Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы Келісім-хатқа қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 9 қыркүйектегі N 1182 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы Келісім-хаттың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Смағұлұлы Есімовке Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы Келісім-хатқа Қазақстан Республикасы атынан қол қоюға уәкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О подписании Письма-соглашения между Республикой Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития о выделении гранта на подготовку проекта "Охрана подземных вод и очистка промышленных стоков в городе Усть-Каменогорске"

Указ Президента Республики Казахстан от 9 сентября 2003 года N 1182

      Постановляю:
      1. Одобрить проект Письма-соглашения между Республикой Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития о выделении гранта на подготовку проекта "Охрана подземных вод и очистка промышленных стоков в городе Усть-Каменогорске".
      2. Уполномочить Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Есимова Ахметжана Смагуловича подписать от имени Республики Казахстан Письмо-соглашение между Республикой Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития о выделении гранта на подготовку проекта "Охрана подземных вод и очистка промышленных стоков в городе Усть-Каменогорске".
      3. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан