Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Yкіметі актiлерiнiң жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиiс
Мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғыртуға бағытталған әкiмшiлiк реформаны тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Мемлекеттiк басқару жүйесiн реформалаудың мынадай негiзгi қағидаттары белгiленсiн:
1) кезеңдердiң бiртiндеушiлiгi мен дәйектiлiгi;
2) реформалаудың алға қойылған мiндеттерiнiң кешендiлiгi және ұсынылып отырған шешiмдердiң жүйелiлiгi;
3) транспаренттiлiк;
4) қабылданған шешiмдердi iске асырудың тұрақты мониторингi;
5) жұмылдырылған барлық мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының тиiмдiлiгi.
2. Мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесi мыналарға негiзделсiн:
1) өңiрлердiң дербестiгiн сақтау барысында орталық мемлекеттiк органдардың бақылау және қадағалау функцияларының тиiмдiлiгiн арттыру;
2) атқарушы билiктiң әртүрлi деңгейлерi арасындағы өзара қарым-қатынастарда икемдiлiктi арттыру;
3) мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін кешенді бағалау;
4) мемлекеттiк қызметке неғұрлым дарынды кадрларды тарту үшiн жағдай жасау;
5) мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру;
6) бюджет процесiне жаңа тәсiлдер енгiзу;
7) мемлекеттiк менеджменттiң соңғы нәтижеге бағдарланған оңтайлы әдiстерiн енгiзу;
8) сыбайлас жемқорлықты азайту.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 19.03.2010 № 954 Жарлығымен.3. Осы кезеңде реформалаудың басымдықтары мыналар болуға тиiс деп белгiленсiн:
1) мемлекеттiк басқарудың процестерi мен рәсiмдерiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсетудi сапалы жетiлдiру;
2) мемлекеттiк аппарат қызметiнiң кәсiбилiгiн, тиiмдiлiгiн және оның үйлесiмдiлiгiн арттыру.
4. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.
5. Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің басшылығымен осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 16.04.2014 № 799 Жарлығымен.6. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Мемлекеттiк басқарудың өзектi мәселелерiн зерделеу жөнiндегi орталық құру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
2) осы Жарлықтың ережелерiнен туындайтын заң жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзсiн;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Әкiмшiлiк реформа жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 18 сәуiрдегi N 46a өкiмi;
2) "Мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiруге бағытталған шараларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 қыркүйектегi N 66 өкiмi;
3) "Әлеуметтiк саланы және құқық қорғау жүйесiн одан әрi жаңғырту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 72 өкiмi.
8. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
9. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының |
Президентi |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 273 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН |
Мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi бiрiншi
кезектегi iс-шаралар
ЖОСПАРЫ
1. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың әкiмшiлiк регламенттерiн әзiрлей отырып:
1) мемлекеттiк органдар мен қызметшiлердiң функционалдық мiндеттерiмен өкiлеттiктерiн қалыптау және аражiгiн ажырату;
2) мемлекеттiк органдарды үйлестiру және олардың арасындағы өзара iс-қимыл тетiгiн айқындау;
3) қоғамға, халыққа және бизнеске мемлекеттiк қызмет көрсетулер стандарттарын әзiрлеу мақсатында әкiмшiлiк рәсiмдер жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру
iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы бiрiншi жартыжылдық,
жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi.
2. Тiкелей халыққа қызмет көрсетулер ұсынатын мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк қызмет көрсетулер ұсыну стандарттарын әзiрлеу және енгiзу
iске асыру мерзiмi - 2007-2008 жылдар,
жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Үкiметi.
3. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiне кезең-кезеңiмен функционалдық талдау жүргiзу
iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы бiрiншi жартыжылдық,
жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi.
4. Функционалдық талдау нәтижелерi негiзiнде мемлекеттiк басқару құрылымын жетiлдiру
iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы төртiншi тоқсан,
жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi.
5. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қызметкерлерiнiң функционалдық талдау нәтижелерiне негiзделген оңтайлы санын қамтамасыз ету
iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы төртiншi тоқсан,
жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.
6. Мемлекеттiк басқарудың өзектi мәселелерiн зерделеу жөнiндегi орталық құру туралы ұсыныстар енгiзу
iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы бiрiншi жартыжылдық,
жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.
7. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесiн әзiрлеу
iске асыру мерзiмi - 2007 жыл,
жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 19.03.2010 № 954 Жарлығымен.8. Стратегиялық мақсаттардың қол жеткiзiлу деңгейiн, мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң ұсынылу сапасын, бағдарламалық құжаттардың iске асырылу тиiмдiлiгi мен басқа да көрсеткiштердi есепке алатын мемлекеттiк органдар қызметiнiң рейтингтiк бағалау жүйесiн әзiрлеу мен енгізу
iске асыру мерзiмi - 2007 жылғы бiрiншi жартыжылдық,
жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң сапасын бағалау жөнiнде халыққа әлеуметтанушылық сауал қоюларды тұрақты түрде өткізіп тұру
iске асыру мерзiмi - 2008 жылдан бастап,
жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi.
10. "Электрондық үкiметтi" кезең-кезеңiмен енгiзу
iске асыру мерзiмi - 2007-2008 жылдар,
жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.
11. Мемлекеттiк қызметшiлердi басқарудың және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың стратегиялық жоспарын әзiрлеу
iске асыру мерзiмi - 2007 жыл,
жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi.
12. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу
iске асыру мерзiмi - 2007 жылдың бiрiншi тоқсаны,
жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.
13. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс сапасын бағалау жүйесiн жасау
iске асыру мерзiмi - 2007 жылдың төртiншi тоқсаны;
жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.
14. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне көбiрек дербестiк беру және түпкi нәтижелерге қол жеткiзу үшiн олардың жауапкершiлiгiн күшейту мақсатында бюджеттiк жоспарлауды жетiлдiру
iске асыру мерзiмi - 2007-2008 жылдар,
жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.
15. Орталық мемлекеттiк органдарда бас директор жоғары әкiмшiлiк лауазымын енгiзу туралы заң жобасын әзiрлеу және оны енгiзу
iске асыру мерзiмi - 2007 жылдың бiрiншi тоқсаны,
жауапты орындаушылар - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Yкiметi.
16. Құқық қорғау жүйесi мен бюджет саласын (бiлiм беру және денсаулық сақтау) жаңғырту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу
iске асыру мерзiмi - 2007 жыл,
жауапты орындаушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 273 Жарлығымен |
|
БЕКІТІЛГЕН |
Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.02.2018 № 642 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 22.07.2019 № 74; 28.10.2019 № 195; 05.10.2020 № 427 Жарлықтарымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өңірлік саясат саласындағы жұмысты үйлестіруші орынбасары, төрағаның орынбасары |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы |
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарлары |
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |