Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.
ҚР ПҮАЖ-нда және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 N 156 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимитін облыстардың, Астана және Алматы қалалары тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары мен хатшылықтары қызметкерлерінің санын қалыптастыруға көзделген штат бiрлiгі санына қысқарту жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) бұрын қабылдаған өз актілерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат, N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат, N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат, N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат, N 21, 267-құжат, N 27, 344-құжат, N 48, 590-құжат):
1-қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі агенттігі 164,
соның iшiнде аумақтық органдар 120"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
қызмет iстерi агенттiгі 253,
соның ішiнде аумақтық органдар 204";
2) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен;
3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
4) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
5) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
6) Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді) Жарлығымен.
7) күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен;Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900; 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2018 № 681 Жарлықтарымен.
4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері туралы ереже
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 N 156 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).