1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның 14-бабында көзделген Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 558 Жарлығы

  Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс.  

             ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық  конвенцияның 14-бабында көзделген Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасы мәлімдемесінің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының атынан 1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық  конвенцияның 14-бабында көзделген Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қойсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына қол қойылған Мәлімдемені сақтауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                          Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы   
Президентінің       
2008 жылғы 21 наурыздағы  
N 558 Жарлығымен      
мақұлданған       

жоба   

1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің
барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның
14-бабына сәйкес Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі
комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан
Республикасының мәлімдемесі

      1965 жылғы 21 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық  конвенцияның 14-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы осымен Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің өзінің заңдық құзыры шегінде осы Конвенцияда айтылған қандай да бір құқықтары Қазақстан Республикасының бұзуының құрбаны болып табылатынын білдіретін жеке адамдардың немесе адамдар тобының хабарларын қабылдау және қарау жөніндегі құзыретін танитыны туралы мәлімдейді.

О подписании Заявления Республики Казахстан о признании компетенции Комитета по ликвидации расовой дискриминации, предусмотренной статьей 14 Международной конвенции о ликвидации всех форм расовой дискриминации от 21 декабря 1965 года

Указ Президента Республики Казахстан от 21 марта 2008 года N 558

  Подлежит опубликованию в Собрании
актов Президента и Правительства 
Республики Казахстан       

       ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Одобрить прилагаемый проект Заявления Республики Казахстан о признании компетенции Комитета по ликвидации расовой дискриминации, предусмотренной  статьей 14 Международной конвенции о ликвидации всех форм расовой дискриминации от 21 декабря 1965 года.

      2. Министру иностранных дел Республики Казахстан Тажину Марату Муханбетказиевичу подписать от имени Республики Казахстан Заявление Республики Казахстан о признании компетенции Комитета по ликвидации расовой дискриминации, предусмотренной  статьей 14 Международной конвенции о ликвидации всех форм расовой дискриминации от 21 декабря 1965 года.

      3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить направление подписанного Заявления на хранение Генеральному секретарю Организации Объединенных Наций.

      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан                                          Н. Назарбаев

ОДОБРЕН        
Указом Президента   
Республики Казахстан 
от 21 марта 2008 года
N 558         
проект

  ЗАЯВЛЕНИЕ
Республики Казахстан о признании компетенции Комитета по
ликвидации расовой дискриминации, предусмотренной статьей 14
Международной конвенции о ликвидации всех форм расовой
дискриминации от 21 декабря 1965 года

      В соответствии с пунктом 1  статьи 14 Международной конвенции о ликвидации всех форм расовой дискриминации, совершенной в Нью-Йорке 21 декабря 1965 года, Республика Казахстан настоящим заявляет, что она признает компетенцию Комитета по ликвидации расовой дискриминации в пределах его юрисдикции принимать и рассматривать сообщения от отдельных лиц или групп лиц, которые утверждают, что они являются жертвами нарушения Республикой Казахстан каких-либо прав, изложенных в настоящей Конвенции.