Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес, өзінің тарихи отанына қайтып оралуға тілек білдірген оралмандар отбасыларының қоныс аударуын және жайласуын ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы 5000 отбасы мөлшерінде белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп:
1) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілгендерді қабылдауды, жайластыруды және орналастырылған жерлерде олардың бейімделуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін, сондай-ақ өзінің тарихи отанына мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде қоныстандыруды жүзеге асырсын;
2) бір ай мерзімде аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып, оралмандарды орналастыру схемасын әзірлесін;
3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 10 ақпандағы
N 1017 Жарлығына
ҚОСЫМША
Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу
квотасы (отбасы)
___________________________________________________________________
Облыстардың, !Иран Ислам! Пәкстан !Ауғанстан! Қытай !Монғолия
қалалардың !Республи. !Ислам Рес. ! !Халық Рес.!
атаулары ! касы !публикасы ! !публикасы !
-------------------------------------------------------------------
1 Ақмола 14
2 Ақтөбе
3 Алматы 20 28
4 Атырау
5 Шығыс
Қазақстан 42
6 Жамбыл
7 Батыс
Қазақстан
8 Қарағанды
9 Қызылорда
10 Қостанай
11 Маңғыстау 38
12 Павлодар
13 Солтүстік
Қазақстан
14 Оңтүстік
Қазақстан 10 65
15 Астана қаласы 7 5
16 Алматы қаласы 7 5
------------------------------------------------------------------
Жиынтығы 38 10 65 76 52
------------------------------------------------------------------
(таблицаның жалғасы)
__________________________________________________________________
N !Түрік Рес.!Ресей Фе. !Түркі. !Өзбекстан!Қырғыз !Тәжік.!Бар.
!публикасы !дерациясы !менстан!Республи.!Республи.!стан !лығы
! ! ! !касы !касы ! !
------------------------------------------------------------------
1 38 556 608
2 20 18 190 228
3 20 5 80 153
4 76 76
5 5 47
6 5 165 15 5 190
7 110 59 169
8 565 565
9 94 94
10 94 564 658
11 5 53 256 352
12 85 480 565
13 100 540 640
14 10 10 371 5 471
15 20 5 52 5 94
16 10 10 5 43 10 90
------------------------------------------------------------------
Жиынтығы 40 492 91 4096 30 10 5000
------------------------------------------------------------------