Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1240 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне  сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерін нақтылау мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат; 2003 ж., N 6, 60-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану ережесінде:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке сатуынан түсетін қаражаттың;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады