"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
1. Гонконг қаласында (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
2. Гонконг қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулына айына 3500 (үш мың бес жүз) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы лауазымдық жалақы белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті