Халықтың көшi-қоны туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 204 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2011.07.22 № 477-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы заңға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, көшi-қон процестерiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн, сондай-ақ оралмандар үшін жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды белгiлейдi.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бейімдеу қызметтері - оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелеріне оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында көрсетілетін, құқықтық консультацияны, мемлекеттік тілді және қалауы бойынша орыс тілін оқытуды, кәсіптік даярлауды, қайта
даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын қызметтер кешені;
      2) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.04 N 217-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      3) еңбек көші-қоны - жеке тұлғалардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс ауыстыруы;
      4) заңсыз көшіп келушілер - келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      5) көші-қон - жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мәжбүрлі қоныс ауыстыруы;
      6) көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
      7) көшіп келушілер - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      8) көшіп кету - Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін кетуі;
      9) көшіп кетушілер - Қазақстан Республикасының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кеткен азаматтары;
      10) көшіп-қонушылар - Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ себептеріне және уақытының ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударған адамдар;
      11) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
      12) оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы - оралмандардың және олардың отбасылары мүшелерінің уақытша тұруына және оларға бейімделу қызметтерін көрсетуге арналған орын;
      13) оралмандардың көшіп келу квотасы - Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін, осы Заңға сәйкес жеңілдіктермен, өтемақылармен және біржолғы жәрдемақылармен
қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының саны;
      14) отбасымен көшіп келу - Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзінің отбасы мүшелерімен қосылу үшін отбасы мүшесінің және мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі;
      15) уақытша орналастыру орталығы - өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың және олардың отбасылары мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болу орны;
      16) ұжымдасып көшіп келу - Қазақстан Республикасына ұйымдасып қоныс аудару;
      17) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; .U101039
      18) ішкі көші-қон - жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық қоныс ауыстыруы.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.06 N 276, өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.04 N 217-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Халықтың көшi-қонын реттейтiн заңдар

      Көшi-қон саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

      3-бап. Халықтың көшi-қонын реттеудiң негiзгi принциптерi

      Халықтың көшi-қонын реттеу:
      - Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген адамның тұратын жерiн еркiн таңдау құқығын, еңбек бостандығын, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауын, кету бостандығын, жүрiп-тұру бостандығын қамтамасыз ету;
      - шығу тегiне, әлеуметтiк, қызмет және мүлiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарай қандай да бiр кемсiтуге жол беруге болмайтындығы;
      - Қазақстан Республикасы көшi-қон заңдарының республиканың қазiргi әлеуметтiк-экономикалық жағдайын, оның өткен тарихы мен дәстүрлерiн, даму перспективаларын ескере отырып, Көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйымның халықаралық нормалары мен ұсыныстарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету;
     - ұлты қазақ адамдарды Қазақстан Республикасына қоныстандыруға жан-жақты жәрдемдесу, олардың қоныс тебуін ұйымдастыру, жұмыс орындарын ашу, оралмандарды әлеуметтік қамсыздандыру және оларға әлеуметтік көмек көрсету;
      - әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруiне байланысты ықтимал көшi-қон мен көшi-қон лектерiнiң бағыттарын болжауға негiзделген iс-әрекеттердiң орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларында әлеуметтiк-экономикалық ынталандыруды талдап жасау негiзiнде ел iшiнде де, одан тыс жерлерде де жөн-жосықсыз және ретсiз процестердi болғызбау;
      - көшi-қон процестерiн ретке келтiрудi ұйымдастыруға тиiстi мемлекеттiк органдардың қатысуы;
      - бастаманы мемлекеттiк атаулы қолдау жағдайында көшiп-қонушылардың жаңа қоныста жайласуға жеке өзiнiң қатысуы және әрқайсысының, ең алдымен экологиялық және дүлей зiлзала аймақтарынан қоныс аударушылардың өз бетiнше iс-әрекет етуi;
      - басқа елдермен, әсiресе көшiп келушiлердi қабылдаушы елдермен оқып бiлiм алу, кәсiби даярлық, еңбек көшi-қоны түрiнде заңсыз көшiп-қонуды азайту саласында ынтымақтастық жасау принциптерiне негiзделедi.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      4-бап. Көші-қон субъектілері және оларды тіркеу

      Басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшiп келушiлерге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оралмандар мәртебесi не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген өзге де мәртебе берiледi.
      Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге заңды негiздерде қоныс аударған адамдар көшiп кетушiлер мәртебесiн алады. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметкерлерi, шет елдерде уақытша еңбек қызметiн жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары, бiтiмгершiлiк борышын орындап жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ шет елдерде оқып, емделiп жүрген, туристiк сапарда, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша, қызметтiк iссапарда жүрген адамдар көшiп кетушілерге жатпайды.
      Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен көшi-қон карточкалары берiледi.
      Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбiр көшi-қон субъектiсi өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде тiркелуге мiндеттi. Көшi-қон субъектiлерiн тiркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Жеке басты куәландыратын құжаттар тiзбесiн және тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адамдардың және босқындардың құқықтық жағдайы "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12. N 227, өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.04 N 217-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Еңбек көші-қоны

      5-бап. Еңбек көшi-қонын жүзеге асыру тәртiбi

      Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Еңбек көшi-қонын реттеу кезiнде iшкi еңбек рыногын қорғауға басым мән берiледi. Бұл орайда еңбекшiлердi - Қазақстан Республикасы аумағына заңды түрде жiберiлген көшiп келушiлердi еңбек рыногындағы жағдайға байланысты көшiрiп жiберуге жол берiлмейдi.
      Осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметi еңбек көшi-қоны ретiнде қаралмайды.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде
              еңбек қызметiн жүзеге асыруы

      Әскери қызметтегi адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар.
      Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметiн жүзеге асыру мақсатымен шетелге баруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.

      7-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
              Қазақстан Республикасына еңбек көшi-қоны бойынша
              келу шарты

      Қазақстан Республикасына азаматтығын ауыстыруға байланыссыз, еңбек көшi-қоны ретiмен келген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер мемлекетаралық келiсiмдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрғылықты жерi болуға тиiс.
      Қазақстан Республикасына келген және жергілікті атқарушы органдардың тиiстi рұқсатынсыз еңбек қызметiн жүзеге асырушы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, егер мемлекетаралық келiсiмдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан кетiруге тиiс.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 276 (орыс тіліндегі мәтінге өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді) Заңымен.

      8-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
              Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiк
              қызметтi жүзеге асыруының шарттары

      Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бола алады.
      Бұл ретте заңды тұлға құрмай шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.     
      Шетелдiк жұмыс күшiн тартатын, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз қаражаты есебiнен қазақстандық азаматтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 N 227 Заңымен.

3-тарау. Көшiп келу

      9-бап. Оралмандардың көшiп келу квотасын белгiлеу

      9-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасын белгілеу

      1. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша оралмандардың алдағы жылға және (немесе) перспективаға арналған көшіп келу квотасын белгілейді.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандардың көшіп келу квотасын уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша таратып бөледі.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.06 N 276 Заңымен.

      10-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері

      Тұруға ықтиярхат алған көшіп келушілер Қазақстан Республикасында барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттерді мойнына алады.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      11-бап. Көшiп келушiлер болып табылмайтын адамдар

      Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер олар:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлiмдерде әскери қызметте тұрса;
      2) дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың құрамына кiрсе;
      3) Қазақстан Республикасында оқуда немесе өндiрiстiк практикада жүрсе;
      4) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырса;
      5) Қазақстан Республикасында ресми тiркелген дiни бiрлестiктерде кәсiби қызметтi жүзеге асырса;
      6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел бұқаралық ақпарат құралдарының, радиосы мен теледидарының өкiлдерi болса;
      7) Қазақстан Республикасына турист ретінде, қайырымдылық әрі ізгілік көмек көрсету және іскерлік кездесулерді жүзеге асыру мақсатында келсе;
      8) теңiз және өзен кемелерi, әуе, темiр жол және автомобиль көлiктерi экипаждарының мүшелерi болса, көшіп келушілер болып табылмайды.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды көшiп келушiлер деп танымайтын басқа да жағдайларды белгiлеуi мүмкiн.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.03.27 N 313, 2007.01.12 N 227 Заңдарымен.

      12-бап.
      Ескерту. 12-бап алынып тасталды - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      13-бап. Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету

      Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат, сондай-ақ ұйымдардың, соның ішінде шетелдік ұйымдардың ерікті аударымдары, жеке адамдардың қайырмалдығы есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      14-бап. Оралман мәртебесін беру және (немесе)
               оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу

      1. Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жеке өзі уәкілетті органның аумақтық органына береді. Жеке өзі жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші уәкілетті өкілге жүгінуге нотариалды расталған сенімхатты оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішпен қоса береді.
      2. Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралманның отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарауды, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешім қабылдауды уәкілетті органның аумақтық органы уәкілетті органның аумақтық органында тіркелген күнінен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.
      Оралман мәртебесін беру өтініш берушілер осы Заңның 1-бабының
11) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
      Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген критерийлерді ескере отырып және тәртіппен жүзеге асырылады.
      Оралмандардың көшіп келу квотасына оралман отбасының Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын мүшелері енгізілмейді.
      3. Оралманға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша куәлік беріледі. Оралманның куәлігі қатаң есептілік құжаты болып табылады және оның мәртебесін растау үшін негіздеме болады.
      4. Оралман мәртебесі ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады.
      5. Уәкілетті органның аумақтық органдарының шешімдеріне уәкілетті органға және (немесе) сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.06 N 276 Заңымен.

      15-бап. Оралмандардың, олардың отбасылары мүшелерінің
               құқықтары мен міндеттері

      1. Оралмандардың және олардың отбасылары мүшелерінің жеңілдіктерді, өтемақыларды, біржолғы жәрдемақыларды, сондай-ақ жәрдемақылар мен атаулы көмектің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да түрлерін алуға құқығы бар.
      Осы Заңның 29-4-бабында көзделген қосымша жеңілдіктерді, өтемақылар мен біржолғы жәрдемақыларды қоспағанда, жеңілдіктерді, өтемақыларды, жәрдемақыларды және атаулы көмектің басқа да түрлерін алу құқығы оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуына қарамастан, оралман мәртебесі берілген күннен бастап үш жыл бойы сақталады.
      2. Оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелері:
      1) уәкілетті органның аумақтық органдарына оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өз өтініштерін қарау үшін қажетті отбасының барлық мүшелеріне дұрыс мәліметтерді табыс етуге;
      2) денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өтуге, екпелер қабылдауға, емделу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға;
      3) оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына жолдама алған кезде үш күннің ішінде сонда қоныстануға және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген кезеңі аяқталғаннан кейін өздеріне берілген үй-жайды босатуға;
      4) уақытша орналастыру орталығында және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.06 N 276 Заңымен.

      15-1-бап. Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы

      Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы мемлекеттік мекеме нысанында құрылады.
      Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету тәртібі мен уақытын уәкілетті орган айқындайды.
      Ескерту. 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.06 N 276 Заңымен.

      16-бап.

      Ескерту. 16-бап алынып тасталды - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      17-бап.

      Ескерту. 17-бап алынып тасталды - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      18-бап. Лауазымды адамдардың заңсыз көшіп келушілерді
               жұмысқа қабылдағаны үшін жауапкершілігі

      Меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасы аумағына заңсыз келген көшiп келушiлердi жұмысқа қабылдау жөнiндегi қасақана iс-әрекеттерi, сондай-ақ лауазымды адамдардың олардың қатысуымен нотариаттық немесе қандай да бiр заңдық iс-әрекеттер жасауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапкершiлiкке әкеп соғады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.03.27 N 313, 2007.07.06 N 276 (орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді) Заңдарымен.

4-тарау. Көшiп келудiң түрлерi. Көшiп келушiлердiң келу
тәртiбi. Тұруға ықтиярхаттар

      19-бап. Отбасымен көшiп келу

      Көшiп келушiнiң отбасын мына адамдар құрайды: жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары және оның қарауындағы (соның iшiнде асырап алған) балалары, сондай-ақ ата-аналары немесе бұрынғы тұрған жерiнде оларды бағып-күтуге мiндеттi қорғаншылары жоқ кәмелетке толмаған аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi.
      Қазақстан Республикасына он сегiз жасқа дейiнгi балалардың қоныс аударуы олардың ата-анасының және асырап алушыларының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) келiсiмi бойынша шешiледi. Бұл орайда он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балаларға олардың нотариат куәландырған келiсiмi ұсынылады. Дербес отбасын құрмайтын, бiрақ Қазақстан Республикасына ата-анасынан (қорғаншыларынан немесе қамқоршыларынан) бөлек қоныс аударатын он сегiз жасқа толмаған жасөспiрiмдерге қатысты олардың ата-анасының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) ресми куәландырылған жазбаша келiсiмi талап етiледi.

      20-бап. Ұжымдық көшiп келу

      Ұжымдық көшiп келу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарихи отанына ұжымды түрде қайтып оралуға тiлек бiлдiрген адамдарды ұйымдастырып көшiру туралы шешiмiне сәйкес жүзеге асырылады.

      21-бап. Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасына
               келу тәртiбi

      Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасы аумағына келуiн ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      22-бап. Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның
               Қазақстан Республикасына келуiне бас тарту
               негiздерi

      Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына:
      а) мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделерiне орай;
      б) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
      в) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгiне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
      г) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандырса;
      д) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
      е) егер ол террористiк әрекетi үшiн сотталған болса не сот оны аса қауiптi рецидивист деп таныса;
      ж) егер ол, оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан шығып кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды табыс етпесе;
      з) егер оның Қазақстан Республикасында бұрын болған кезiнде шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге де заңнамаларын бұзған фактiлерi анықталса;
      и) егер ол келу туралы өтiнiш жасаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарласа немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе, келуiне бас тартылуы мүмкiн.
      Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шығарып жiберу туралы шешiм шығарылған күннен бастан бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 N 227 Заңымен.

      23-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
               Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына
               арналған құжаттар

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға уәкілетті органнан рұқсат алған шетелдіктерге шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға - азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі.
      Шетелдiкке Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.03.27 N 313, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      24-бап. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға
               Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат
               беруден бас тартудың не тұрақты тұруға рұқсатты
               жоюдың негiзi

      Шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға:
      1) көрiнеу заңсыз көшiп-қонушыларға, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған адамдарға;
      2) сотталғанға дейiн тұрақты тұратын жерi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
      3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға;
      4) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауды Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде табыс етпеген адамдарға;
      5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдарының қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында эпидемияның таралуына себепшi болуы мүмкiн сырқаты бар адамдарға;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органның, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шешiмдерi негiзiнде шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған адамдарға;
      7) мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандыратын адамдарға;
      8) әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға;
      9) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның бiрлiгi мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға;
      10) террористiк әрекетi, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталғандығы бар адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берiлген рұқсат жойылуы мүмкiн. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, сотталғандығының болуы немесе болмауы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады;
      11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтiнiшхатпен жолданған кезiнде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде қажеттi құжаттарды дәлелсiз себептермен тапсырмаған адамдарға;
      12) Қазақстан Республикасынан бұрын шығарып жiберiлген адамдарға;
      13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берiлген рұқсат жойылуы мүмкiн.
      Тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 N 227 Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      25-бап. Саяси баспана беру

      Қазақстан Республикасының шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруi туралы өтiнiшiн қанағаттандыруды немесе қабылдамауды әрбiр нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi.

      26-бап.

      Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      27-бап. Оралман отбасының оралмандардың көшіп
               келу квотасына енгізілетін мүшелері

      Оралмандардың көшіп келу квотасына оралман отбасының мынадай бірге тұратын мүшелері енгізіледі:
      1) жұбайы (зайыбы);
      2) ата-анасы;
      3) балалары (оның ішінде асырап алынған) және олардың отбасыларының мүшелері;
      4) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек, отбасылары жоқ аға-інілері мен әпке-қарындастары (сіңлілері).
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.06 N 276 Заңымен.

      28-бап.

      Ескерту. 28-бап алынып тасталды - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      29-бап.

      Ескерту. 29-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      29-1-бап. Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып
                 жiберу

      Көшiп келушiлердi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 29-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.11.10 N 255, өзгерту енгізілді - 2007.01.12 N 227, 2007.07.06 N 276 Заңдарымен.

4-1-тарау. Оралмандарға және олардың отбасыларының
мүшелеріне берілетін жеңілдіктер, өтемақылар, біржолғы
жәрдемақылар, сондай-ақ жәрдемақылар мен атаулы көмектің
басқа да түрлері

      Ескерту. 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), тақырыбы жаңа редакцияда - 2007.07.06 N 276 Заңдарымен.

      29-2-бап. Орталық мемлекеттiк басқару органдары

      Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн орталық мемлекеттiк органдар оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне:
      1) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
       Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақы төлеудi;
      "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеудi;
      "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төлеудi;
      азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өтемақыға құқықтарын iске асыруды;
      оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді;
      2) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган:
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде квoтa бөлудi;
      3) Сыртқы iстер министрлiгi:
      Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшiн консулдық алымдардан босатуды; Қараңыз.V106372P090197
      4) Қорғаныс министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыруды қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 29-2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 276, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      29-3-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар

      1. Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуды;
      2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудi;
      жұмысқа орналасуда, бiлiктiлiгiн арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсетудi;
      мұқтаж болғандарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын берудi;
      мемлекеттiк тiлдi және орыс тiлiн оқып-үйренуге жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
      2. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына оралмандардың көшiп келу квотасынан тыс көшiп келген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне жеңiлдiктер мен өтемақылар белгiлеуге құқылы.
      3. Оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша өсiру және саяжай салу үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерiнен, көшiп келушiлер жер қорынан, арнаулы жер қорынан және жер запасынан уақытша қайтарымсыз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 29-3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 276 Заңымен.

      29-4-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша
                 келген оралмандарға және олардың отбасыларының
                 мүшелеріне берілетін қосымша жеңілдіктер,
                 өтемақылар мен біржолғы жәрдемақылар

      Мемлекет оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелеріне осы Заңның 29-2 және 29-3-баптарында көзделген жеңілдіктермен, өтемақылармен, жәрдемақылармен және атаулы көмектің басқа да түрлерімен қатар:
      1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
      мүлікті шекара арқылы кеден төлемдерін алмай өткізуді;
      2) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде
малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеуді;
      тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлуді;
      біржолғы жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз етеді.
      Оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу, тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайды.
      Ескерту. 29-4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.06 N 276 Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. Көшiп кету

      30-бап. Эмигранттардың кетуiн ресiмдеу тәртiбi

      Көшіп кетушілердің кетуiн ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. 5-тарауға және 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      31-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан
               Республикасынан кетуiн қаржыландыру

      Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасынан кетуiне байланысты шығындарды қаржыландыру көшіп кетушілердің өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, басқа көздерден де жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн кететiн Қазақстан Республикасының азаматтары өздерiне және өз отбасыларының мүшелерiне тиесiлi меншiк құқығы бар мүлкi мен соларға теңестiрiлген мүлiктiк игiлiктерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз есебiнен әкетуге құқылы.
      Азаматтардың мемлекет үшiн мәдени, тарихи немесе өзге де жағынан құнды заттарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуi Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен және мемлекетаралық шарттармен реттеледi.
      Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн кеткен адамдардың Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлiкке құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      32-бап. Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден
               бас тарту негiздерi

      Қазақстан Республикасының азаматына заңдарға сәйкес мынадай жағдайларда, егер ол:
      1) мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi бiлетiн болса - осы мән-жайлардың күшi тоқтатылғанға дейiн;
      2) қылмыс жасау сезiгi бойынша ұсталып не айыпкер ретiнде тартылса - iс бойынша шешiм шығарылғанға немесе сот үкiмi заңды күшiне енгенге дейiн;
      3) қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазасын өтегенге немесе жазадан босатылғанға дейiн;
      4) өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi атқарудан жалтарып жүрсе, - мiндеттемелердi орындағанға дейiн немесе тараптардың келiсiмге қол жеткiзуiне дейiн;
      5) мiндеттi мерзiмдi әскери қызметтен өтiп жүрсе - осы қызметтен өтудi аяқтағанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес одан босатылғанға дейiн;
      6) Қазақстан Республикасынан кетуге құжаттар ресiмдеу кезiнде өзi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер хабарласа - осындай құжатты ресiмдеушi орган мәселенi шешкенге дейiн, бiрақ бiр айдан аспайтын уақытқа;
      7) азаматтық сот iсiнде жауапкер болып табылса - iс бойынша шешiм шығарылғанға немесе сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден бас тартылуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының азаматына салықтық берешегі болған кезде басқа елге тұрақты тұру үшін одан тыс жерлерге шығуға рұқсат етілмеуі тиіс.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа елге кетуiне, онда төтенше жағдай қалыптасқан болса, соның салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтары ол елге бара қалған жағдайда олардың қауiпсiздiгiне қатер төнуi мүмкiн болса, уақытша шектеу енгiзуге құқылы.
       Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. Көшi-қон процестерiн басқару

      33-бап. Уәкілетті орган

      Қазақстан Республикасында көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.06 N 276 Заңымен.

      34-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:
      1) Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін талдайды және оған болжам жасайды;
      2) халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар талдап жасайды;
      3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және жүзеге асырады;
      4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
      5) оралмандардың көшіп келу квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар талдап жасайды;
      6) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;
      7) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу тәртібін айқындайды;
      8) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болу және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету тәртібі мен уақытын айқындайды;
      9) келген оралмандарды тіркеуді, есепке алуды жүзеге асырады;
      10) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      11) уәкілетті органның аумақтық органдарының оралман мәртебесін беруден және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тартуы туралы шағымдар бойынша шешімдер қабылдайды;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.06 N 276, өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.04 N 217-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      35-бап.

      Ескерту. 35-бап алынып тасталды - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      36-бап. Өтiнiштi қарауға байланысты шығындарды төлеу
               тәртiбi

      Оралмандар деп танылған адамдар өтiнiштi қараудың барлық сатыларында мемлекеттiк органдар шегетiн шығындарды төлеуден босатылады.
      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.03.27 N 313 Заңымен.

      37-бап. Құқық бұзғаны үшiн жауапкершiлiк негiздерi

      Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған, әкiмшiлiк немесе өзге де құқық бұзған көшiп келушiлер Қазақстан Республикасы бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленген жағдайлардан басқа реттерде, Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде жауапкершiлiкті болуға тиiс.

      38-бап. Халықтың көшi-қоны туралы халықаралық шарттар

      Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар оның заңдары алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн оған заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көшi-қонның осы Заңдағыдан өзге ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      39-бап. Дауларды шешу

      Көшi-қон мәселелерi жөнiндегi даулар осы Заңда белгiленген тәртiппен және сот тәртiбiмен шешiледi.

      40-бап. Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз
               келгенi және Қазақстан Республикасынан заңсыз
               кеткенi үшiн жауапкершiлiк

      Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгенi немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан заңсыз кеткенi үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      41-бап. Iшкi көшi-қон

      Халықтың iшкi көшi-қоны саласындағы қатынастарын реттеудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады