Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Актілер жинағында"
жариялануға тиіс
(Үзінді)
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізіліміндегі "Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры, оның орынбасарлары" деген жолдан кейін "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайының директоры, оның орынбасарлары" деген жолмен толықтырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығына :
аталған Жарлыққа 1-қосымшадағы:
"Қазақстан Республикасы
Президенті Мұрағатының
директоры
6,70 7,04 7,37 7,71 8,04 8,24 8,44 8,64 8,84 8,91 9,05"
деген жолдан кейін:
"Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президенті
Мұражайының директоры
6,70 7,04 7,37 7,71 8,04 8,24 8,44 8,64 8,84 8,91 9,05"
деген жолмен толықтырылсын,
"Қазақстан Республикасы
Президенті Мұрағаты
директорының орынбасарлары
4,05 4,25 4,46 4,66 4,86 4,98 5,10 5,22 5,35 5,39 5,47"
деген жолдан кейін:
"Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президенті
Мұражайы директорының
орынбасарлары
4,05 4,25 4,46 4,66 4,86 4,98 5,10 5,22 5,35 5,39 5,47"
деген жолмен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті