"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 1618 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 393-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржова" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 1619 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 394-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржова" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 1620 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 395-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржова" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 4 Мемлекеттік орталық полигонын пайдалану тәртібі туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N 1623 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 396-құжат):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржова" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті