Қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін ажырату сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін ажырату сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісімге қол қойылсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі Қайрат Қуатұлы Әбусейітовке Келісімнің мәтініне қағидатты емес сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін ажырату сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
(РҚАО-ның ескертуі: Келісім жобасының мәтіні қоса берілмеген.
Қараңыз. P030195 )