ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Республика Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп он күн мерзімде Мемлекет басшысының қарауына бұрын шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын енгізсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 4 наурыздағы
N 1524 Жарлығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Президент Әкімшілігінің Басшысы
Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары мен
орынбасарлары
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Президент көмекшілері
Президент Кеңсесі
Президент кеңесшілері
Ақпараттық-талдау орталығы
Жалпы бөлім
Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі
Заңнама және құқықтық сараптау бөлімі
Кадр саясаты бөлімі
Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөлімі
Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімі
Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі
Қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Президенттің Парламенттегі өкілдігі
Президенттің Баспасөз қызметі
Президент Протоколы
Қазақстан халықтары Ассамблеясының хатшылығы
Мемлекеттік хатшының хатшылығы
Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы
Ахуалдық орталық
Әлеуметтік-саяси бөлім
Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі
Сыртқы саясат орталығы
Жүйелі зерттеулер орталығы