Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерін нақтылау мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат; 2003 ж., N 6, 60-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесінде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке сатуынан түсетін қаражаттың;".