Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 1368 Жарлығы.

 "Президент пен Үкімет   
актілерінің жинағында"  
жариялануға тиіс     
 

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау жөнiндегi жұмысты одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мына актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iріктеу және оны тағайындау туралы ереже мен Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 470  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 503-құжат):

      аталған Жарлықтың мемлекеттiк тiлдегi тақырыбы мен бүкiл мәтiнi бойынша "республикалық комиссия" деген сөздер өзгерiссiз қалдырылады;

       мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссияға "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға өтiнiм берiп тұрсын.";

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ережелер осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ережеде:
      тақырыбынан басқа, бүкіл мәтiнi бойынша "республикалық комиссия" деген сөздер "Республикалық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Болашақ" стипендиясы бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылатын, Қазақстан неғұрлым қажетсiнетiн мамандықтардың жыл сайынғы тiзбесiн бекiту";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Республикалық комиссияның төрағасы республиканың заңдары мен осы Ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Республикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ жұмыс органының ұсынуы бойынша стипендиаттарды iрiктеудiң бiрiншi турын өткiзу жөнiндегi сараптау комиссиясының ережесi мен құрамын бекiтедi.";

      6-тармақта "жоғары оқу орындарының ректорлары мен шетелдiк тәуелсiз" деген сөздер "жұмыс органы және шетелдiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Республикалық комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:"

      үшiншi абзацта "өткiзудiң ұйымдастырылуын" деген сөздер "ұйымдастыруды және өткiзудi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацта "қажеттi құжаттардың" деген сөздердiң алдынан "Болашақ" стипендиясы бойынша шетелде оқуды ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Болашақ" стипендиясына үмiткерлердiң құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
      стипендиаттармен келiсiм-шарттар жасасады және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;
      шетелдiк серiктестер және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi ұсынатын шоттардың негiзiнде "Болашақ" стипендиаттарын оқытуға жұмсалатын шығыстардың сметасын жасайды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен шетелдiк жоғары оқу орындарында "Болашақ" стипендиаттарының оқуына ақы төлеу үшiн валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операцияларды жүргізуге лицензия алады;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереженiң 2-тармағына сәйкес шетелдiк серiктестер мен шетелдегі мекемелердiң шоттарына ақша аудару жолымен оқуы, тұруы, тамақтануы үшiн төлем және басқа да шығыстар жасайды;
      Республикалық комиссияның қарауына "Болашақ" стипендиясы бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылатын, Қазақстан неғұрлым қажетсiнетiн мамандықтар тiзбесін енгiзедi";

      2) <*>
       Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N  1696  жарлығымен.

      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы   
Президентiнің       
2004 жылғы 14 мамырдағы  
N 1368 Жарлығына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2000 жылғы 12 қазандағы  
N 470 Жарлығымен     
Бекітілген        

  Қазақстан Республикасы Президентінiң "Болашақ"
халықаралық стипендиясына үміткерлерді iрiктеу және
оны тағайындау туралы Ереже

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шетелде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгілеу туралы" 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394  қаулысымен  бекiтілген, шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына (бұдан әрі - "Болашақ" стипендиясы) үмiткерлердi iрiктеу мен оны тағайындаудың тәртiбiн айқындайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" стипендиясы дербес болып табылады және оны жарияланатын рейтингтерге сәйкес үздік көрсеткiштерге ие болған шетелдiк жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасы үшiн экономика мен әлеуметтік аяның басым салалары бойынша магистр (шебер) дәрежесiндегi мамандар, сондай-ақ бiлім беру және ғылым ұйымдары үшiн доктор дәрежесiндегi ғылыми-педагогикалық кадрлар және денсаулық сақтау ұйымдары үшiн клиникалық ординатура, аспирантура және докторантура деңгейiнде мамандар даярлау мақсатында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия (бұдан әрi - Республикалық комиссия) жыл сайын тағайындайды.
      2. "Болашақ" стипендиясы республикалық бюджеттен төленеді және ол оқу, визаларды ресiмдеу үшiн жұмсалатын шығыстардың барлық түрiне ақы төлеудi, шетелдiк жоғары оқу орындарының сауалнама нысандарына ақы төлеудi, қабылдаушы елдердің уәкiлеттi органдарында стипендиаттарды тiркеудi, стипендиаттарды шетелдiк жоғары оқу орындарына орналастыру жөнiндегi шығыстарға ақы төлеуді, телефон, электрондық, почта байланысына, тұруына, тамақтануына, оқулық әдебиетке, медициналық сақтандыруға, оқуға түскен кезде Қазақстанда тұратын жерiнен оқитын жерiне және оқуды бiтiргеннен кейiн қайтуға, оқу мерзiмi бiр жылдан астам болған жағдайда әрбiр оқу жылынан кейiн Қазақстандағы тұратын жерiне дейiнгi және қайту жолына шығыстарды, үмiткерлердi iрiктеу жөнiндегi сараптау комиссиясының шығыстарын, шетелдiк серiктестердiң Республикалық комиссияның жұмыс органымен шарттары бойынша олардың мiндеттемелерiн орындауына байланысты шығыстарын, сондай-ақ конкурстық iрiктеудi ақпараттық қолдауды: бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды, конкурстың қорытындыларын ресми баспасөзде жариялауды, өңiрлердегi тұсаукесер iс-шараларды қамтиды.
      Стипендияның мөлшерiн әрбiр оқу орны бойынша шетелдiк оқу орны, шетелдiк серiктестер, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi ұсынған калькуляцияның негiзiнде Республикалық комиссияның жұмыс органы белгiлейдi.
      3. "Болашақ" стипендиясы магистратурада оқу үшiн 1 жылдан 2 жылға дейiнгi мерзiмге, аспирантура мен докторантурада оқу үшiн 3 жылдан 4 жылға дейiнгі, бiрақ шетелдiк оқу орнының оқу жоспарында көзделген мерзiмнен аспайтын мерзiмге тағайындалады. Осы Ереженiң 6-тармағының екiншi абзацында көзделген жағдайларда оқу мерзiмi бiр семестрге ұзартылады. Стипендия стипендиаттарға Республикалық комиссияның жұмыс органы мен стипендиат арасында жасалатын келiсiм-шарттың негiзiнде бөлiнедi.
      "Болашақ" стипендиясы бiр рет тағайындалады.

  2. "Болашақ" стипендиясына үмiткерлерге қойылатын талаптар

      4. "Болашақ" стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бiтiрген және мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс iстеген Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгі азаматтары жiберiледi. Медициналық мамандықтар бойынша оқуға үмiткерлердiң денсаулық сақтау ұйымдарындағы 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуға тиiс. Магистрлiк бағдарлама бойынша ординатура мен аспирантурада оқу үшiн үмiткердiң кәсiптiк жоғары бiлiмi болуға тиiс. Докторлық бағдарлама бойынша оқу үшiн үмiткердiң магистр немесе ғылым кандидаты дәрежесi болуға тиiс.
      Конкурсқа сондай-ақ әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнiң жарияланатын рейтингтерге сәйкес үздiк көрсеткiштерге ие болған шетелдiк жоғары оқу орындарына магистратураға, аспирантураға, докторантураға өз бетiнше оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары да қатыса алады.
      5. Кандидаттар мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнын бiтiргендегi орташа үлгерiм балы 4,5-тен кем болмауға тиiс;
      қабылдаушы тараптың тиiстi тестiлерi мен емтихандарын тапсырғаны туралы сертификаттармен, шетелдiк тәуелсiз сараптау комиссиясының тұжырымымен немесе басқа да құжаттармен расталған шет тілдерiнiң (ағылшын, немiс, француз және басқа) бiрiн еркiн бiлуге;
      компьютердi пайдаланушы режимiнде бiлуге;
      жарияланымдармен, авторлық куәлiктермен, баяндамалардың тезистерiмен, дипломдармен, грамоталармен расталған ғылыми-зерттеу жұмысына белсене және нәтижелi қатысуы;
      Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiн, мемлекеттiк құрылымын, мемлекеттiк рәмiздерiн бiлуге тиiс.
      Доктор дәрежесiне оқуға үмiткерлер сонымен қатар бiлiм беру (ғылым) ұйымының Ғылыми кеңесiнiң ұсынымын тапсыруға тиiс.
      Шетелдiк оқу орындарына магистр, аспирант, доктор бағдарламалары бойынша өз бетiмен оқуға түскен тұлғалар:
      дәлелдi өтiнiшiн;
      үмiткер оқып жатқан шетелдiк оқу орнының ұсынымын қосымша ұсынады.
      Доктор бағдарламасы бойынша оқуға түскендер сонымен қатар шетелдiк оқу орны бекiткен докторлық диссертациясының кеңейтiлген жоспарын тапсырады.
      6. Инженерлiк, техникалық және медициналық мамандықтар бойынша үмiткерлер "Болашақ" стипендиясына арналған конкурсқа осы Ереженiң 5-тармағында көзделген шет тілдерiнiң бiрiн еркiн бiлуi туралы талап ескерілместен, қатыса алады.
      Инженерлiк, техникалық және медициналық мамандықтар бойынша оқытуға арналған конкурстың жеңiмпаздарына "Болашақ" стипендиясының есебiнен шет тiлi бойынша бiр семестрлiк даярлықтан өтуге рұқсат берiледi. Егер стипендиат шет тiлiн магистр, ординатор, аспирант немесе доктор бағдарламасы бойынша оқу үшiн қажеттi көлемде меңгермеген жағдайда, ол "Болашақ" стипендиясы бойынша оқуын одан әрi жалғастыру құқығынан айырылады және шет тiлiн алдын ала үйренуге жұмсалған шығындарды республикаға өтейдi.

  3. "Болашақ" стипендиясын алуға үмiткерлердi iрiктеудiң тәртiбi

      7. "Болашақ" стипендиясын алуға iрiктеу үш турдан тұрады, ал әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнiң жарияланатын рейтингтерге сәйкес үздiк көрсеткiштерге ие болған жоғары оқу орындарында магистр, ординатор, аспирант, доктор бағдарламалары бойынша оқуға өз бетiнше түскен азаматтар үшiн бiр турдан (соңғы үшiншi тур) тұрады.
      Бiрiншi турға осы Ереженiң 5, 6-тармақтарында баяндалған өлшемдерге сәйкес келетiн және жыл сайын Республикалық комиссия бекiтетiн Қазақстан неғұрлым қажетсiнетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес салаларда маманданып жүрген кандидаттардың қатысуға құқығы бар.
      Жұмыс органы бiрiншi турды өткiзуге дейiн ресми баспасөзде конкурстың басталуы туралы хабарландыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереженi жариялайды, сондай-ақ үмiткерлердiң құжаттарын қабылдауды және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, осыдан кейiн оларды сараптау комиссиясының қарауына жiбередi.
      Конкурстың бiрiншi турын сараптау комиссиясы жыл сайын маусымның 1-не дейiн өткiзедi. Сараптау комиссиясының ережесi мен құрамын жұмыс органының ұсынуы бойынша Республикалық комиссияның төрағасы бекiтедi.
      Жұмыс органы конкурстың бiрiншi турынан кейiн бiр апта iшiнде ресми баспасөзде конкурстың екiншi турына ұсынылған үмiткерлердiң тiзiмiн жариялайды және оны шетелдiк сараптау комиссиясына бередi. Конкурстың екiншi турын жыл сайын 5 маусым - 5 шiлде аралығында шетелдiк сараптау комиссиясы өткiзедi. Бiрiншi турдан ойдағыдай өткен үмiткерлер шет тiлдерiнiң бiрiн еркiн меңгергендiгiне тестiлеуден және әңгiмелесуден өтедi. Шетелдiк сараптау комиссиясының құрамын және жұмысын ұйымдастыруды "Болашақ" стипендиаттарын оқуға қабылдайтын шетелдiң уәкiлеттi ұйымымен бiрлесiп, Республикалық комиссияның жұмыс органы белгiлейдi. Тестiлеудiң нәтижелерi бойынша сарапшылар жұмыс органы белгiлеген нысанда әр кандидатура бойынша өзiнiң қорытындысын бередi.
      Әрбiр кандидатура бойынша жеке қорытындылар Республикалық комиссияның жұмыс органына екiншi тур аяқталғаннан кейiн бiр ай мерзiмде тапсырылады.
      Республикалық комиссияның жұмыс органы шетелдiк сарапшылардың қорытындылары мен "Болашақ" стипендиясына үмiткерлердiң ресми сертификаттарының көшiрмелерiн, екi iрiктеу турынан ойдағыдай өткен, сондай-ақ әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнiң үздiк жоғары оқу орындарына магистр, ординатор, аспирант немесе доктор бағдарламалары бойынша өз бетiнше оқуға түскен үмiткерлердiң жеке iстерiмен қоса үшiншi турға ұсынады.
      Конкурстың үшiншi турын Республикалық комиссия жыл сайын 1 тамыздан кешiктiрмей өткiзедi.
      Республикалық комиссия екi iрiктеу турынан өткен, сондай-ақ әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнiң үздiк жоғары оқу орындарына магистр, ординатор, аспирант немесе доктор бағдарламалары бойынша өз бетiнше оқуға түскен үміткерлердiң жеке iстерiн зерделейдi және жеке әңгiмелесу өткiзедi. Республикалық комиссия әңгiмелесудiң нәтижелерiне және Қазақстан Республикасының мамандарға деген қажеттiлiгiне сәйкес стипендияға кандидаттарды iрiктейдi.
      8. Шетелде оқуға ұсынылған үмiткерлерге "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы түпкiлiктi шешiмдi Республикалық комиссия қабылдайды.
      Шешiм мәжiлiстiң хаттамасымен ресiмделедi және оған комиссияның қатысып отырған барлық мүшелерi қол қояды.

  4. Шетелде оқыту үшiн стипендиатпен келiсiм-шарт мiндеттемелерiн жасасу мен орындау

      9. Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиаттарының тiзiмiн бекiткеннен кейiн Республикалық комиссияның жұмыс органы стипендиатпен келiсiм-шарт жасасады.
      Келiсiм-шарт мiндеттi түрде:
      келiсiм-шарттың мәнiн;
      тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн;
      осы Ереженiң 12-тармағында көзделген жағдайда стипендиаттың оны оқытуға жұмсалған қаражатты қайтаруы жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз етудiң тәсiлiн;
      оқытудың мерзiмi мен шарттарын;
      осы Ереженiң 13-тармағында көзделген жағдайдан басқа, стипендиаттың (шетелде оқуы аяқталғаннан кейiн) бес жыл өтеу жұмысын iстеуi үшiн мiндеттi түрде Қазақстан Республикасына қайтып оралуы туралы шартты қамтуы тиiс.
      10. Келiсiм-шарт "Болашақ" стипендиаттарын оқытуға шетелдік серiктестерге, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне ақша аудару үшiн негіз болып табылады.
      11. Шетелдiк серiктестерге, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелеріне ақша аударғаннан кейiн Республикалық комиссияның жұмыс органы келiсiм-шартта көрсетiлген мерзiмде шетелдің жоғары оқу орындарында оқыту үшiн стипендиаттарды жiберудi қамтамасыз етедi.
      12. Егер стипендиат оқу бағдарламасынан дәлелсiз себептермен шығып қалса, келiсiм-шартта көзделген өзiнiң мiндеттемелерiн орындамаса, ол оны оқытуға жұмсалған ақшаның бүкiл сомасын қайтаруға тиiс.
      13. Стипендиаттың Республикалық комиссияның жазбаша келiсiмiн алған жағдайда шетелдегi халықаралық ұйымға еңбекпен өтеуі үшiн жұмысқа тұруына құқығы бар.
      Стипендиаттардың жұмысқа тұруға құқығы бар халықаралық ұйымдардың тiзбесiн жыл сайын Республикалық комиссия бекiтедi.
      14. Стипендиат келiсiм-шартта көрсетiлген форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан өзiнiң мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамаған жағдайда оған жауапты болмайды.

      

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 14 мая 2004 года N 1368

Подлежит опубликованию      
в "Собрании актов           
Президента и Правительства" 

      
      В целях дальнейшего совершенствования работы по отбору претендентов и присуждению международной стипендии Президента Республики Казахстан "Болашак" постановляю:

      1. Внести изменения и дополнения в следующие акты Президента Республики Казахстан:

      1) в  Указ  Президента Республики Казахстан от 12 октября 2000 года N 470 "Об утверждении Правил отбора претендентов и присуждения  международной стипендии Президента Республики Казахстан "Болашак" и  Положения о республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 43, ст. 503):
 
      в заголовке и по всему тексту названного Указа слова "республиканская комиссия" заменить словами "Республиканская комиссия";
 
      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      "1-1. Руководителям центральных и местных исполнительных органов Республики Казахстан ежегодно не позднее 1 сентября представлять в Республиканскую комиссию по подготовке кадров за рубежом заявку на подготовку специалистов по программе "Болашак".";
 
      Правила отбора претендентов и присуждения международной стипендии Президента Республики Казахстан "Болашак", утвержденные названным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему Указу;
 
      в Положении о республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом, утвержденном названным Указом:
 
      в заголовке и по всему тексту слова "республиканская комиссия" заменить словами "Республиканская комиссия";
      
      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания: 
      "3-1. Рабочим органом Республиканской комиссии является Министерство образования и науки Республики Казахстан.";
 
      пункт 4 дополнить абзацем третьим следующего содержания:
      "утверждение ежегодного перечня наиболее востребованных для Казахстана специальностей, по которым будет осуществляться подготовка кадров по стипендии "Болашак";";
 
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Председатель Республиканской комиссии организует ее работу и обеспечивает координацию деятельности членов Республиканской комиссии, а также по представлению рабочего органа утверждает положение и состав экспертной комиссии по проведению первого тура отбора стипендиатов в соответствии с законодательством республики и настоящим Положением.";
 
      в пункте 6 слова "ректорами высших учебных заведений и независимыми" заменить словами "рабочим органом и";
 
      в пункте 10:
 
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "10. Рабочий орган Республиканской комиссии осуществляет следующие функции:";
 
      в абзаце третьем слова "организацию проведения" заменить словами "организацию и проведение";
 
      в абзаце шестом после слов "(соглашения, договора)" дополнить словами "по вопросам организации обучения по стипендии "Болашак" за рубежом";
 
      дополнить абзацами следующего содержания:
      "осуществляет прием документов претендентов на стипендию "Болашак";
      заключает контракты со стипендиатами и обеспечивает контроль за их выполнением;
      составляет сметы расходов на обучение стипендиатов "Болашак" на основании счетов, предоставляемых зарубежными партнерами и загранучреждениями Республики Казахстан;
      получает в установленном законодательством Республики Казахстан порядке лицензию на проведение операций, связанных с использованием валютных ценностей для оплаты обучения стипендиатов "Болашак" в зарубежных высших учебных заведениях;
      производит оплату за обучение, проживание, питание и другие расходы в соответствии с пунктом 2 Правил отбора претендентов и присуждения международной стипендии Президента Республики Казахстан "Болашак" путем перечисления денег на счета зарубежных партнеров и загранучреждений;
      вносит на рассмотрение Республиканской комиссии перечень наиболее востребованных для Казахстана специальностей, по которым будет осуществляться подготовка кадров по стипендии "Болашак";";

      2)  (утратил силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N  1696  (вводится в действие со дня подписания).
 

      2. Настоящий Указ вступает в силу со дня опубликования.
 
       Президент
  Республики Казахстан

Приложение       
к Указу Президента    
Республики Казахстан   
от 14 мая 2004 года   
N 1368         

Утверждены       
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 12 октября 2000 года 
N 470         

Правила
отбора претендентов и присуждения международной стипендии Президента Республики Казахстан "Болашак"

      Настоящие Правила определяют порядок отбора претендентов и присуждения международной стипендии Президента Республики Казахстан "Болашак" для подготовки кадров за рубежом (далее - стипендия "Болашак"), учрежденной  постановлением  Президента Республики Казахстан от 5 ноября 1993 года N 1394 "Об учреждении международных стипендий Президента Республики Казахстан "Болашак" для подготовки кадров за рубежом".      

  1. Общие положения

      1. Стипендия "Болашак" является персональной и присуждается ежегодно Республиканской комиссией по подготовке кадров за рубежом (далее - Республиканская комиссия) в целях подготовки специалистов по приоритетным для Республики Казахстан отраслям экономики и социальной сферы со степенью магистра (мастера), а также научно-педагогических кадров для организаций образования и науки со степенью доктора и специалистов для организаций здравоохранения на уровне клинической ординатуры, аспирантуры и докторантуры в зарубежных высших учебных заведениях, имеющих лучшие показатели согласно публикуемым рейтингам.
      2. Стипендия "Болашак" выплачивается из республиканского бюджета и включает в себя оплату всех видов расходов за обучение, оформление виз, оплату анкетных форм зарубежных высших учебных заведений, регистрацию стипендиатов в уполномоченных органах принимающих стран, оплату расходов по устройству стипендиатов в зарубежных высших учебных заведениях, за телефонную, электронную, почтовую связь, проживание, питание, учебную литературу, медицинскую страховку, проезд от места жительства в Казахстане до места учебы при поступлении и обратно после завершения обучения, проезд до места жительства в Казахстане и обратно после каждого года обучения при сроке обучения более одного года, расходы экспертных комиссий по отбору претендентов, расходы зарубежных партнеров, связанные с выполнением их обязательств по договорам с рабочим органом Республиканской комиссии, а также информационную поддержку конкурсного отбора: объявления в средствах массовой информации, опубликование итогов конкурса в официальной печати, презентационные мероприятия в регионах.
      Размер стипендии по каждому учебному заведению устанавливается рабочим органом Республиканской комиссии на основе калькуляции, предоставленной зарубежным учебным заведением, зарубежными партнерами, загранучреждениями Республики Казахстан.
      3. Стипендия "Болашак" присуждается для обучения в магистратуре сроком от 1 года до 2 лет, для обучения в аспирантуре и докторантуре сроком от 3 до 4 лет, но не более срока, предусмотренного учебным планом зарубежного учебного заведения. В случаях, предусмотренных абзацем вторым пункта 6 настоящих Правил, срок обучения увеличивается на один семестр. Стипендия выделяется стипендиатам на основании контракта, заключаемого между рабочим органом Республиканской комиссии и стипендиатом.
      Стипендия "Болашак" присуждается однократно.

  2. Требования, предъявляемые к претендентам
 на стипендию "Болашак"

      4. Для участия в конкурсе на присуждение стипендии "Болашак" допускаются граждане Республики Казахстан в возрасте до 35 лет, окончившие высшие учебные заведения Республики Казахстан и проработавшие по специальности не менее одного года. Претенденты на обучение по медицинским специальностям должны иметь стаж работы в организациях здравоохранения не менее 3 лет. Для обучения по магистерской программе, в ординатуре и аспирантуре претендент должен иметь высшее профессиональное образование. Для обучения по докторской программе претендент должен иметь степень магистра или кандидата наук.
      В конкурсе могут принять участие также граждане Республики Казахстан, самостоятельно поступившие на обучение по программам магистра, ординатора, аспиранта, доктора в высшие учебные заведения ведущих стран мира, имеющие лучшие показатели согласно публикуемым рейтингам.
      5. Кандидаты должны соответствовать следующим требованиям:
      средний балл успеваемости по окончании высшего учебного заведения Республики Казахстан должен быть не менее 4,5;
      свободное владение одним из иностранных языков (английский, немецкий, французский и др.), подтвержденное сертификатами, заключением независимой зарубежной экспертной комиссии или другими документами о сдаче соответствующих тестов и экзаменов принимающей стороны;
      владение компьютером в режиме пользователя;
      активное и результативное участие в научно-исследовательской работе, подтвержденное публикациями, авторскими свидетельствами, тезисами докладов, дипломами, грамотами;
      знание истории и культуры, государственного устройства, государственных символов Республики Казахстан.
      Претенденты на обучение на степень доктора должны также представить рекомендацию Ученого совета организации образования (науки).
      Лица, самостоятельно поступившие в зарубежные учебные заведения на обучение по программам магистра, аспиранта, доктора, дополнительно представляют:
      мотивированное заявление;
      рекомендацию зарубежного учебного заведения, в котором обучается претендент.
      Поступившие на обучение по программе доктора представляют также развернутый план докторской диссертации, утвержденный зарубежным учебным заведением.
      6. Претенденты по инженерным, техническим и медицинским специальностям принимают участие в конкурсе на стипендию "Болашак" без учета требования о свободном владении одним из иностранных языков, предусмотренного пунктом 5 настоящих Правил.
      Победителям конкурса на обучение по инженерным, техническим и медицинским специальностям разрешается пройти односеместровую подготовку по иностранному языку за счет стипендии "Болашак". В случае, если стипендиат не освоит иностранный язык в необходимом объеме для обучения по программе магистра, ординатора, аспиранта или доктора, он лишается права на дальнейшее продолжение обучения по стипендии "Болашак" и возмещает республике затраты, произведенные на предварительное изучение иностранного языка.

  3. Порядок отбора претендентов
 на получение стипендии "Болашак"

      7. Отбор для получения стипендии "Болашак" состоит из трех туров, а для граждан, самостоятельно поступивших на обучение по программам магистра, ординатора, аспиранта, доктора в высшие учебные заведения ведущих стран мира, имеющие лучшие показатели согласно публикуемым рейтингам, - из одного тура (третий заключительный тур).
      В первом туре имеют право принимать участие кандидаты, которые соответствуют критериям, изложенным в пунктах 5, 6 настоящих Правил, и специализируются в областях, соответствующих ежегодно утверждаемому Республиканской комиссией перечню наиболее востребованных для Казахстана специальностей.
      Рабочий орган до проведения первого тура публикует в официальной печати объявление о начале конкурса и Правила отбора претендентов и присуждения международной стипендии Президента Республики Казахстан "Болашак", а также осуществляет прием документов претендентов и их проверку на предмет соответствия установленным требованиям, после чего направляет их на рассмотрение экспертной комиссии.
      Первый тур конкурса проводится экспертной комиссией до 1 июня ежегодно. Положение и состав экспертной комиссии утверждаются председателем Республиканской комиссии по представлению рабочего органа.
      Рабочий орган в течение недели после первого тура конкурса публикует в официальной печати список претендентов, рекомендованных на второй тур конкурса, и передает его зарубежной экспертной комиссии.
      Второй тур конкурса проводит зарубежная экспертная комиссия с 5 июня по 5 июля ежегодно. Претенденты, успешно прошедшие первый тур, проходят тестирование и собеседование на свободное владение одним из иностранных языков. Состав и организация работы зарубежной экспертной комиссии определяются рабочим органом Республиканской комиссии совместно с уполномоченной организацией зарубежной страны, принимающей на обучение стипендиатов "Болашак". По результатам тестирования эксперты дают свое заключение по каждой кандидатуре по форме, установленной рабочим органом.
      Персональные заключения по каждой кандидатуре передаются в рабочий орган Республиканской комиссии в месячный срок после завершения второго тура.
      Заключения зарубежных экспертов и копии официальных сертификатов кандидатов на стипендию "Болашак" вместе с личными делами претендентов, успешно прошедших два отборочных тура, а также самостоятельно поступивших на обучение по программам магистра, ординатора, аспиранта или доктора в лучшие учебные заведения ведущих стран мира, вносятся рабочим органом Республиканской комиссии на третий тур.
      Третий тур конкурса проводит Республиканская комиссия ежегодно не позднее 1 августа.
      Республиканская комиссия изучает личные дела и проводит персональное собеседование с претендентами, прошедшими два отборочных тура, а также самостоятельно поступившими на обучение по программам магистра, ординатора, аспиранта или доктора в лучшие учебные заведения ведущих стран мира. Республиканская комиссия отбирает кандидатов на стипендию в соответствии с результатами собеседования и потребностью Республики Казахстан в специалистах.
      8. Окончательное решение о присуждении стипендии "Болашак" претендентам, рекомендованным для учебы за рубежом, принимает Республиканская комиссия. Решение оформляется протоколом заседания и подписывается всеми присутствующими членами Комиссии.

  4. Заключение и выполнение контрактных
обязательств со стипендиатом для обучения за рубежом

      9. После утверждения Республиканской комиссией списка стипендиатов "Болашак" рабочий орган Республиканской комиссии заключает контракт со стипендиатом.
      Контракт должен в обязательном порядке содержать:
      предмет контракта;
      права и обязательства сторон;
      способ обеспечения исполнения обязательств стипендиата по возврату средств, затраченных на его обучение, в случае, предусмотренном пунктом 12 настоящих Правил;
      срок и условия обучения;
      условие об обязательном возвращении стипендиата в Республику Казахстан (после завершения обучения за рубежом), кроме случая, предусмотренного в пункте 13 настоящих Правил, для пятилетней отработки.
      10. Контракт является основанием для перечисления денег зарубежным партнерам, загранучреждениям Республики Казахстан за обучение стипендиатов "Болашак".
      11. После перечисления денег зарубежным партнерам, загранучреждениям Республики Казахстан рабочим органом Республиканской комиссии обеспечивается направление стипендиатов для обучения в зарубежных высших учебных заведениях в указанные в контракте сроки.
      12. В случае, если стипендиат выбывает из программы обучения по неуважительным причинам, не исполняет своих обязательств, предусмотренных контрактом, он должен возвратить всю сумму денег, затраченную на его обучение.
      13. Стипендиат имеет право трудоустроиться для отработки в международную организацию за рубежом при получении письменного разрешения Республиканской комиссии.
      Перечень международных организаций, в которые стипендиаты имеют право трудоустроиться, ежегодно утверждается Республиканской комиссией.
      14. Стипендиат не несет ответственности в случае полного или частичного неисполнения своих обязательств вследствие указанных в контракте форс-мажорных обстоятельств.