Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 4097 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 828 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.04.27 № 976 Жарлығымен

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 4097 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮӘЖ-ы, 2008 ж., N 20, 182-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбындағы және 1-тармағындағы "қол қоюға ұсыну" деген сөздерден кейін ", нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережеде :
      атауы "қол қоюға ұсыну" деген сөздерден кейін ", нормативтік
құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;

      кіріспесі "бақылау" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Мемлекет басшысының нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
      "III тарау. Мемлекет басшысының нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу"
      23. Мемлекет басшысы нормативтік құқықтық жарлықтарына (бұдан әрі - жарлықтар) мониторинг жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқықтық нормаларды анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау мен оларға дер кезінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану үшін жүргізіледі.
      24. Жарлықтарға мониторингті олардың әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізеді.
      Әзірлеушісі Республика Президенті Әкімшілігі болып табылатын жарлықтар бойынша мониторингті оларды тікелей әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.
      25. Мемлекеттік органдар жарты жылдың соңғы айының 30-ы күніне дейін Республика Президенті Әкімшілігіне мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат және қажеттілік болған жағдайда, анықталған жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жолдайды.
      Жолданған ақпаратқа қойылатын талаптар, сондай-ақ жарлықтарға мониторинг жүргізу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимыл тәртібі Республика Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрықтарымен белгіленеді.
      26. Жарлықтарға мониторинг жүргізу үшін пайдаланылатын олар туралы ақпаратты жинақтау, есепке алу және сақтау мақсатында Республика Президенті Әкімшілігі қағаз түрінде және электрондық түрде жарлықтардың тіркелімін жүргізеді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 2 октября 1998 года № 4097

Указ Президента Республики Казахстан от 18 июня 2009 года № 828. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 27 апреля 2010 года № 976

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 27.04.2010 N 976.

      Подлежит опубликованию     
в Собрании актов Президента и  
Правительства Республики Казахстан

       ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 2 октября 1998 года № 4097 «Об утверждении Положения о порядке подготовки, согласования, представления на подпись актов Президента Республики Казахстан и контроля за исполнением актов и поручений Президента Республики» (САПП Республики Казахстан, 2008 год, № 20, ст. 182) следующие дополнения:
      в заголовке и пункте 1 после слов «на подпись актов» дополнить словами «, проведения мониторинга нормативных правовых указов»;
      в Положении о порядке подготовки, согласования, представления на подпись актов Президента Республики Казахстан и контроля за исполнением актов и поручений Президента Республики, утвержденном названным Указом:
      в наименовании после слов «на подпись актов» дополнить словами «, проведения мониторинга нормативных правовых указов»;
      в преамбуле после слов «Президента Республики Казахстан» дополнить словами «, а также проведения мониторинга нормативных правовых указов Главы государства»;
      дополнить главой 3 следующего содержания:
      «Глава III. Мониторинг нормативных правовых указов Главы государства
      23. Мониторинг нормативных правовых указов Главы государства (далее - указы) проводится для выявления противоречащих законодательству Республики Казахстан и устаревших норм права, оценки эффективности их реализации и своевременного принятия мер по внесению изменений и (или) дополнений или признанию их утратившими силу.
      24. Мониторинг указов ведется на постоянной основе государственными органами, являющимися их разработчиками.
      По указам, разработчиком которых является Администрация Президента Республики, мониторинг осуществляется ее структурными подразделениями, непосредственно их разработавшими.
      25. До 30 числа последнего месяца полугодия государственные органы направляют в Администрацию Президента Республики информацию о результатах мониторинга и, в случае необходимости, предложения о внесении в выявленные указы изменений и (или) дополнений либо признанию их утратившими силу.
      Требования к предоставляемой информации, а также порядок взаимодействия структурных подразделений по вопросам мониторинга указов устанавливаются приказами Руководителя Администрации Президента Республики.
      26. В целях сбора, учета и хранения информации об указах, используемой для их мониторинга, Администрацией Президента Республики ведется регистр указов в бумажном и электронном видах.».
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
      Республики Казахстан                              Н. Назарбаев