Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2008 жылға арналған нысаналы трансферт туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қазандағы N 682 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 24-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2008 жылға арналған республикалық бюджетке берілетін 607500 (алты жүз жеті миллиард бес жүз) миллион теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

О целевом трансферте из Национального фонда Республики Казахстан на 2008 год

Указ Президента Республики Казахстан от 23 октября 2008 года № 682

      В соответствии со статьей 24 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 24 апреля 2004 года ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Выделить целевой трансферт из Национального фонда Республики Казахстан в размере 607500 (шестьсот семь миллиардов пятьсот) миллионов тенге, передаваемый в республиканский бюджет на 2008 год на увеличение уставного капитала акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" для реализации мер по обеспечению конкурентоспособности и устойчивого развития национальной экономики Республики Казахстан.
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев