Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн ажырату сызықтарының түйiсу нүктесi туралы келiсуге қол қою туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 24 ақпан N 195

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн ажырату сызықтарының түйiсу нүктесi туралы келiсiмге қол қою туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнің қарауына енгiзілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн ажырату сызықтарының түйiсу нүктесi туралы келісімге қол қою туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнің шектес учаскелерiн ажырату сызықтарының түйiсу нүктесi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн ажырату сызықтарының түйiсу нүктесi туралы келiсiмге қол қойылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi Қайрат Қуатұлы Әбусейiтовке оған Келiсiмнiң мәтiнiне қағидатты емес сипаттағы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбiнiң шектес учаскелерiн ажырату сызықтарының түйiсу нүктесi туралы келiсуге қол қоюға өкiлеттiк берілсін.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi түбi шектес учаскiлерiн межелеп бөлу сызықтарының түйiсу нүктесi туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы,
      төмендегілер туралы келiстi:

1-БАП

      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған егемендi құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгiнiң түбiн межелеп бөлу туралы 1998 жылғы 6 шiлдедегi келiсiмге және оған арналған 2002 жылғы 13 мамырдағы хаттамаға, Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы Каспий теңiзi түбiн межелеп бөлу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы 2001 жылғы 29 қарашадағы келiсiмге және Әзiрбайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңiзi шектес учаскелерiн межелеп бөлу туралы 2002 жылғы 23 қыркүйектегi келiсiмге сәйкес 42 о 33',6 солтүстiк ендiктiң және 49 о 53',3 шығыс бойлықтың географиялық координаттары бар Каспий теңiзi түбi шектес учаскiлерiн межелеп бөлу сызықтарының түйiсу нүктесi тұрған жерiн белгiледi.

2-БАП

      Осы Келiсiм қол қойылған сәтiнен бастап уақытша пайдаланылады және тиiстi мемлекетішiаралық рәсiмдердiң орындаулы туралы Тараптардың соңғы жазбаша мәлiмдеулерiн жiберген күнiнен бастап күшiне енедi.

      _____________ қаласында 2003 жылғы "___"___________ қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiнде әрқайсысы үш данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтық туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

      ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН

      РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮШІН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады