Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 1461 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың тұрақты мониторингін, тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
      2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.

      3. Мемлекеттік комиссияның шешімдері барлық құрылыс салушылардың, құрылысшы мердігерлік компаниялар мен фирмалардың назарына алынады деп белгіленсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2004 жылғы 21 қазандағы 
N 1461 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН        

Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске
асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асырудың тұрақты мониторингін және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында құрылды.
      2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
      3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
      4. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері,
функциялары мен өкілеттіктері

      5. Мемлекеттік комиссияның міндеттері:
      1) Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
      2) Мемлекеттік бағдарламамен айқындалған нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.
      6. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және Мемлекет басшысына енгізу;
      2) Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың мониторингін жүргізу мен тиімділігін бағалау;
      3) Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары комиссияларының есептерін қарау.
      7. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық мемлекеттік және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан сұратуға;
      2) өз отырыстарында Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары комиссияларының есептерін тыңдауға;
      3) Мемлекет басшысына Мемлекеттік бағдарламаны одан әрі іске асыру туралы ұсыныстар енгізуге;
      4) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      8. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
      9. Мемлекеттік комиссияның отырыстары Мемлекеттік комиссияның мүшелері жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады. Мемлекеттік комиссияның мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
      10. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысушы мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      11. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
      12. Мемлекеттік комиссияның төрағасы:
      1) Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етеді;
      2) Қазақстан Республикасының Президентін Мемлекеттік комиссияның істеген жұмысы туралы кемінде жарты жылда бір рет хабардар етеді.
      13. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
      14. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:
      1) Мемлекеттік комиссияның мүшелерін оның отырыстарының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
      2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
      3) Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
      4) Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдердің уақтылы және сапалы орындалуын бағалай отырып, оның төрағасына істелген жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті береді;
      5) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      15. Орталық мемлекеттік және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндеттерді орындауында оған жәрдем көрсетуге міндетті.
      16. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2004 жылғы 21 қазандағы 
N 1461 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН        

Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске
асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.05.20. N 1576 , 2006.05.25. N 125 , 2007.04.17. N 316 жарлықтарымен.

Мәсімов                  - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы          Премьер-Министрі, төраға

Оразбақов                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы           және сауда министрі, төрағаның
                           орынбасары

Омаров                   - Қазақстан Республикасының
Қайсар Оспанұлы            Индустрия және сауда министрлігі
                           Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық
                           шаруашылық істері комитетінің
                           төрағасы, хатшы

      Мемлекеттік комиссияның мүшелері:

Өксікбаев                - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Омархан Нұртайұлы          бақылау жөніндегі есеп комитетінің
                           төрағасы

Осипов                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Василий Иванович           Мәжілісі Аппараты басшысының
                           орынбасары

Имантаев                 - Қазақстан Республикасы Президенті
Ермек Жетпісбайұлы         Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау
                           және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің
                           мемлекеттік инспекторы

Коржова                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна          министрі

Мамытбеков               - Қазақстан Республикасы Президентінің
Еділ Құламқадырұлы         Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
                           талдау бөлімінің меңгерушісі

Сапарбаев                - Қазақстан Республикасының Экономика
Бердібек Машбекұлы         және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады