Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат; 2004 ж., N 14, 171-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж. N 43, 573-құжат, 2006 ж., N 35, 374-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына:
Жұмабеков Оңалсын Исламұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары,
Ахметжанов Саян Қылышұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмiнiң бас инспекторы, хатшы,
Шамсутдинов Ринат Шарафутдинұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Қорғаныс және құқық тәртiбi бөлiмiнiң меңгерушiсi енгiзiлсiн;
"Имашев Берік Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Имашев Берiк Мәжитұлы - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы, төрағаның орынбасары";
аталған Комиссияның құрамынан Н.Қ.Әкiмбеков, С.С. Ақылбеков шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті