2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 235 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкімет актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс         

      Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру, байланыстарды нығайту және Қазақстан Республикасының Президенті мен Украина Президенті кездесулерінің барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылы өткізілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрсын және көрсетілген іс-шараны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады