Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы N 1251 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 126 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 09.02.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.


      Республикалық баспасөзде

      жариялануға тиіс

      Мемлекеттің қылмыстық саясатын одан әрі ізгілендіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 1-тармағына және 40-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасында өлім жазасын толық жою туралы мәселе шешілгенге дейін оны орындауға мораторий енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі он күн мерзімде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне осы Жарлықтың 1-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруды, оның ішінде 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза туралы қағидаларын қолданысқа енгізуді қамтамасыз ететін заң жобасын енгізсін.

      3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қылмыстық жазалау шаралары ретінде өлім жазасын көздейтін, күшіне енген сот үкімдерінің заңдылығын және негізділігін тексерсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Президенті



О введении в Республике Казахстан моратория на смертную казнь

Указ Президента Республики Казахстан от 17 декабря 2003 года N 1251. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 9 февраля 2023 года № 126.

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 09.02.2023 № 126 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Подлежит опубликованию

      в республиканской печати

      В целях дальнейшей гуманизации уголовной политики государства и в соответствии с пунктом 1 статьи 15 и пунктом 2 статьи 40 Конституции Республики Казахстан постановляю:

      1. Ввести в Республике Казахстан мораторий на исполнение смертной казни до решения вопроса о ее полной отмене. T031251

      2. Правительству Республики Казахстан в десятидневный срок внести в Мажилис Парламента Республики Казахстан проект закона , обеспечивающий реализацию мероприятий, предусмотренных пунктом 1 настоящего Указа, в том числе введение в действие с 1 января 2004 года положений Уголовного кодекса Республики Казахстан о наказании в виде пожизненного лишения свободы.

      3. Генеральному прокурору Республики Казахстан проверить законность и обоснованность вступивших в силу судебных приговоров, предусматривающих в качестве меры уголовного наказания смертную казнь.

      4. Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования.

Президент


Республики Казахстан