Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 заң күші бар Жарлығының 16-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. 2001 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мемлекеттік шекара күзетіндегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
РҚАО-ның ескертуі: Келісімнің мәтіні қоса берілмеген