Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығы.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.

      ҚР ПҮАЖ-нда және

      республикалық баспасөзде

      жариялануға тиіс

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 N 156 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi заңнамада белгіленген тәртiппен:

      1) жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимитін облыстардың, Астана және Алматы қалалары тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары мен хатшылықтары қызметкерлерінің санын қалыптастыруға көзделген штат бiрлiгі санына қысқарту жөнiнде шаралар қабылдасын;

      2) бұрын қабылдаған өз актілерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;

      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат, N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат, N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат, N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат, N 21, 267-құжат, N 27, 344-құжат, N 48, 590-құжат):

      1-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

      қызмет істері жөніндегі агенттігі 164,

      соның iшiнде аумақтық органдар 120"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк

      қызмет iстерi агенттiгі 253,

      соның ішiнде аумақтық органдар 204";

      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен;

      3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      4) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      5) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      6) Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.12.28. N 501 (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді) Жарлығымен.

      7) күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен;
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900; 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2018 № 681 Жарлықтарымен.

      4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгізiледi.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 30 маусымдағы
N 1598 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестері туралы ереже

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 N 156 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады