Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның 14-бабында көзделген Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасы мәлімдемесінің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының атынан 1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның 14-бабында көзделген Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан Республикасының мәлімдемесіне қол қойсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына қол қойылған Мәлімдемені сақтауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 21 наурыздағы
N 558 Жарлығымен
мақұлданған
жоба
1965 жылғы 21 желтоқсандағы Нәсілдік кемсітушіліктің
барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның
14-бабына сәйкес Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі
комитеттің құзыретін тану туралы Қазақстан
Республикасының мәлімдемесі
1965 жылғы 21 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның 14-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы осымен Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің өзінің заңдық құзыры шегінде осы Конвенцияда айтылған қандай да бір құқықтары Қазақстан Республикасының бұзуының құрбаны болып табылатынын білдіретін жеке адамдардың немесе адамдар тобының хабарларын қабылдау және қарау жөніндегі құзыретін танитыны туралы мәлімдейді.