Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкімет актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру, байланыстарды нығайту және Қазақстан Республикасының Президенті мен Украина Президенті кездесулерінің барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылы өткізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрсын және көрсетілген іс-шараны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті