Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі N 66 Өкімі. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2007.01.13. N 273 өкімімен.

 "Президент пен Үкімет актілерінің 
жинағында" толық мәтіні және   
республикалық баспасөзде     
мазмұны жариялануға тиіс     

      1. Қоса беріліп отырған, Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сайланымының үшінші сессиясында сөйлеген сөзінде айтылған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз әрі уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

                                         Қазақстан Республикасы
                                              Президентінің
                                        2006 жылғы 11 қыркүйектегі
                                              N 66 өкімімен
                                                БЕКІТІЛГЕН

     Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан
    Республикасы Парламентінің үшінші сайланымының үшінші
       сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде айтылған
     мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған
              шараларды іске асыру жөніндегі
                   Іс-шаралар жоспары

р/с N

Міндеттер

Іс-шаралар

Орындаушылар

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

Мемлекеттік органдардың құрылымын жетілдіру

1.

Көп буындылықты жою мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарын қысқарту

1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін оңтайландыру

МҚА, ЭБЖМ

2006 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық актілер

2. Мемлекеттік органдардың штат санын қысқарту

ЭБЖМ

2006 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық актілер

2.

Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының санын қысқарту

Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімін оңтайландыру

МҚА, ЭБЖМ

2006 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық актілер

 

3.

Мемлекеттік органдардың қызметіне тұрақты негізде функционалдық талдау жүргізу

1. ЭБЖМ Әкімшілік реформа жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) жұмыс органы етіп белгілене отырып, тұрақты жұмыс істейтін ВАК құру

ЭБЖМ, тиісті орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2006 жылғы қыркүйек

Үкімет қаулысы

2. Функционалдық талдау нәтижелері негізінде мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру

ЭБЖМ (жинақтау), орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

жыл сайын қазанда есеп беру

тиісті нормативтік құқықтық актілер, Үкіметке және Президент Әкімшілігіне есеп

3. Функционалдық талдау нәтижелері негізінде мемлекеттік қызметшілердің санын оңтайландыру

ЭБЖМ (жинақтау), МҚА, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

жыл сайын қарашада есеп беру

нормативтік құқықтық актілер, Үкіметке және Президент Әкімшілігіне есеп

4.

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін функцияларды министрліктерге, іске асыру және бақылау функцияларын комитеттерге бекітіп беру

1.Функционалдық талдау нәтижелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ЭБЖМ, орталық мемлекеттік органдар

жыл сайын қарашада есеп беру

тиісті нормативтік құқықтық актілер, Үкіметке және Президент Әкімшілігіне есеп

1.1. Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін функцияларды министрліктерге, іске асыру және бақылау функцияларын пилоттық министрліктердің комитеттеріне бекітіп беру

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2006 жылғы желтоқсан

     

тиісті нормативтік құқықтық актілер, Үкіметке және Президент Әкімшілігіне есеп

 

5.

Министрліктердің, ведомстволар мен әкімдіктердің реттеуші функцияларын арттыру

Басқару шешімдерін қабылдауда министрліктердің, ведомстволар мен әкімдіктердің өкілеттіктерін кеңейту және дербестігін күшейту

ЭБЖМ (жинақтау), орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2006 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық актілер

6.

Үкіметтің құрамына кірмейтін агенттіктердің мәртебесі мен өкілеттіктерін, олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін айқындау

Үкіметтің құрамына кірмейтін агенттіктердің мәртебесі мен өкілеттіктерін, олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін айқындау жөніндегі ұсыныстар енгізу

ЭБЖМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

2006 жылғы желтоқсан

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

7.

Премьер-Министр Кеңсесінің және орталық мемлекеттік органдар аппараттарының қызметін жетілдіру

Премьер-Министр Кеңсесінің және мемлекеттік органдар аппараттарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі өкімімен құрылған жұмыс тобы

2006 жылғы желтоқсан

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

8.

Аграрлық секторда»"ҚазАгро"» холдингтік компаниясын құру

Аграрлық секторда»"ҚазАгро"»холдингтік компаниясын құру

АШМ, ЭБЖМ, Қаржымині

2006 жылғы қараша

Президент Жарлығы

 

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын олардың жұмысының сапасын бағалау негізінде ұлғайту

9.

Мемлекеттік қызметшілер жұмысының сапасын бағалау жүйесін енгізу

Мемлекеттік қызметшілер жұмысының сапасын бағалау ережелерін бекіту

МҚА, ЭБЖМ

2007 жылғы сәуір

Президент Жарлығы

10.

Мемлекеттік саяси қызметшілерге сыйлықақы беруді алып тастау және мемлекеттік органдардың қызметін рейтингтік бағалау нәтижелері негізінде жылдық бонустар төлеу жүйесін әзірлеу

Мемлекеттік саяси қызметшілерге жылдық бонустар төлеу ережелерін бекіту

МҚА, ЭБЖМ

2007 жылғы қаңтар

Президент Жарлығы

11.

Еңбекақы төлеу қоры құрамында мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді материалдық ынталандыру және еңбек шарттары бойынша қызметкерлерді жалдау үшін арнайы қор қалыптастыру

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді материалдық ынталандыру және еңбек шарттары бойынша қызметкерлерді жалдау үшін арнайы қор қалыптастыру және оны пайдалану ережелерін бекіту

ЭБЖМ, МҚА

2006 жылғы желтоқсан

Президент Жарлығы

12.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын олардың жұмысының сапасы негізінде қазақстандық ірі жекеше компаниялармен салыстыруға келетін деңгейге дейін кезең-кезеңімен арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау     және     мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін бекіту

ЭБЖМ, МҚА

2007 жылғы маусым
2007 жылғы қараша

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ұсыныстар Президент Жарлығы

Мемлекеттік қызмет көрсетулердің жоғары сапасына қол жеткізу

13.

Мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын әзірлеу және енгізу

1. Мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

МҚА (жинақтау), орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2006 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық акт

1.1 Пилоттық министрліктерде мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын енгізу

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2006 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық акт

14.

Мемлекеттік органдарда ИСО халықаралық сапа стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу

1. Мемлекеттік органдарда ИСО халықаралық сапа стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

МҚА (жинақтау), ИСМ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2006 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық акт

2. Пилоттық министрліктерде ИСО халықаралық сапа стандарттарын енгізе бастау

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2006 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық акт

15.

Ақпараттың заңды және жеке тұлғалар үшін қолжетімділікті, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен олардың қоғамға есептілігі принциптерін енгізу

1. Мемлекеттік органдар веб-сайттарын күн сайын (апта сайын) жаңарта отырып, оның міндетті және жүйелі жұмысын енгізу

МАМ (жинақтау), орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

енгізу - 2006 жылғы желтоқсан, тұрақты

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне веб-сайттардың жұмысы туралы ақпарат

 

  

  

1.1. Пилоттық министрліктерде мемлекеттік органдар веб-сайттарын күн сайын (апта сайын) жаңарта отырып, оның міндетті және жүйелі жұмысын енгізу

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2006 жылғы қараша

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне веб-сайттардың жұмысы туралы ақпарат

2. Мемлекеттік органның жұмысына қатысты барлық нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ есептерді, ресми құжаттарды, баспасөз релиздерін, заң жобаларын әзірлеу кестелерін және олардың мәтіндерін, оn-lіnе режиміндегі мәтіндерді,»"Неғұрлым жиі қойылатын сұрақтар"» айдарын, кері байланыс жүйелерін веб-сайттарда міндетті түрде орналастыру және жариялау практикасын енгізу

МАМ (жинақтау), орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

енгізу - 2006 жылғы желтоқсан, тұрақты

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне веб-сайттарда ақпараттың бар екендігі және оның жариялануы туралы есеп

2.1. Пилоттық министрліктерде мемлекеттік органның жұмысына қатысты     барлық    нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ есептерді, ресми құжаттарды, баспасөз релиздерін, заң жобаларын әзірлеу кестелерін және олардың мәтіндерін, on-line режиміндегі мәтіндерді, "Неғұрлым жиі қойылатын сұрақтар" айдарын, кері байланыс жүйелерін веб-сайттарда міндетті түрде орналастыру және жариялау практикасын енгізу

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2006 жылғы қараша

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне веб-сайттарда ақпараттың бар екендігі және оның жариялануы туралы ақпарат

 

  

  

3.»"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына азаматтардың    ақпарат алуға арналған кепілдіктері мен құқықтарын күшейту бөлігінде өзгерістер    мен толықтырулар енгізу

Әділетмині

2006 жылғы желтоқсан

Заң жобасы

4. Әрбір мемлекеттік органның жанынан саll-орталықтар (салалық      белгісі бойынша анықтама бюроларын) құру

орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2007 жылғы 1-тоқсан

Үкіметке және Президент   Әкімшілігіне бөлінген штат бірліктері, дайындаған қызметкерлері мен арнайы бөлінген телефон желілері бар саll-орталықтардың бар   екендігі   туралы ақпарат

  

  

4.1.   Пилоттық  министрліктерде call-орталықтар (салалық белгісі бойынша анықтама бюроларын) құру

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2006 жылғы желтоқсан

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне бөлінген штат бірліктері, дайындалған қызметкерлері мен арнайы бөлінген телефон желілері бар call-орталықтардың бар екендігі туралы ақпарат

 

16.

Әрбір мемлекеттік органның нақты мақсаттарын, міндеттерін, оларға қол жеткізу жолдарын, сондай-ақ даму перспективаларын көрсете отырып, стратегиялық даму жоспарын қабылдауы

1. Мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлау     жүйесін енгізу, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаумен экономикалық жоспарлау жүйесін ықпалдастыру тұжырымдамасын әзірлеу мен жоспарын қалыптастыру

ЭБЖМ

2007 жылғы наурыз

нормативтік құқықтық акт

2. Әрбір мемлекеттік органның стратегиялық даму жоспарын қабылдауы

орталық және жергілікті атқарушы органдар

2007 жылғы маусым

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің қабылдануы туралы ақпарат

2.1. Пилоттық министрліктерде стратегиялық даму жоспарын қабылдауы

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2006 жылғы желтоқсан

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің қабылдануы туралы ақпарат

17.

Мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу

1. Мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, бағдарламалық құжаттар мен басқа да көрсеткіштерді іске асырудың тиімділігін ескеретін, қызметін рейтингтік бағалау жүйесін әзірлеу

ЭБЖМ

2006 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық акт, Үкіметке және Президент Әкімшілігіне есеп

1.1 Пилоттық министрліктерде мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2006 жылғы желтоқсан

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне есеп

18.

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары сақталуына ішкі және сыртқы аудит пен оларды бақылау жүйесін құру

1. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау үшін құрылымдық бөлімшелер құру (штат санын қосымша ұлғайтпастан)

МҚА (жинақтау), орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

мемлекеттік қызмет көрсетулер ұсыну стандарттарын әзірлеу мен енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалған мерзімде

МҚА үшін - Үкіметке және Президент Әкімшілігіне есеп, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар үшін - тиісті нормативтік құқықтық актілер

 

  

  

1.1.   Пилоттық министрліктерде мемлекеттік қызметтер  көрсету сапасының сақталуын бақылау үшін құрылымдық бөлімшелер құру (штат санын қосымша ұлғайтпастан)

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2007 жылғы қаңтар

тиісті нормативтік құқықтық актілер, Үкіметке және Президент Әкімшілігіне есеп

2.»Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәселелері» туралы ҚР Президентінің Жарлығына Агенттікке мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуын бақылау функцияларын беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

МҚА

2006 жылғы желтоқсан

Президент Жарлығы

19.

Мемлекеттік  қызметтердің  сапасын бағалау  жөнінде  халыққа үнемі әлеуметтанушылық сауал жүргізу

1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау жөнінде әлеуметтанушылық сауалдарды ұйымдастыру ережелері мен жүргізу әдістемесін әзірлеу

МҚА (жинақтау), тиісті мемлекеттік органдар

2007 жылғы қаңтар

нормативтік құқықтық акт

2. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау жөнінде әлеуметтанушылық сауал жүргізу

МҚА (жинақтау), тиісті мемлекеттік органдар

2007 жылғы сәуірден бастап

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне есеп

20.

"Электрондық үкіметті"» кезең-кезеңімен енгізу

1. Бірінші кезең - ақпараттық

АБА, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2006 жылғы желтоқсан

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ақпарат

 

  

  

1.1.    Пилоттық министрліктерде ақпараттық кезеңді енгізу

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2006 жылғы қазан

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ақпарат

2. Екінші кезең - интерактивтік

АБА, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2007 жылғы желтоқсан

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ақпарат

2.1. Пилоттық министрліктерде интерактивтік кезеңді енгізу

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2007 жылғы наурыз

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ақпарат

3. Үшінші кезең - транзакциялық

АБА, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2008 жылғы желтоқсан

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ақпарат

  

  

3.1. Пилоттық министрліктерде транзакциялық кезеңді енгізу

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2007 жылғы желтоқсан

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ақпарат

Бюджет процесінде жаңа ұстанымдарды енгізу

21.

Бюджеттік, өңірлік, салалық және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру көрсеткіштері жүйесін кезең-кезеңімен енгізу

1. Жекелеген мемлекеттік органдарда штат санының шегінде бюджеттік, өңірлік, салалық және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бюджетті жоспарлау сатыларында олардың тиімділігін бағалау жөніндегі бөлімшелер құру

ЭБЖМ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2007 жылғы мамыр

тиісті нормативтік құқықтық актілер, Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ақпарат

 

  

  

1.1. Пилоттық   министрліктерде штат санының шегінде бюджеттік, өңірлік, салалық және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бюджетті     жоспарлау     сатыларында      олардың      тиімділігін бағалау жөніндегі бөлімшелер құру

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2007 жылғы қаңтар

тиісті нормативтік құқықтық актілер, Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ақпарат

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне барынша дербестік беру және түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін олардың жауапкершілігін күшейту мақсатында бюджеттік саясатты, мемлекеттік шығыстарды бюджеттендіру тетігін жетілдіру

ЭБЖМ, Қаржымині

2007 жылғы мамыр

тиісті нормативтік құқықтық актілер

3. Бюджеттік,  өңірлік, салалық және мемлекеттік   бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін бағалау   көрсеткіштері   жүйесін кезең-кезеңімен енгізу

ЭБЖМ

2007 - 2008 жылдар

нормативтік құқықтық акт, 2008 және 2009 жылғы қаңтарда Үкіметке және Президент Әкімшілігіне есеп

3.1. Пилоттық   министрліктерде бюджеттік, өңірлік, салалық және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін     бағалау жүйесін енгізу

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2007 жылғы қаңтар

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ақпарат

 

  

 

4. Әрбір мемлекеттік органның қызмет өнімділігін арттыру есебінен әкімшілік шығыстарын қысқарту тетігін практикаға енгізу

ЭБЖМ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2007 жылғы мамыр

тиісті нормативтік құқықтық акт

4.1. Пилоттық министрліктерде олардың қызметінің өнімділігін арттыру есебінен әкімшілік шығыстарын қысқарту

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2007 жылғы қаңтар

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ақпарат

22.

Бірінші   басшылардың жауапкершілігін күшейту және бюджет қаражатын жұмсау мен тиісті бағдарламалардың іске асырылуын бақылаудың пәрменді жүйесін құру

Бюджет процесіндегі жаңа тәсілдерді ескере отырып, бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейтумен қатар бюджет қаражатының жұмсалуын және тиісті бағдарламалардың іске асырылуын бақылау жүйесін құру

Қаржымині (жинақтау), Есеп комитеті, ЭБЖМ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2007 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық актілер, Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ақпарат

Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, тұрлаулылығын және басқарымдылығын арттыру

23.

Статс-хатшы лауазымын орталық мемлекеттік органдарда енгізу

Статс-хатшы әкімшілік лауазымын орталық мемлекеттік органдарда енгізу

МҚА, ЭБЖМ, Әділетмині

2007 жылғы қаңтар

тиісті нормативтік құқықтық актілер

24.

Мемлекеттік қызметшілерді орталық пен өңірлер арасында ротациялау жүйесін енгізу

Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

МҚА,ЭБЖМ

2007 жылғы наурыз

Президент Жарлығы

 

Сыбайлас жемқорлықты азайту

25.

Кәсіпкерлік субъектілерінің есептілігін оңайлату, оларды тексеруді қысқарту, бақылаушы  органдардың қызметін нақты регламенттеу

1. Шағын және   орта бизнес субъектілерінің статистика органдары, салық және кеден органдары үшін есептілігінің бірыңғай әдістеме мен жіктемелерді қамтитын бір нысанын енгізу;  есептілік нысандарының қосарлануын болдырмау

ИСМ, тиісті мемлекеттік органдар

2007 жылғы 1-тоқсан

тиісті нормативтік құқықтық актілер

2. Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау өкілеттіктерін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгізу

ИСМ, тиісті мемлекеттік органдар

2007 жылғы мамыр

тиісті нормативтік құқықтық актілер

2.1. Пилоттық   министрліктерде бақылау және қадағалау өкілеттіктерін оңтайландыру

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2006 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық актілер

26.

Мемлекеттік реттеу нормаларын енгізу мен іске асыруда шағын және орта бизнес мүдделерін қорғау

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеу, олардың мүдделерін қорғау

ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині

2006 жылғы желтоқсан

Үкіметке және Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

27.

Мемлекетке тән емес функциялар мен бейінді емес активтерді бәсекелес ортаға беруді аяқтау

Мемлекетке тән емес функциялар мен бейінді    емес активтерді бәсекелес ортаға беру

ЭБЖМ (жинақтау), орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2006 жылғы желтоқсан

тиісті нормативтік құқықтық актілер

 

28.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатайту

Заңнамаға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған адамдардың мемлекеттік қызметке кіруіне тыйым   салу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу

МҚА, Әділетмині

2007 жылғы наурыз

тиісті нормативтік құқықтық актілер

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру

29.

Мемлекеттік қызметшілер корпусын мемлекеттік қызметті жоғары    кәсіби,    патриоттық, адал атқарудың озық үлгілерінде тәрбиелеу

Мемлекеттік      қызметтің      оң имиджін      қалыптастыру     мен нығайту    жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

МҚА, МАМ

2007 жылғы сәуір

Үкімет қаулысы

Әкімшілік реформаны жалғастыру

30.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту

Мемлекеттік   қызмет академиясының базасында мемлекеттік қызметшілерді стратегиялық жоспарлауға,    бюджеттік    бағдарламалауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске оқыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

МҚА, ЭБЖМ

2006 жылғы желтоқсан

Үкімет қаулысы

31.

Құқық қорғау жүйесін және бюджет (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру) саласын жаңарту

"Әкімшілік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы" ҚР Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі N 46а өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Президент Әкімшілігі

2006 жылғы қыркүйек

Президент өкімі

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Президент Әкімшілігі - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Есеп комитеті - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады