Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабының 1-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi шараларды жетiлдiру, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы қимыл жасауға бағытталған iс-шараларды орындау, сондай-ақ мемлекеттiк органдардағы лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуы үшiн жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң тәртiптiк кеңестерi құрылсын, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігі мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттілiктi нығайту мақсатында тәртiптiк кеңестердiң жұмысын мына қағидаттарға сүйенiп ұйымдастырсын:
қызметiнiң жариялылығы, жүйелiлігі және iстiң алдын алуға бағытталуы;
жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн жұмыс отырыстарын әзiрлеу мен өткiзуге кеңiнен тарту.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) 2005 жылдың үшiншi тоқсанында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (қаржы полициясымен) бiрлесiп 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне енгiзсiн, негiзгi назар сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерi мен жағдайларын және азаматтардың құқықтарын бұзуды жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет қабылдаған шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету, бағдарламаны iске асырудың барысы туралы ел халқын жүйелi түрде хабардар ету жөнiндегі iс-шараларды әзiрлеуге аударсын;
2) мемлекеттiк органдарда лауазымды адамдардың жоғары жауапкершілiгi мен дер кезiнде ден қою қағидаттарына негiзделген азаматтардың арыздарын, заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың нәтижелерiн есепке алу мен бақылаудың бiрыңғай жүйесiн құратын болсын;
3) жекешелендiру процесiнiң, мемлекеттiк сатып алу және салық саясаты, жер қойнауын пайдалану және жер қатынастары салаларында шешiмдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлесiн;
4) 2005 жылдың аяғына дейiн:
бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығы мен тиiмділігi қағидаттарында мемлекеттiк сатып алудың тендерлiк жүйесiнен негiзiнде биржалық саудаға, сондай-ақ электрондық мемлекеттiк сатып алуға көшу үшiн қажеттi жағдай туғызатын болсын;
шекара арқылы өткiзiлетiн жүктердi, соның iшiнде транзиттiк жүктердi алып жүру үшiн шектес мемлекеттермен бiрыңғай ақпараттық жүйенi пайдалана отырып, жүктердi тек кеден шекарасы өтетiн орындарда ресiмдеудi көздейтiн кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудың нақты тәртiбiн жасасын;
сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызуға ықпал ететiн факторларды кешендi зерделеудi және меншiк құқықтарын кепiлдi қорғауға бағытталған шаралар тұжырымдауды қамтамасыз етсiн;
5) азаматтар құқықтары мен кәсiпкерлердiң заңды мүдделерiн олардың қызметiне мемлекеттiк органдардағы лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау мақсатында 2005 жылғы 1 тамызға дейiн:
мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау функцияларын реттеуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн;
лицензиялық-рұқсат беру жүйесiн оңтайландыру жөнiндегi, соның iшiнде қызметтiң лицензияланатын түрлерiн қысқарту және лицензиялар мен рұқсаттар алудың тәртiбiн оңайлату жөнiндегi жұмысты аяқтасын;
2006 жылы Қазақстанның барлық өңiрлерiнде халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсету орталықтарын құру жөнiнде шаралар қабылдасын;
6) 2005 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiмен (қаржы полициясымен) және Бас прокуратурамен бiрлесiп қолданыстағы заңға тәуелдi актiлерге, оларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарына жағдай туғызуды болдырмайтын нормалар енгiзу тұрғысынан, тексеру жүргiзсiн;
7) ұлттық компаниялар мен мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiн реттейтiн, айқындық пен ашықтықты, соның iшiнде олардың кiрiс бөлігін түзу, мемлекеттiк сатып алуды және кадр саясатын жүзеге асыру саласындағы айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы:
2005 жылғы төртiншi тоқсанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан қаржы бақылау органын құру жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын енгізсiн;
2005 жылдың соңына дейiн заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (тазартуға) қарсы iс-қимыл туралы заң жобасын әзiрлеудi аяқтап, Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
2005 жыл iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, қызмет бабын асыра пайдалануды, бюджет қаражаты мен ресурстарын нысаналы пайдаланбауды, лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз қатысуын анықтау мақсатында тексерулердi жүзеге асырсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы):
мемлекеттiк органдардағы лауазымды адамдар тарапынан болатын сыбайлас жемқорлықтың көрiнiс беру фактiлерi туралы азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен хабарламаларға (арыздарға) жедел ден қою қызметтерiн құратын болсын;
шенеунiктер тарапынан кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласу, кәсiпкерлер құқықтарына қысым жасау фактiлерiн анықтау жөнiндегі iс-шараларды тұрақты негiзде жүргізсiн;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерi бойынша арыздарды қараудың нәтижелерi туралы өтiнiш берушiлер мен жұртшылықты хабардар ету жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң ашықтығын қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгі:
мемлекеттiк органдар қызметіндегi сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға мемлекеттік билiк органдарында лауазымдар атқаруға тыйым салу туралы өзгерiстер мен толықтырулар енгізудi көздейтiн заң жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсін;
Мемлекеттiк қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн аттестаттауды өткiзу туралы үлгi ереже әзiрлесiн;
бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiсiнiң ар-намыс кодексiн әзiрлесiн;
мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілердiң бос қызмет орындарына орналасуға арналған конкурстардың ашық өткiзiлуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлесiн.
7. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) орталық атқарушы және жергілiктi билiк органдары басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын орындауына тексерулер жүргiзсiн. Осы жұмыстың нәтижелерi туралы жұртшылықты кеңiнен хабардар етудi қамтамасыз етсiн.
8. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
2005 жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен бiрлесiп, алқабилер соты институтын енгiзу және қалыптастыру мәселелерiн реттейтiн заң жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн;
адвокатураның сот iсiн жүргiзу шеңберiндегi және сот шешiмдерiнiң орындалу кезеңiндегi рөлiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдасын, тиiстi заң жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзсiн.
9. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына:
Жоғары Сот Кеңесiмен бiрлесiп халықтың сот төрелігі органдарына сенiмiн арттыру мақсатында сот жүйесiндегi сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеп, iске асыру;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстары туралы iстер бойынша сот практикасын қорыту, соттардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы қолдануы жөнiнде тиiстi түсiнiктерді тұжырымдау ұсынылсын.
10. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлеп, қабылдасын, олардың уақтылы әрi сапалы орындалуын қамтамасыз етсiн;
өңiрлерде кәсiпкерлердiң құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметiне бақылаушы мемлекеттiк органдар тарапынан заңсыз араласуға, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердiң коммерциялық құрылымдар мүдделерiн сүйемелдеп-қолдауына тыйым салу жөнiнде шаралар қолдансын;
аумақтық құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен бiрлесiп мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерi тарапынан, бiрiншi кезекте тұрғын үй-коммуналдық бiлiм беру және денсаулық сақтау салаларында азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты қызмет бабын асыра пайдалану, парақорлық, бопсалау фактілерiн анықтауға бағытталған тексерулер жүргізсiн;
жер учаскелерiн бөлу кезiнде Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің ережелерiн мүлтiксiз сақтауды қамтамасыз етсiн, бекiтiлген жер меншiгін заңсыз қайта бөлу фактілерiн болдырмасын;
барлық мемлекеттiк мекемелер басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде қолданған шаралары туралы халық алдында ұдайы есеп беруiн өткiзудi ұйымдастырсын.
11. Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының бұзылуына жол берген мемлекеттік органдар басшылары мен лауазымды адамдары қызметiнiң әдiл әрi жан-жақты қаралуын қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2011.02.18 N 1157 Жарлығымен.12. Қазақстан Республикасының Үкiметi және басқа да орталық атқарушы органдары осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
13. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгіне жүктелсiн.
14. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының |