Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі N 1157 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 155 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.09.30 N 155  Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының  iшкi iстер органдарындағы қызметтiң беделiн көтеру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы iшкi істер органдарының мынадай медальдары тағайындалсын:
      1) "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшін";
      2) "Қазақстан Республикасы iшкi істер органдарының ардагерi";
      3) I, II, III дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшін".

      2. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары медальдарының сипаттамалары бекiтiлсiн.

      3. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары медальдарымен наградтау ережелерi бекiтiлсiн.

      4. Осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдарына куәлiктердiң сипаттамалары мен үлгiлерi бекiтiлсiн.

      5. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының медальдары мен оларға куәлiктердi дайындау жөнiндегi шығыстар мемлекеттiк бюджетте Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарын ұстауға көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен   
бекітілген      

"Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалiнiң сипаттамасы

      "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы орналасқан.
      Медальдiң тыс жағының ортасында "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" деген жазу жазылған.
      Meдальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның ортасында енi 3 мм екi қызыл жолақ, олардың ортасында ені 2 мм көгілдір жолақ, қызыл жолақтардың жиектерiнде енi 8 мм көгілдiр жолақтар орналасады. Лентаның жиектерiнде енi 3 мм сары жолақтар бар. Лентаның енi - 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдiң эскизi қоса берiлiп отыр.

      Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін

      (қағаз мәтіннен қараңыз).

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен   
бекітілген      

"Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi"
медалiнiң сипаттамасы

      "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалi жезден жасалады және жетi бұрышты рельефтi шығыңқы жұлдыз нысанында болады. Жұлдыздың ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының элементтерi: сәуле шашқан күн және оның астында қалықтаған бүркiт бейнеленген дөңгелек шығыңқы қалқан орналасқан. Қалқан лавр бұтақтарынан жасалған гүлдестемен жиектелген. Жұлдыздың төменгi жағында бұтақтардың үстiнен "IIМ" деген аббревиатура жазылған эмальданған қызыл лента орналасқан. Қалқанның реңi мөлдiр көгiлдiр эмальмен боялған. Әрiптерге, Мемлекеттiк тудың элементтерiне, лавр жапырақтарына және қалқанның ернеуiне алтын жалатылған.
      Медальдiң тыс жағының ортасында "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" деген жазу, төменгi жағында "25 жыл" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.
      Жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы медаль мөлшерi - 37 мм.
      Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм әрi биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның ортасында енi 17 мм көгiлдiр жолақ, лентаның оң жиегiнде енi 1 мм үш қара жолақпен кезектескен енi 1 мм төрт сары жолақ орналасады. Лентаның сол жиегiнде арасында енi 2 мм көгiлдiр жолағы бар енi 3 мм және 1 мм екi сары жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдiң эскизi қоса берiлiп отыр.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ардагері

      (қағаз мәтіннен қараңыз).

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен   
бекітілген      

I, II, ІІІ дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз
қызметi үшiншi медалiнiң сипаттамасы

      I дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi жезден жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылыш бейнесi жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдiң жоғарғы жағында эмблеманың үстiнде бес бұрышты жұлдыз, эмблеманың астында "IIМ" деген аббревиатура орналасқан.
      Медальдiң тыс жағының ортасында "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағында "20 жыл" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар, лентаның ортасында арасында енi 6 мм сары жолағы бар енi 5 мм екi қызыл жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      II дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң бетке жағының ортасында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылыш бейнесi жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдiң жоғарғы жағында эмблеманың үстiнде бес бұрышты жұлдыз, эмблеманың астында "IIМ" деген аббревиатура орналасқан. Эмблемаға, жазуға және жұлдызға алтын жалатылған.
      Медальдiң тыс жағының ортасында "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағында "15 жыл" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткiлерiнiң енi 4 мм, ортаңғысының енi 2 мм үш қызыл жолақпен кезектескен енi 3 мм екi сары жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
      Медаль түйреуiштің көмегiмен киiмге тағылады.
      III дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi мельхиордан жасалады және диаметрi 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.
      Медальдiң беткi жағының ортасында Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылыш бейнесi жоқ эмблемасы орналасқан. Медальдiң жоғарғы жағында эмблеманың үстiнде бес бұрышты жұлдыз, эмблеманың астында "IIМ" деген аббревиатура орналасқан.
      Медальдiң тыс жағының ортасында "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" деген жазу, төменгi жағына "10 жыл" деген жазу орналасқан.
      Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдiң шеттерi ернеумен жиектелген.
      Медаль құлақша және шығыршықтың көмегiмен жiбек муар лентамен қапталған енi 30 мм және биiктiгi 50 мм бес бұрышты қалыпқа жалғанады. Лентаның жиектерiнде енi 7 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткiлерiнiң енi 4 мм, ал ортаңғыларының енi 1 мм төрт қызыл жолақпен кезектескен енi 2 мм үш сары жолақ орналасады. Лентаның енi - 30 мм.
      Медаль түйреуiштiң көмегiмен киiмге тағылады.
      Медальдардың эскиздерi қоса берiлiп отыр.

      Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін 20 жыл
      Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін 15 жыл
      Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін 10 жыл

      (қағаз мәтіннен қараңыз).

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен   
бекітілген      

"Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшін" медалімен наградтау
Ережелері

      1. "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалiмен заңдылықты және құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде өз қызметтiк борышын үлгiлi орындаған iшкi iстер органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi қорғауға белсене қатысқаны және осы орайда батылдық пен жанқиярлық танытқаны үшiн басқа да адамдар наградталады.
      3. Медальмен наградтау туралы қолдаухаттарды берудiң және қараудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
      4. "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн" медалiмен наградтау Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң немесе оны ауыстырушы адамның бұйрығымен жүргiзiледi.
      5. Медаль тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң, мекемелерiнiң және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жүргiзедi.
      6. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      7. Медаль наградталған адамдарға iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң, мекемелерiнiң және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жасаған және бекiткен тiзiмдердiң негiзiнде тапсырылады.
      Медальдiң тапсырылғандығы туралы наградталғандар тiзiмiнде тиiстi жазба жасалады.
      8. "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін" медалi кеуденiң сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болғанда, солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағында мемлекеттiк наградалардың нышандарынан кейiн орналасады.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен   
бекітілген      

"Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен наградтау
Ережелері

      1. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен қызмет бабында оң баға алған және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтiзбелiк есептеу бойынша 25 жыл және одан да көп жалпы еңбек сiңiрген жылдары бар iшкi iстер органдарының қызметкерлерi наградталады.
      3. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен наградтау туралы қолдаухаттарды берудiң және қараудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
      4. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен марапаттау Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң немесе оны ауыстырушы адамның бұйрығымен жүргiзiледi.
      5. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң, мекемелерiнiң және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жүргiзедi.
      6. Әрбiр наградталған адамға медальдi тапсырумен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      7. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалi кеуденiң сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болғанда, солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка кеуденiң сол жағында мемлекеттiк наградалардың нышандарынан кейiн орналасады.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен   
бекітілген      

"Ішкі істер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн"
медалiмен наградтау
Ережелері

      1. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен тағайындалады.
      2. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi үш дәрежеден тұрады:
      I дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 20 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау үшiн;
      II дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi - 15 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау үшiн;
      III дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметі үшiн" медалi - 10 жыл мiнсiз қызметi үшiн наградтау үшiн.
      I дәрежелi "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi жоғарғы дәрежелi болып табылады.
      3. "Ішкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау төменгi дәрежеден жоғарыға қарай сатыланып жүргiзiледi. Төменгi дәрежелi медальдi алмағандарды одан жоғары дәрежелi медальмен наградтауға жол берiлмейдi.
      4. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында 10 және одан да көп жыл еңбек сiңiрген, қызмет бабында оң баға алған және өздерiнiң қызметтiк борышын үлгiлi орындаған iшкi iстер органдарының қызметкерлерi наградталады.
      "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау үшiн мемлекеттiк органдардағы еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Бұрынғы КСРО-ның қандай да бiр дәрежелi "Зa безупречную службу" медалiмен 1991 жылғы 16 желтоқсанға дейiн наградталған қызметкерлер осындай дәрежелi "Мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтауға ұсынылмайды.
      5. "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтау туралы қолдаухат берудi iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерінің, мекемелерiнiң және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) лауазымы оларға теңестiрiлген және олардан жоғары адамдар осы органдар мен бөлiмшелердің аттестаттау комиссияларының пiкiрiн ескере отырып, жүзеге асырады.
      Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiмен наградтауға ұсынуға болмайтын себептердi iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң бастықтары (командирлерi) аттестаттау парағында жазып көрсетедi. Қабылданған шешiм iшкi iстер органының (бөлiмшесiнiң) қызметкерiне хабарланады.
      6. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медалiмен наградтау Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң немесе оны ауыстырушы адамның бұйрығымен жүргiзiледi.
      7. "Iшкі iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалiн тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, iшкi iстер органдарының, бөлiмшелерiнiң, мекемелерiнің және оқу орындарының бастықтары (командирлерi) жүргiзедi.
      8. Әрбiр наградталған адамға медалiн тапсырумен бiр мезгілде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.
      "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi кеуденiң сол жағына дәрежелердiң жоғарылау ретiмен тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болғанда солардан кейiн орналасады. Аталған медальға қоса берiлетiн лентасы бар планка сол жақ кеудеде мемлекеттiк наградалар нышандарынан кейiн орналасады.

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2003 жылғы 31 шiлдедегi
N 1157 Жарлығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының
медальдарына қоса берiлетiн куәлiктердiң
сипаттамасы мен үлгілерi

      Куәлiктер "Iшкi iстер органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн" медалi үшiн сегiз парақты және "Құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде үздiк шыққаны үшiн", "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының ардагерi" медальдары үшiн төрт парақты өлшемi 8х11 см кiтапшадан тұрады. Куәлiктердiң тысы көгiлдiр түстi бумвинилдi негiзде қатырма қағаздан жасалған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен жазулар қысып түсiру арқылы алтын түспен жасалған.
      Куәлiктердiң эскиздерi қоса берiлiп отыр.

                            Куәлік
__________________________________________________________________
                                |
                                |     Қазақстан Республикасы     
_____________________________   |     Ішкі істер министрінің
     тегі (фамилия)             |         _______ жылғы
                                |
_____________________________   |       "___"______________
       аты (имя)                |
_____________________________   |        N ______ бұйрығымен
  әкесінің аты (отчество)       |
                                |    "Құқық тәртібін қамтамасыз
                                |     етуде үздік шыққаны үшін"
                                |      медалімен наградталды
                                |
                                | Қазақстан Республикасының
                                | Ішкі істер министрі
                                |
               1                |                2
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      Приказом Министра         |        Ерекше белгілері
       внутренних дел           |         Особые отметки
   Республики Казахстан N ___   |
от _____________________ года  |
                                |
     награжден (а) медалью      |
  "Құқық тәртібін қамтамасыз    |
   етуде үздік шыққаны үшін"    |
                                |
               3                |                4
__________________________________________________________________

                            Куәлік
__________________________________________________________________
                                |
                                |     Қазақстан Республикасы     
_____________________________   |     Ішкі істер министрінің
     тегі (фамилия)             |         _______ жылғы
                                |
_____________________________   |       "___"______________
       аты (имя)                |
_____________________________   |        N ______ бұйрығымен
  әкесінің аты (отчество)       |
                                |    "Қазақстан Республикасы ішкі
                                |    істер органдарының ардагері"
                                |      медалімен наградталды
                                |
                                | Қазақстан Республикасының
                                | Ішкі істер министрі
                                |
               1                |                2
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      Приказом Министра         |        Ерекше белгілері
       внутренних дел           |         Особые отметки
   Республики Казахстан N ___   |
от _____________________ года  |
                                |
     награжден (а) медалью      |
  "Қазақстан Республикасы ішкі  |
  істер органдарының ардагері"  |
                                |
               3                |                4
__________________________________________________________________

                            Куәлік
__________________________________________________________________
                                |
                                |     Қазақстан Республикасы     
_____________________________   |     Ішкі істер министрінің
     тегі (фамилия)             |         _______ жылғы
                                |
_____________________________   |       "___"______________
       аты (имя)                |
_____________________________   |        N ______ бұйрығымен
  әкесінің аты (отчество)       |
                                |           ІІІ дәрежелі
                                |    "Ішкі істер органдарындағы
                                |       мінсіз қызметі үшін"
                                |      медалімен наградталды
                                |
                                | Қазақстан Республикасының
                                | Ішкі істер министрі
                                |
               1                |                2
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      Приказом Министра         |     Қазақстан Республикасы
       внутренних дел           |     Ішкі істер министрінің
   Республики Казахстан N ___   |       ___________ жылғы
от _____________________ года  |
                                |    "___"__________________
     награжден (а) медалью      |
         ІІІ дәрежелі           |       N _____ бұйрығымен
   "Ішкі істер органдарындағы   |
     мінсіз қызметі үшін"       |           ІІ дәрежелі
                                |   "Ішкі істер органдарындағы
                                |       мінсіз қызметі үшін"
                                |      медалімен наградталды
                                |
                                | Қазақстан Республикасының
                                | Ішкі істер министрі
                                |     
               3                |                4
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      Приказом Министра         |     Қазақстан Республикасы
       внутренних дел           |     Ішкі істер министрінің
   Республики Казахстан N ___   |       ___________ жылғы
от _____________________ года  |
                                |    "___"__________________
     награжден (а) медалью      |
          ІІ дәрежелі           |       N _____ бұйрығымен
   "Ішкі істер органдарындағы   |
     мінсіз қызметі үшін"       |           І дәрежелі
                                |   "Ішкі істер органдарындағы
                                |       мінсіз қызметі үшін"
                                |      медалімен наградталды
                                |
                                | Қазақстан Республикасының
                                | Ішкі істер министрі
                                |     
               5                |                6
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      Приказом Министра         |        Ерекше белгілері
       внутренних дел           |         Особые отметки
   Республики Казахстан N ___   |
от _____________________ года  |
                                |
     награжден (а) медалью      |
           І дәрежелі           |
   "Ішкі істер органдарындағы   |
     мінсіз қызметі үшін"       |
                                |
                                |
                                |
               7                |                 8
__________________________________________________________________

О медалях органов внутренних дел Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 31 июля 2003 года № 1157. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года № 155

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 30.09.2011 № 155.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 21 Конституционного закона Республики Казахстан от 26 декабря 1995 года "О Президенте Республики Казахстан", в целях повышения престижа службы в органах внутренних дел Республики Казахстан постановляю:

      1. Учредить медали органов внутренних дел Республики Казахстан:
      1) "Кукык тартiбiн камтамасыз етуде yздiк шыкканы ушiн";
      2) "Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi";
      3) I, II, III дарежелi "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн".

      2. Утвердить описание медалей органов внутренних дел Республики Казахстан, перечисленных в пункте 1 настоящего Указа.

      3. Утвердить Правила награждения медалями органов внутренних дел Республики Казахстан, перечисленными в пункте 1 настоящего Указа.

      4. Утвердить описание и образцы удостоверений к медалям органов внутренних дел Республики Казахстан, перечисленным в пункте 1 настоящего Указа.

      5. Установить, что расходы по изготовлению медалей органов внутренних дел Республики Казахстан и удостоверений к ним осуществляются в установленном законодательством порядке за счет и в пределах средств, предусматриваемых в государственном бюджете на содержание органов внутренних дел Республики Казахстан.

      6. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан

Утверждено       
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 31 июля 2003 года N 1157

Описание
медали "Кукык тартiбiн камтамасыз етуде yздiк шыкканы ушiн"

      Медаль "Кукык тартiбiн камтамасыз етуде yздiк шыкканы ушiн" изготавливается из латуни и имеет форму правильного круга диаметром 34 мм.
      На лицевой стороне медали помещен Государственный герб Республики Казахстан.
      На оборотной стороне медали по центру расположена надпись "Кукык тартiбiн камтамасыз етуде yздiк шыкканы ушiн".
      Все изображения и надписи на медали выпуклые. Края медали окаймлены бортиком.
      Медаль с помощью ушка и кольца соединяется с пятиугольной колодкой шириной 30 мм и высотой 50 мм, обтянутой шелковой муаровой лентой. Посередине ленты располагаются две красные полосы шириной 3 мм, между которыми голубая полоса шириной 2 мм, по краям красных полос расположены голубые полосы шириной 8 мм. По краям ленты - желтые полосы шириной 3 мм. Ширина ленты 30 мм.
      Медаль с помощью булавки крепится к одежде.
      Эскиз медали прилагается.

Эскиз медали
(См. бумажный вариант)

Утверждено       
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 31 июля 2003 года N 1157

Описание
"Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi"

      Медаль "Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi" изготавливается из латуни и имеет форму выпуклой семиконечной рельефной звезды. В центре звезды расположен круглый выпуклый щит с изображением элементов Государственного флага Республики Казахстан: солнце с расходящимися лучами и парящий под ним беркут. Щит окаймлен венком из лавровых веток. В нижней части звезды, поверх ветвей, расположена красная эмалевая лента с аббревиатурой "IIМ". Фон щита покрыт прозрачной голубой эмалью. Буквы, элементы Государственного флага, лавровые листья и бортик щита позолочены.
      На оборотной стороне медали по центру расположена надпись "Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi". В нижней части надпись "25 жыл".
      Все изображения и надписи на медали выпуклые.
      Размеры медали между противолежащими концами звезды - 37 мм.
      Медаль с помощью ушка и кольца соединяется с пятиугольной колодкой шириной 30 мм и высотой 50 мм, обтянутой шелковой муаровой лентой. Посередине ленты располагается голубая полоса шириной 17 мм, вдоль правого края ленты располагаются четыре желтые полосы шириной 1 мм, чередующиеся с тремя черными полосами шириной 1 мм. С левого края ленты располагаются две желтые полосы шириной 3 мм и 1 мм, между которыми голубая полоса шириной 2 мм. Ширина ленты 30 мм.
      Медаль с помощью булавки крепится к одежде.
      Эскиз медали прилагается.

Эскиз медали
(См. бумажный вариант)

Утверждено       
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 31 июля 2003 года N 1157

Описание медали
I, II, III дарежелi "Iшкi icтep органдарындагы
мiнсiз кызметi yшiн"

      Медаль I дарежелi "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" изготавливается из латуни и имеет форму правильного круга диаметром 34 мм.
      На лицевой стороне медали в центре расположена эмблема Министерства внутренних дел Республики Казахстан без меча. В верхней части медали над эмблемой расположена пятиконечная звезда, под эмблемой расположена аббревиатура "IIМ".
      На оборотной стороне медали по центру расположена надпись "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн". В нижней части - надпись "20 жыл".
      Все изображения и надписи на медали выпуклые. Края медали окаймлены бортиком.
      Медаль с помощью ушка и кольца соединяется с пятиугольной  колодкой шириной 30 мм и высотой 50 мм, обтянутой шелковой муаровой лентой. По краям ленты располагаются голубые полосы шириной 7 мм, посередине ленты располагаются две красные полосы шириной 5 мм, между которыми желтая полоса шириной 6 мм. Ширина ленты 30 мм.
      Медаль с помощью булавки крепится к одежде.

      Медаль II дарежелi "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" изготавливается из мельхиора и имеет форму правильного круга диаметром 34 мм.
      На лицевой стороне медали в центре расположена эмблема Министерства внутренних дел Республики Казахстан без меча. В верхней части медали над эмблемой расположена пятиконечная звезда, под эмблемой расположена аббревиатура "IIМ". Эмблема, надпись и звезда позолочены.
      На оборотной стороне медали по центру расположена надпись "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн", в нижней части - надпись "15 жыл".
      Все изображения и надписи на медали выпуклые. Края медали окаймлены бортиком.
      Медаль с помощью ушка и кольца соединяется с пятиугольной колодкой шириной 30 мм и высотой 50 мм, обтянутой шелковой муаровой лентой. По краям ленты располагаются голубые полосы шириной 7 мм, посередине ленты располагаются две желтые полосы шириной 3 мм, чередующиеся с тремя красными полосами, крайние из которых шириной 4 мм, средняя 2 мм. Ширина ленты 30 мм.
      Медаль с помощью булавки крепится к одежде.

      Медаль III дарежелi "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" изготавливается из мельхиора и имеет форму правильного круга диаметром 34 мм.
      На лицевой стороне медали в центре расположена эмблема Министерства внутренних дел Республики Казахстан без меча. В верхней части медали над эмблемой расположена пятиконечная звезда, под эмблемой расположена аббревиатура "IIМ".
      На оборотной стороне медали по центру расположена надпись "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн", в нижней части - надпись "10 жыл".
      Все изображения и надписи на медали выпуклые. Края медали окаймлены бортиком.
      Медаль с помощью ушка и кольца соединяется с пятиугольной колодкой шириной 30 мм и высотой 50 мм, обтянутой шелковой муаровой лентой. По краям ленты располагаются голубые полосы шириной 7 мм, посередине ленты располагаются три желтые полосы шириной 2 мм, чередующиеся с четырьмя красными полосами, крайние из которых шириной 4 мм, а средние шириной 1 мм. Ширина ленты 30 мм.
      Медаль с помощью булавки крепится к одежде.
      Эскизы медалей прилагаются.

Эскизы медалей
(См. бумажный вариант)

Утверждены      
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 31 июля 2003 года N 1157

Правила
награждения медалью
"Кукык тартiбiн камтамасыз етуде yздiк шыкканы ушiн"

      1. Медаль "Кукык тартiбiн камтамасыз етуде yздiк шыкканы ушiн" учреждается Указом Президента Республики Казахстан.
      2. Медалью "Кукык тартiбiн камтамасыз етуде yздiк шыкканы ушiн" награждаются сотрудники органов внутренних дел, положительно характеризуемые по службе, образцово выполняющие свой служебный долг по обеспечению законности и правопорядка, а также другие лица за активное участие в охране общественного порядка и проявленные при этом мужество и самоотверженность.
      3. Порядок представления и рассмотрения ходатайств о награждении медалью определяется Министром внутренних дел Республики Казахстан.
      4. Награждение медалью "Кукык тартiбiн камтамасыз етуде yздiк шыкканы ушiн" производится от имени Президента Республики Казахстан приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан либо лицом, его замещающим.
      5. Вручение медали производится от имени Президента Республики Казахстан Министром внутренних дел Республики Казахстан, начальниками (командирами) органов, подразделений внутренних дел, учреждений и учебных заведений.
      6. Каждому награжденному одновременно с вручением медали выдается соответствующее удостоверение, подписанное Министром внутренних дел Республики Казахстан.
      7. Медаль вручается награжденным на основании списков, составленных и утвержденных начальниками (командирами) органов, подразделений внутренних дел, учреждений и учебных заведений.
      О вручении медали в списке награжденных производится соответствующая запись.
      8. Медаль "Кукык тартiбiн камтамасыз етуде yздiк шыкканы ушiн" носится на левой стороне груди, при наличии государственных наград Республики Казахстан располагается после них. Планка с лентой к названной медали располагается на левой стороне груди после символов государственных наград.

Утверждены       
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 31 июля 2003 года N 1157

Правила
награждения медалью
"Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi"

      1. Медаль "Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi" учреждается Указом Президента Республики Казахстан.
      2. Медалью "Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi" награждаются сотрудники органов внутренних дел, положительно характеризуемые по службе и имеющие общую выслугу 25 и более лет в календарном исчислении в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      3. Порядок представления и рассмотрения ходатайств о награждении медалью "Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi" определяется Министром внутренних дел Республики Казахстан.
      4. Награждение медалью "Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi" производится от имени Президента Республики Казахстан приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан либо лицом, его замещающим.
      5. Вручение медали "Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi" производится от имени Президента Республики Казахстан Министром внутренних дел Республики Казахстан, начальниками (командирами) органов, подразделений внутренних дел, учреждений и учебных заведений.
      6. Каждому награжденному одновременно с вручением медали выдается соответствующее удостоверение, подписанное Министром внутренних дел Республики Казахстан.
      7. Медаль "Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi" носится на левой стороне груди, при наличии государственных наград Республики Казахстан располагается после них. Планка с лентой к названной медали располагается на левой стороне груди после символов государственных наград.

Утверждены       
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 31 июля 2003 года N 1157

Правила
награждения медалью
"Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн"

      1. Медаль "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" учреждается Указом Президента Республики Казахстан.
      2. Медаль "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" состоит из трех степеней:
      медаль I дарежелi "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" - для награждения за 20 лет безупречной службы;
      медаль II дарежелi "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" - для награждения за 15 лет безупречной службы;
      медаль III дарежелi "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" - для награждения за 10 лет безупречной службы.
      Высшей степенью медали является I дарежелi "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн"
      3. Награждение медалью "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" производится последовательно от низшей степени к высшей. Награждение медалью более высокой степени не допускается без получения награжденным медали предыдущей степени.
      4. Медалью "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" награждаются сотрудники органов внутренних дел, имеющие выслугу 10 и более лет в органах внутренних дел Республики Казахстан, положительно характеризуемые по службе и образцово выполняющие свой служебный долг.
      Исчисление выслуги лет службы в государственных органах для награждения медалью "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" производится согласно действующему законодательству Республики Казахстан. Сотрудники, награжденные медалью бывшего СССР "За безупречную службу" какой-либо степени до 16 декабря 1991 года, к награждению медалью "Мiнсiз кызметi yшiн" аналогичной степени не представляются.
      5. Ходатайство о награждении медалью "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" осуществляется начальниками (командирами) органов, подразделений внутренних дел, учреждений и учебных заведений, им равных и выше, с учетом мнения аттестационных комиссий этих органов и подразделений.
      Причины, по которым сотрудники органов внутренних дел не могут быть представлены к награждению медалью "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" излагаются начальниками (командирами) органов, подразделений внутренних дел в аттестационном листе. Принятое решение доводится до сведения сотрудника органа (подразделения) внутренних дел.
      6. Награждение медалью "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" производится от имени Президента Республики Казахстан приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан либо лицом, его замещающим.
      7. Вручение медали "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" производится от имени Президента Республики Казахстан Министром внутренних дел Республики Казахстан, начальниками (командирами) органов, подразделений внутренних дел, учреждений и учебных заведений.
      8. Каждому награжденному одновременно с вручением медали выдается соответствующее удостоверение, подписанное Министром внутренних дел Республики Казахстан либо лицом, его замещающим. Медаль "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" носится на левой стороне груди в порядке возрастания степеней, при наличии государственных наград Республики Казахстан располагается после них. Планка с лентой к названной медали соответствующей степени располагается на левой стороне груди после символов государственных наград.

Утверждены       
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 31 июля 2003 года N 1157

Описание и образцы
удостоверений к медалям органов внутренних дел
Республики Казахстан

      Удостоверения представляют собой восьмистраничную книжку для медали "Iшкi icтep органдарындагы мiнсiз кызметi yшiн" и четырехстраничную для медалей "Кукык тартiбiн камтамасыз етуде yздiк шыкканы ушiн", "Казакстан Республикасы iшкi icтep органдарынын ардагерi" размерами 8x11 см. Обложка удостоверений выполнена из картона на бумвиниловой основе голубого цвета. Государственный герб Республики Казахстан и надписи выполнены с помощью тиснения золотистого цвета.
      Эскизы удостоверений прилагаются.

Эскизы удостоверений
(См. бумажный вариант)