сатып алуды қамтамасыз ету.";
бесiншi бөлiкте:
"Мәселенiң жай-күйi" деген тараудың бiрiншi абзацында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Республика заңдарында айқындалған тегiн медициналық көмектің кепілдiк берілген көлемiне деген халықтың қажеттілiгін жаппайтын жеткiлiксiз қаржыландыру.";
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Медициналық қызметтердi ұсыну бойынша шығындарды өтеу саласында бiрыңғай тарифтiк саясаттың болмауы.";
"Негiзгi басымдықтар" деген тарауда:
мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Халыққа көрсетiлетiн медициналық көмектiң қол жетiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қамтамасыз ететiн денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесiн құру.
4. Үш жыл iшiнде тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қаржылық қамтамасыз етуге кезең-кезеңiмен қол жеткiзу.";
"Шешу жолдары" деген тарауда:
орыс тіліндегi мәтiнде "5" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Медицина ұйымдарында ақпараттық қамтамасыз ету мен есепке алуды жетілдipу.";
мынадай мазмұндағы 6-бөлiммен толықтырылсын:
"6-бөлiм. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыру республикалық бюджеттің қаражатынан 2003 жылы - 15273312 мың теңге, 2004 жылы - 20887139 мың теңге, 2005 жылы - 20887139 мың теңге қаржыландыруды (кесте) қажет етедi.
Бағдарламаны 2004-2005 жылдары iске асыру үшiн қажеттi бюджет қаражатының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
мың теңге
___________________________________________________________________
N| Iс-шаралардың атауы | 2003 жыл | 2004 жыл | 2005 жыл
___________________________________________________________________
1. Халықты иммундық егуді, 638196 638196 638196
соның iшiнде дифтерияға,
тырысқаққа, құтыру, іш
сүзегi мен кене
энцефалитiне және В
гепатитiне қарсы
вакциналармен қамтамасыз
ету
2. Мемлекеттiк емдеу-алдын 1404122 1382101 1382101
алу ұйымдарын қазiргi
заманғы медициналық
жабдықпен және
санитарлық автокөлiкпен
қамтамасыз ету
3. Дәрiлiк препараттар мен 3795056 3795056 3795056
шығындалатын материалдарды,
соның iшiнде:
диабетпен- 1167691 1167691 1167691
туберкулезбен- 1293673 1293673 1293673
бүйрек патологиясымен- 400206 400206 400206
онкологиялық аурулармен 800000 800000 800000
ауыратын науқастарға және
лейкемиядан зардап шегушi
балалар 133486 133486 133486
үшiн сатып алуды
қамтамасыз eту
4. Халыққа медициналық 71786 71786 71786
қызмет көрсетудi басқаруды
жетілдіру
5. Тегiн медициналық 10000000 15000000 15000000
көмектiң кепiлдiк берілген
көлемiн қаржыландырудың
қажеттi деңгейiн қамтамасыз
ету, соның iшiнде 1,
3-тармақтарда ескерілгенi 635848 ".
___________________________________________________________________
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті