Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 527-құжат; 2005 ж., N 21, 244-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрі, төрағаның
орынбасары,
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна министрі,
Мұханов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мақсат Нұрдәулетұлы Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
талдау бөлімінің меңгерушісі,
Палымбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Болат Әбілқасымұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
аталған Мемлекеттік комиссияның құрамынан: С.М.Мыңбаев, А.Ғ.Дунаев, Е.Т.Орынбаев, Қ.Н.Келімбетов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті