Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығы.

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.05.2022 № 903 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.05.2022 № 903 Жарлығымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 30, 260-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 828 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 260-құжат).

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы Жарлық қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде:

      1) өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы актілері мен тапсырмаларын олардың орындалу мерзімдерін осы Жарлыққа сәйкес қайта қарап түгендеуді жүргізсін;

      3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 976 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 25.05.2022 № 903 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі – Президент) жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар):

      1) Президент жолдауының жобасын дайындау, келісу және Президенттің қарауына ұсыну;

      2) Президенттің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну;

      3) Президенттің жолдауын іске асыру;

      4) Президенттің актілері мен тапсырмаларын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      5) Президенттің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу тәртібін реттейді.

      2. Президенттің актілері мен тапсырмаларының негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет), орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, олардың лауазымды адамдары болып табылады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілері (ұйымдар) тапсырмаларды бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады. Бұл ретте орындауды үйлестіру жауапкершілігі мемлекеттік басқару органына немесе жалғыз құрылтайшы түріндегі Үкіметке жүктеледі. Мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты ұсынымдық сипаттағы тапсырмалар беріледі, бұл ретте орындауды үйлестіру тиісті мемлекеттік басқару саласының мемлекеттік органына жүктеледі.

      3. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Президент актілері мен тапсырмаларының енгізілетін жобаларының дайындалу сапасы, оның ішінде заңнама талаптарына сәйкестігі, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі, қаралатын мәселелердің толық және жан-жақты пысықталуы үшін жауапты болады.

      4. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер:

      1) Президенттің актілері – Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

      2) Президенттің тапсырмалары – өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдар, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі), Қазақстан халқы Ассамблеясы (сессияның және Кеңестің шешімдері) және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалар; Президенттің қызметтік құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тапсырмалары, соңдай-ақ Президенттің жеке тапсырмалары, соның ішінде оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;

      3) Президенттің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, соңдай-ақ келісім бойынша – мемлекеттік емес ұйымдардың актілер мен тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауын қамтамасыз етуге бағытталған кезең-кезеңдік бақылау іс-қимылдарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жиынтығы;

      4) Президенттің жолдауы – Президенттің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы үндеуі;

      5) Президенттің актісін немесе тапсырмасын іске асыру жөніндегі бақылауды бекіту – актінің/тапсырманың орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, тапсырманың әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімін, аяқталу нысанын, жауапты орындаушыларды, бақылауды жүзеге асыру деңгейін, Президент Әкімшілігінің бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелерін және қажет болған кезде орындаудың түпкілікті нәтижесін көрсететін, белгіленген нысандағы құжат;

      6) Президенттің актісін немесе тапсырмасын орындау – актінің немесе тапсырманың мазмұнында қойылған мақсаттар мен міндеттерге, актінің немесе тапсырманың түпкілікті нәтижесіне және/немесе аяқталу нысанына толық және сапалы қол жеткізу және оларды толық және сапалы орындау;

      7) Президент актісінің немесе тапсырмасының орындалу мерзімін ұзарту – бастапқы белгіленген орындау мерзімі өткен соң, оның ішінде аяқталу нысаны немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу бойынша орындалмаған, орындауды аяқтау мүмкін болмаған немесе толық, сапалы орындалмаған жағдайда, Президенттің немесе осы Қағидалардың 71 және 76-тармақтарында көрсетілген өзге де уәкілетті адамдардың актінің немесе тапсырманың тармағын орындаудың келесі мерзімін айқындау жөніндегі шешімі;

      8) Президенттің актісін немесе тапсырмасын сапасыз орындау – орындау сапасына кінәраттардың болуы, оның ішінде формалды орындау, орындаушылардың келісілмеген және пысықталмаған ұсыныстар мен тұжырымдарды енгізуі, бұрын Президент Әкімшілігі берген ескертпелердің жойылмауы. Сапасыз орындалғаны туралы тұжырым Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысында, Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің (бұдан әрі – Премьер-Министр) немесе оның орынбасарларының қарарларында немесе хаттамалық шешімдерінде қамтылады;

      9) Президенттің актісін немесе тапсырмасын ішінара орындау – жоспарланған барлық іс-шаралардың белгіленген мерзімдерде аяқталмауы, есептік ақпаратты толық ұсынбау, актінің немесе тапсырманың мазмұнында қойылған міндеттердің толық орындалуын, сондай-ақ жоспарланған мақсаттарға, нәтижелерге және аяқталу нысанына толық қол жеткізуді қамтамасыз етпеу. Актінің немесе тапсырманың ішінара орындалғаны туралы тұжырым Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысында (орындауды бағалауында), Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының қарарларында немесе хаттамалық шешімдерінде, сондай-ақ орындаушы мемлекеттік органның есептік ақпаратында қамтылады;

      10) Президенттің актілері немесе тапсырмалары бойынша есептік ақпарат – жауапты орындаушы актінің немесе тапсырманың орындалу барысы және нәтижелері туралы хабар беру үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша дайындаған құжат;

      11) Президенттің бақылаудағы актісіне немесе тапсырмасына сараптамалық қорытынды – тапсырманың толық және сапалы орындалуын, орындау мерзімін ұзартудың не оны орта мерзімді/ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырудың объективтілігін бағалау үшін Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындаған құжат. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысының құрылымына қойылатын талаптар Президент Әкімшілігінің ішкі актілерінде белгіленеді;

      12) орындаудың түпкілікті нәтижесі – іс-қимылдардың, оқиғалардың күтілетін сандық және/немесе сапалық көрсеткіші. Түпкілікті нәтиже өздерінің мазмұны белгілі бір өлшенетін әлеуметтік-экономикалық немесе өзге әсерге жетуге мүмкіндік беретін нақты тұжырымдалған шаралар қабылдауды болжайтын тапсырмалар мен актілер бойынша ғана айқындалады;

      13) қосарланатын тапсырма – мазмұны (мағыналық мәні) немесе түпкілікті нәтижесі бақылауда тұрған актіні немесе тапсырманы толығымен қамтитын тапсырма;

      14) алып тасталды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

2. Қазақстан Республикасы Президенті жолдауының жобасын дайындау, келісу, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу тәртібі

      5. Жыл сайын қыркүйекте Президент Қазақстан халқына елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдауын арнайды.

      6. Жыл сайын мамырда Үкімет және Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Президент Әкімшілігіне Президент жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстар жібереді.

      7. Президент Әкімшілігі жолдау жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша түпкілікті ұсыныстарды түзеді, олар Президентпен келісіледі.

      8. Президент Әкімшілігі жолдау жобасын Президентке 20 тамызға дейін ұсынады.

      9. Президент жолдауды, оның ішінде кезектен тыс тәртіппен дайындау мен арнаудың өзгеше тәртібін, мерзімдерін белгілеуі мүмкін.

3. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындау, келісу және қол қоюға ұсыну тәртібі

      10. Президент актілерінің жобаларын дайындауды:

      1) Президент Әкімшілігі;

      2) Үкімет;

      3) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;

      4) Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар;

      5) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары;

      6) Президент айқындайтын өзге де мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар жүзеге асырады.

      11. Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі әзірлеген Президент актісінің жобасы қағаздағы және электрондық түрде дайындалады. Егер акт екі және одан да көп парақтан тұрса, қағаз түріндегі жобаға Президент Әкімшілігінің әзірлеуші құрылымдық бөлімшесінің басшысы бірінші парақтан басқа, әрбір парағына қол қояды.

      Президент актісінің жобасы осы Қағидалардың 24-тармағында белгілеген тәртіппен Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен және жауапты лауазымды адамдарымен келісіледі.

      Президент Әкімшілігі әзірлеген Президент актісінің жобасын Үкіметтің немесе орталық мемлекеттік органдардың өзге де лауазымды адамдарымен келісу қажет болғанда, мұндай келісу қағаздағы түрінде жүзеге асырылады.

      12. Президент актілерінің жобаларын дайындауды тиісті мемлекеттік органдар құзыретіне сәйкес өз бастамасы бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.

      13. Үкімет, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар дайындаған мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі Президент актілерінің жобалары және оларға қосымшалар Президент Әкімшілігіне Үкіметтің қаулысымен электрондық құжат айналымының жүйесі арқылы электрондық түрде енгізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      14. Президент актілерінің жобаларын:

      1) Үкімет – Премьер-Министрдің қолы қойылып;

      2) өзге де мемлекеттік органдар – осы органдардың бірінші басшыларының қолы қойылып, электрондық құжат айналымының жүйесі арқылы электрондық түрде енгізеді.

      Президент актілерінің жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен электрондық келісу парағында келісіледі, бұған Президенттің әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы ғана виза қоятын судьяларды лауазымға тағайындау және лауазымнан босату мәселелері жөніндегі актілерінің жобалары қосылмайды.

      Мемлекеттік құпияларды қамтитын Президент актілерінің жобалары қағаздағы түрінде келісіледі және Президент Әкімшілігіне енгізіледі.

      Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын Президент актілерінің жобалары электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық форматта беру мүмкіндігі болмаған айрықша жағдайларда ғана қағаздағы түрінде келісіледі және Президент Әкімшілігіне енгізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      15. Президент актісінің енгізілетін жобасына:

      1) үш парақтан, ал күрделі мәселелер бойынша бес парақтан аспайтын түсіндірме жазба қоса беріледі, онда мәселенің нысанасы, әлеуметтік-экономикалық және қажет болған кезде саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, актіні қабылдаудың күтілетін салдарының болжамы, Президенттің осы мәселе бойынша бұрын қабылданған актілерінің тізбесі және олардың орындалуы туралы ақпарат баяндалады.

      Үкімет енгізетін Президент актісінің жобасына түсіндірме жазбаға – Премьер-Министр, өзге мемлекеттік органдар енгізетінге әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды;

      2) егер Президент актісінің жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық мүдделерін қозғайтын жағдайда сараптамалық кеңес мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;

      3) егер акт жобасы Президенттің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін жағдайда, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар Президент актісі жобасының қолданыстағы және ұсынылатын редакциясының салыстырма кестесі;

      4) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған келісу парағы;

      5) Президент актісінің жобасында белгіленетін тікелей құзыреті болған кезде, Президент актісінің енгізілетін жобасын іске асыру үшін қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобалары;

      6) акт жобасында визалары болған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндеттерін атқарушы адамдарға міндеттердің жүктелгені немесе оларға Президент актілерінің жобаларын келісу құқығы берілгені туралы бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесі;

      7) өзге қажетті материалдар қоса беріледі.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      16. Президенттің:

      1) Үкіметтің және Премьер-Министрдің өкілеттігін қозғайтын актілері Премьер-Министрмен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен келісіледі. Бұл ретте Президенттің мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін актілерінің жобалары, сондай-ақ Үкіметтің бастамасы бойынша дайындалатын актілердің жобалары Премьер-Министрдің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) Басшысының қойған қолымен бекемделеді;

      2) өзге де мемлекеттік органдардың өкілеттігін қозғайтын актілері осы мемлекеттік органдардың басшыларымен келісіледі.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      17. Президенттің халықаралық шарттар мен келісімдер туралы, осындай құжаттарға қол қою құқығын беру туралы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне халықаралық құжаттарға қол қоюдың белгіленген күнінен кемінде бес жұмыс күні бұрын енгізіледі.

      18. Президент Әкімшілігі Президент актілерінің жобаларына:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің жарлықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкестігі;

      2) Президент айқындайтын ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігі;

      3) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, оның ішінде олардың орындалуының Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарында және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарында айқындалған ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге тигізетін ықпалы;

      4) Президенттің, Президент Әкімшілігінің тапсырмаларына сәйкестігі;

      5) ұсынылатын актіні қабылдаудың әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарларын айқындау;

      6) барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі;

      7) заң техникасы мен іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі;

      8) мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы;

      9) осы Қағидалардың өзге де талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізеді.

      19. Судьяларды лауазымға тағайындау және лауазымнан босату мәселелері жөніндегі актілерді қоспағанда, Президент Әкімшілігінде Президент актілерінің жобаларына сараптама, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы өзгеше мерзім белгілемесе, келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Президент актілерінің жобаларын сараптау нәтижелері Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылары түрінде ресімделеді.

      Президент Әкімшілігінің бірлесіп орындаушылар болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінде Президент актісінің жобасы бойынша қарсылықтар болмаған жағдайда, олардың сараптамалық қорытындылар дайындауы талап етілмейді, сараптама нәтижелері Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының электрондық визалары арқылы ресімделеді.

      20. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бекіту туралы Президент актілерінің жобаларын Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері Президент Әкімшілігіне келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      21. Егер Президент актісінің жобасында кемшіліктер анықталса немесе ол бойынша жұмыс тәртібімен жойылатын қарсылықтар болса, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшісі немесе кеңесшісі өзгеше мерзім белгілемесе, жоба Президент Әкімшілігінде бес жұмыс күнінің ішінде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен пысықталуы мүмкін.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      22. Егер жоба бойынша кемшіліктер немесе қарсылықтар елеулі болса және оларды Президент Әкімшілігінде қарау кезеңінде жою мүмкін болмаса, онда Президент актісінің жобасы Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша актінің жобасын енгізген мемлекеттік органға пысықтауға қайтарылады.

      Егер өзгеше мерзімдер белгіленбесе, Президент актісінің жобасы пысықталғаннан кейін Премьер-Министр орынбасарының немесе Үкімет Аппараты Басшысының ілеспе хатымен не Үкіметтің құрылымына кірмейтін әзірлеуші мемлекеттік органның хатымен он жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне электрондық түрде қайтадан енгізіледі.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      23. Осы Қағидалардың 21 немесе 22-тармақтарына сәйкес Президент актісінің жобасы Президент Әкімшілігінде пысықталғаннан кейін Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі оның қағаз түріндегі түпкілікті нұсқасын мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі тиісті бланкілерде дайындауды қамтамасыз етеді.

      24. Президент актісі жобасының әрбір парағына Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қойған қағаз жеткізгіштерде тиісті бланкілердегі түпкілікті нұсқасы екі жұмыс күні ішінде Үкімет Аппаратына немесе әзірлеуші мемлекеттік органға уәкілетті адамның визасын алуды қамтамасыз ету үшін жұмыс тәртібімен беріледі.

      Президент актісі жобасының қағаз жеткізгіштегі түпкілікті нұсқасына әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы виза қояды. Акт жобасына Премьер-Министрдің виза қоюын Үкімет Аппараты қамтамасыз етеді.

      Президенттің қол қоюына енгізілгенге дейін актінің жобасына Президент Әкімшілігінің Басшысы, сондай-ақ міндеттер бөлінісіне сәйкес Президент Әкімшілігінің жауапты бөліміне жетекшілік ететін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің көмекшісі немесе кеңесшісі және Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің басшысы қағаздағы түрінде виза қояды.

      Актінің жобасы Мемлекеттік-құқық бөлімімен және Президент Әкімшілігінің бірлесіп орындаушылар болып табылатын басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіретін Президент Әкімшілігінің басшы лауазымды адамдарымен электрондық түрде ғана келісіледі.

      Қажет болған кезде Президент актісінің жобасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі электрондық түрде виза қояды.

      Президент актісінің жобасы белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Президент Әкімшілігінің Басшысы оны Президенттің қол қоюына ұсынады.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 14.06.2022 № 927; 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      25. Акт жобасына қол қойылғаннан кейін, онда бақылануға жататын тапсырмалар болған жағдайда, Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның іске асырылуын бақылауды бекітуді дайындайды.

      26. Президенттің актілерін ресімдеу (оның ішінде заң техникасы, деректемелер, ішкі құрылымы бөлігінде), оларды тіркеу, жіберу, жариялау және сақтау тәртібін Президент Әкімшілігі айқындайды.

      27. Президент актілердің жобаларын дайындаудың, келісудің және қол қоюға ұсынудың өзгеше тәртібі мен мерзімдерін белгілеуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу және қол қоюға ұсыну тәртібі

      28. Президент тапсырмаларының жобаларын дайындау:

      1) өңірлік сапарларды;

      2) халықаралық іс-шараларды;

      3) Президенттің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шараларды;

      4) Президенттің мәлімдемелерін (үндеулерін);

      5) жұмыс кеңестерін;

      6) Президенттің қатысуымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырыстарын;

      7) Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдардың, Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының (сессияның және Кеңестің) және өзге де органдардың отырыстарын ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары хаттама түрінде, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының және Қауіпсіздік Кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша – шешім түрінде ресімделеді, оған, әдетте, Президент қол қояды.

      Егер өңірлік сапар барысында Президенттің кеңесі өткізілмесе, онда ол айтқан тапсырмалардың жобалары Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарымен ресімделеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары Президент қол қоятын тапсырмалар мәтіні түрінде ресімделеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары, әдетте, Президент қол қоятын хаттама не Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін іс-шаралар жоспары түрінде ресімделеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің) қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобалары Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін іс-шаралар жоспары түрінде ресімделеді.

      Хаттамаларға, шешімдерге, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша ресімделетін тапсырмалардың мәтіндеріне осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырмалардың іске асырылуын бақылауды бекіту және 6-қосымшаға сәйкес Президент Әкімшілігіндегі электрондық келісу парағының қағаздағы көшірмесі қоса беріледі.

      Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін іс-шаралар жоспары (тапсырмалар жобалары) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бақылауды бекітуге ұқсас нысан бойынша ресімделеді.

      29. Президенттің қатысуымен өтетін өңірлік сапарларды, қоғамдық маңызы бар іс-шараларды және кеңестерді дайындау тәртібін Президент Әкімшілігі белгілейді.

      Президенттің қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша оның тапсырмаларының жобаларын дайындау және келісу ерекшеліктерін Президент айқындайды.

      30. Президент тапсырмаларының жобаларын дайындау кезінде:

      1) көтерілетін мәселелердің пысықталғаны және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілгені;

      2) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

      3) нақты күтілетін нәтиже және тиімділік;

      4) орындау мерзімдерінің нақтылығы;

      5) экономикалық орындылығы және ресурстармен қамтамасыз етілгені;

      6) Үкіметтің дербестігі және экономикалық саясатты іске асыру үшін толық жауапкершілігі ескеріледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      30-1. Президент Әкімшілігінде тапсырмалардың жобаларын дайындау сатысында оларды іске асыру жөніндегі бақылауды бекітуде, Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының қарарларында оларды бақылауға және тиісті шешімдерді қабылдауға жауапты мемлекеттік органның деңгейі айқындалады.

      Ескерту. 30-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      31. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Президент қатысатын іс-шара өткізілерден кемінде төрт жұмыс күні бұрын Президент тапсырмаларының жобасын қажет кезінде мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен жұмыс тәртібімен келісіп, Президент Әкімшілігінің Басшысына ұсынады.

      32. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Президенттің қатысуымен өткен іс-шарадан (халықаралық іс-шаралардан басқа) кейін (жұмыс сапары аяқталған күннен бастап) бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес Президент тапсырмаларының жобасын әзірлейді.

      Президент тапсырмаларының жобалары Үкімет Аппаратымен немесе Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мүдделі мемлекеттік органдармен бір жұмыс күні ішінде жұмыс тәртібімен келісіледі.

      Бұл ретте іске асырылуы Үкіметтің құзыретін қозғайтын Президент тапсырмаларының жобасына Премьер-Министр қағаздағы түрінде виза қояды.

      Қажет болған кезде Президент Әкімшілігі үш жұмыс күні ішінде Президент тапсырмаларының жобасын әзірлеу мен келісуді іс-шараның өткізілуін ұйымдастыруға тартылған мемлекеттік органдарға тапсыруы мүмкін.

      Қауіпсіздік Кеңесі отырыстарының қорытындылары бойынша тапсырмалардың жобаларын дайындау және келісу ерекшеліктерін Президент Әкімшілігі айқындайды.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      33. Президент тапсырмаларының жобасын әзірлеу мемлекеттік органдарға тапсырылған жағдайда, Президент Әкімшілігі оны келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні мерзімінде, оның ішінде осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкестігі, сондай-ақ Президенттің бұрын берген тапсырмаларымен қосарлануын болдырмау тұрғысынан қарауды және келісуді қамтамасыз етеді.

      Президент тапсырмаларының жобасы Мемлекеттік құқық бөлімімен, Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, оларға тиісінше жетекшілік ететін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен, Президент Кеңсесінің бастығымен, Президенттің көмекшілерімен және кеңесшілерімен электрондық түрде ғана келісіледі. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының, тиісті жетекшілік ететін басшы лауазымды адамның, Жалпы бөлім басшысының визасы тапсырмалар жобасына электрондық түрде де, қағаз жеткізгішіне де қойылады.

      Тапсырмалардың жобасы Президент Әкімшілігі Басшысының виза қоюына және Президенттің қол қоюына қағаздағы және электрондық түрінде енгізіледі.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      34. Президент тапсырмалардың жобаларын дайындаудың өзгеше тәртібі мен мерзімдерін белгілеуі мүмкін.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру тәртібі

      35. Президенттің жолдауын іске асыру мақсатында жалпыұлттық іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      36. Президент жолдауын арнағаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын жасайды және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жұмыс тәртібімен жолдайды.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын екі жұмыс күні ішінде Үкімет Аппаратымен, мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен жұмыс тәртібімен пысықтайды және оны Президент Әкімшілігіне жолдайды.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      37. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің ескертулер мен ұсыныстары ескеріле отырып, екі жұмыс күнінің ішінде жұмыс тәртібімен пысықталады.

      Іс-шаралардың тұжырымдалуы мен орындалу мерзімдері бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда шешімді жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін Президент Әкімшілігінің басшы лауазымды адамы немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      38. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып пысықталған жалпыұлттық жоспарды бекіту туралы Президент жарлығының жобасы Президент Әкімшілігіне екі жұмыс күнінің ішінде Үкіметтің қаулысымен электрондық түрде енгізіледі.

      39. Президенттің жалпыұлттық жоспарды бекіту туралы жарлығының жобасын пысықтау, келісу және оған виза қою осы Қағидалардың 24-тармағында белгленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      40. Президенттің жалпыұлттық жоспарды бекіту туралы жарлығының жобасына қол қойылғаннан кейін Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі үш жұмыс күнінің ішінде Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келісіп оның іске асырылуын бақылауды бекітуді дайындайды. Бақылауды бекітуді Президент Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.

6. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      41. Президенттің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды:

      1) Үкіметке, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарға (келісім бойынша) қатысты – Президент Әкімшілігі;

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарға (келісім бойынша) қатысты – Үкімет;

      3) ведомстволық бағынысты ұйымдар мен лауазымды адамдарға қатысты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      42. Президенттің актілері мен тапсырмаларын бақылау объектілері мыналар болып табылады:

      1) Президенттің актілері не актілерінің тармақтары;

      2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші органдар, Қауіпсіздік Кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы (сессия және Кеңес) және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Президенттің тапсырмалары (не тапсырмаларының тармақтары);

      3) Президенттің жеке тапсырмалары, соның ішінде оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және Президент Әкімшілігінің ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;

      4) құжаттың қағаздағы жеткізгіштерінде "Бақылауға алынды" деген мөртабан немесе электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде Президенттің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      42-1. Президент Әкімшілігінде мыналар бақылауға қойылады:

      1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарында, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқықтық саясат және кадр саясаты мәселелерінде жаңа тәсілдерді тұжырымдауға және іске асыруға байланысты, сондай-ақ басқару салаларындағы жүйелік проблемаларды шешуге бағытталған тапсырмалар;

      2) заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді немесе жаңа кодексті немесе заңды қабылдауды талап ететін тапсырмалар;

      3) ірі маңызды индустриялық-өнеркәсіптік, әлеуметтік және өзге де жобаларды іске асыруға байланысты тапсырмалар;

      4) Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының (сессия және Кеңес) шешімдерінде қамтылған тапсырмалар;

      5) Президенттің жеке тапсырмалары, соның ішінде оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және Президент Әкімшілігінің ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;

      6) Президент Әкімшілігі мен оның басшы лауазымды адамдарының атына тікелей берілген, сондай-ақ Президентті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысын тікелей хабардар етуді талап ететін тапсырмалар;

      7) Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының шешіміне сәйкес өзге де маңызды тапсырмалар.

      Қоғамдық резонанс тудырған мәселелерді қоспағанда, ағымдағы (жергілікті) сипаттағы тапсырмалар Президент Әкімшілігінің бақылауына қойылмайды.

      Барлық өзге тапсырмалар бақылауды бекітуге немесе Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшінің, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарының мазмұнына сәйкес Үкіметтің немесе орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бақылауына қойылады.

      Бұл ретте Үкімет пен мемлекеттік органдардың (Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды қоспағанда) бақылауына берілген Президент актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды Үкімет жүзеге асырады.

      Ескерту. 42-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      43. Алып тасталды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      43-1. Президент тапсырмаларының іске асырылу барысы мен түпкілікті орындалу нәтижелерін бақылауды тексеру объектісіне барып, жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы Президент Әкімшілігі жүзеге асыра алады.

      Жоспарлы тексерулер мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тексерудің бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі.

      Жоспардан тыс тексерулер Президент Әкімшілігі мемлекеттік инспекторларының, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жергілікті жерге тақырыптық сапарлары шеңберінде жүргізіледі.

      Тексеру:

      1) қажетті ақпаратты (қағаз және электрондық жеткізгіштердегі, оның ішінде ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған құжаттар) талап ету, сондай-ақ ақпаратты алу мақсатында тексеру объектісінің лауазымды адамдарын шақыру;

      2) автоматтандырылған деректер базаларына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;

      4) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.

      Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері тексеруге қатысуға мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқылы.

      Президент Әкімшілігінің тексеру жүргізу тәртібі Президент Әкімшілігінің Регламентінде белгіленеді. Тексеру шеңберінде Президент Әкімшілігі Үкіметтің немесе мемлекеттік органның бақылауына берілген тапсырмалар бойынша орындалу барысы және қол жеткізілген түпкілікті нәтиже мәселелерін қарайды.

      Үкімет Аппаратының Президент тапсырмаларының іске асырылу барысы мен түпкілікті орындалу нәтижелеріне тексеру жүргізу тәртібі Үкімет регламентінде айқындалады.

      Ескерту. 43-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      44. Мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Президент актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын субъектілер мынадай лауазымды адамдар болып табылады:

      1) мемлекеттік органның және ұйымның жалпы басшылықты, бақылауды жүзеге асыратын және Президент актілері мен тапсырмаларының толық, уақтылы әрі сапалы орындалуына жауапты болып табылатын бірінші басшысы;

      2) мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысының жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Президент актілері мен тапсырмаларының толық, уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ететін орынбасарлары;

      3) Президент актілері мен тапсырмаларының орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын, оның ішінде есептік ақпараттың берілу мерзімдерін бақылауды ұйымдастыратын, тапсырмаларды орындау кезінде мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган аппаратының басшысы.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде және мемлекеттік емес ұйымдарда Президент актілері мен тапсырмаларының орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды олардың бірінші басшылары келісім бойынша жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген лауазымды адамдар, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарын қоспағанда, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары Президент актілері мен тапсырмаларының толық, уақтылы әрі сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген лауазымды адам Президент актілері мен тапсырмаларының орындалуын басқылауды ұйымдастыру, орындаушылықтың тәртіптің сақталуы, оның ішінде есептік ақпаратты беру мерзімдері үшін дербес жауапты болады.

      45. Президенттің актілері мен тапсырмалары бойынша орындаушылық тәртіп мәселелері Үкімет басшылығының, мемлекеттік органдар бірінші басшыларының және/немесе орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар аппарат басшыларының, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшылығының аппараттық кеңестерінде орындалмау тәуекелдерін анықтап және дер кезінде жоя отырып, жүйелі негізде, кемінде айына бір рет қаралады.

      46. Мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Президенттің актілері мен тапсырмаларын толық, уақтылы әрі сапалы орындау мақсатында:

      1) Президенттің және Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмасы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жетекшілік ететін мемлекеттік саяси қызметшінің немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі лауазымды адамының (бірінші басшылардың орынбасарлары) деңгейінде орындау процесі мен кезеңдерінің пайымын тұжырымдау, оның ішінде қажетті еңбек ресурстары мен өзге де ресурстарды айқындау, тиісті сұрау салулар мен хаттарды дайындау және жіберу қамтамасыз етіледі;

      2) орындау процесінде (бақылау мерзімі басталғанға дейін) жауапты қызметкерлер мен лауазымды адамдардың Үкімет Аппаратының, Президент Әкімшілігінің бекітілген құрылымдық бөлімшелерімен, оның ішінде негізгі жұмыс тәсілдері мен бағыттарын алдын ала тұжырымдау үшін жұмыс бабында өзара іс-қимыл жасауы қамтамасыз етіледі;

      3) мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасарлары деңгейінде Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес скрам-кездесулер өткізіп және артық ресми есептер жасауды жоя отырып, тапсырманың кезең-кезеңдік орындалу барысына жүйелі ішкі аралық бақылау және мониторинг жүзеге асырылады.

      Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      47. Президенттің жекелеген актілері мен тапсырмаларының орындалуын жедел бақылау және мониторингтеу орындаудың барысы мен аралық нәтижелерін онлайн-режимде немесе өтпелі бақылау жолымен байқауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелер арқылы қашықтан жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      48. Халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Президенттің актілері мен тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

      Халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырудың және ол туралы есептілікті ұсынудың ерекшеліктерін Президент айқындайды.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      48-1. Президент пен оның Әкімшілігінің атына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктерін Президент Әкімшілігі айқындайды.

      Ескерту. 48-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      49. Өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан мемлекеттік органдар мен ұйымдар отырыстан (кеңестен) кейін дереу, отырыс (кеңес) хаттамасы немесе Президенттің қол қойылған тапсырмасы өздеріне түскенін күтпестен, тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.

      50. Президенттің актілері мен тапсырмаларын орындау осы актілерде және тапсырмаларда не олардың іске асырылуын бақылауды бекітуде көрсетілген мерзімдерде немесе Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарларында көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.

      Егер актінің/тапсырманың немесе тиісті қарардың мәтінінде орындау мерзімдері болмаса және құжатқа бақылауды бекіту жасалмаса, онда мерзімдер Президент Әкімшілігі белгілеген тәртіппен айқындалады және бақылаудағы тапсырманың электрондық карточкасында (мемлекеттік құпияларды қамтитын тапсырма үшін – қағаз түріндегі карточкада), сондай-ақ мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйесінде көрсетіледі.

      Тапсырмаларды орындау мерзімдері олар мемлекеттік органға және ұйымға келіп түскен күннен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      51. Президенттің жеке тапсырмаларын, егер тапсырма мәтінінің өзінде өзгеше мерзім белгіленбесе, барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және лауазымды адамдар тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      52. Президенттің әлеуметтік желілердегі өз ресми аккаунттарында және Президент Әкімшілігінің ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар (тапсырмада жауапты мемлекеттік орган не ұйым тікелей көрсетілген жағдайда) жарияланғанынан кейін дереу, Президенттің бекітілген тапсырмасы өздеріне келіп түскенін күтпестен орындауға кірісуге міндетті.

      Президенттің әлеуметтік желілердегі өз ресми аккаунттарында және Президент Әкімшілігінің ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын бекіту тәртібін Президент Әкімшілігі айқындайды.

      53. Президенттің актілері мен тапсырмалары белгіленген орындалу мерзімдері ескеріле отырып, бақылаудың мынадай түрлеріне қойылады:

      1) шұғыл – "өте шұғыл" деген белгісі барлары үш жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жылдамдатылсын" – он жұмыс күніне дейін;

      2) қысқа мерзімді – он жұмыс күнінен бір айға дейін;

      3) орта мерзімді – бір айдан алты айға дейін;

      4) ұзақ мерзімді – алты айдан астам.

      54. Президент Әкімшілігіне Президент актілері мен тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат беру мерзімдерін бұзуға жол берген лауазымды адамдарға қатысты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.

      55. Егер Президент Әкімшілігінен келіп түскен актіде және тапсырмада мәселені мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірлесіп қарауы көзделетін болса, онда актіде және тапсырмада бірінші көрсетілген немесе атауының жанында "(жинақтау)" белгісі тұрған мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы ақпаратты қорыту және Президент Әкімшілігіне беру үшін жауапты болып табылады.

      56. Президенттің орындау мерзімі алты айдан асатын, кешенді және ведомствоаралық сипаты бар актілері мен тапсырмаларын орындау өздерінің құзыреті шеңберінде екі және одан көп мемлекеттік органға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолда барын өзгертуге бағытталған жағдайда, орындаушы мемлекеттік орган құжат келіп түскеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      57. Егер әзірлеушісі Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкіметтің құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттігін қозғайтын болса, оның бірінші басшысы Премьер-Министрмен (оның міндетін атқаратын адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келіскеннен кейін ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекітеді.

      Егер әзірлеушісі өзге орталық мемлекеттік орган (ұйым) болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) ведомствоаралық сипаттағы іс-шараларды қамтитын болса, оны Премьер-Министрдің жетекшілік ететін орынбасары немесе Үкімет Аппаратының Басшысы бекітеді.

      Әзірлеушісі жергілікті атқарушы орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) тиісті облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі бекітеді.

      Орындаушы мемлекеттік орган және қажет болған кезде оның ведомстволық бағынысты ұйымдары ғана қатысатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) осы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.

      Қажет болған жағдайда ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) жұмыс тәртібімен, оның ішінде Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сұрау салуы бойынша Президент Әкімшілігімен келісілуі мүмкін. Келісу Президент Әкімшілігі белгілеген тәртіппен бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      58. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) жасау тәртібін және оның мазмұнына қойылатын талаптарды Президент Әкімшілігі айқындайды.

      59. Тапсырмаларды ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру кезінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) міндетті түрде әзірленеді. Орындаушы мемлекеттік орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді.

      Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған тапсырмалар бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекіту тәртібі осы Қағидалардың 57-тармағында белгіленген тәртіпке ұқсас.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      60. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда, қажеттігіне қарай орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен Президенттің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.

      61. Үкімет орындаушысы болып табылатын Президенттің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіруді Премьер-Министрдің тиісті орынбасары жүзеге асырады.

      62. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бақылау олардың мониторингі арқылы да жүзеге асырылады, ол мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынады;

      2) Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей, Президент Әкімшілігі Басшысының жыл қорытындылары бойынша Президентке жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы баяндамасының жобасын қалыптастырады.

      63. Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша жыл ішінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының іске асырылуына аралық мониторинг жүргізілуі мүмкін.

      64. Егер Президенттің тапсырмасында "өте шұғыл", "шұғыл" және "жылдамдатылсын" деген белгілер болса, онда Президент Әкімшілігі тез арада (сол күні) оларды орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) назарына жеткізеді.

      65. Президенттің актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар) актілер мен тапсырмаларды орындаған кезде жинақтаушы мемлекеттік органға (ұйымға):

      1) "өте шұғыл" деген белгісі бар шұғыл бақылауға қойылғандары туралы – тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жылдамдатылсын" деген белгісі барлар туралы – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) қысқа мерзімді бақылауға қойылғандары туралы – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

      3) орта мерзімді бақылауға және ұзақ мерзімді бақылауға қойылғандары туралы – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей өз ұсыныстарын енгізеді.

      66. Президент Әкімшілігінің құқықтық актісінде белгіленген жағдайларда, орындалу мерзімі он жұмыс күніне дейінгі шұғыл сипаттағы тапсырмалар бойынша, сондай-ақ кеңестерге және өзге халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шараларға ақпараттық-анықтамалық материалдар беруге байланысты есептік ақпаратты қоспағанда, Президенттің актілері мен тапсырмаларын іске асыру барысы туралы есептік ақпарат осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді қамтиды.

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің талаптарына сәйкес ұсынылады.

      Ескерту. 66-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      66-1. Президент Әкімшілігі қажет болған кезде мерзімді негізде (ай сайын, тоқсан сайын немесе жартыжылдық, жылдық негізде) ресми хабардар ететін, бақылаудың аралық мерзімін белгілеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      Үкімет Аппаратының халықаралық іс-шаралар қорытындылары бойынша Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиынтық есептерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың енгізілген аралық есептілігі жетекшілік ету бағыттарына қарай Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Президент Кеңсесі бастығының, Президент көмекшісінің немесе кеңесшісінің қарауына жатады.

      Егер тапсырмада Президент Әкімшілігін хабардар етудің аралық мерзімдері белгіленбесе, оның орындалу барысын мониторингтеу мен бақылау Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері деңгейінде жұмыс тәртібімен, оның ішінде ресми электрондық пошта арқылы ақпарат алмасу, ақпараттық жүйелердің тиісті функционалын қолдану, тыңдау және тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Тапсырмаларды уақтылы орындамау тәуекелдері және тапсырмаларды орындамаудың өзге де елеулі проблемалары болған кезде Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары – Президент Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне жеке берілген және Президентті жеке хабардар етуді талап етпейтін тапсырмалар бойынша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына хабарлайды және тиісті ұсыныстар енгізеді.

      Ескерту. 66-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      66-2. Президент актілері мен тапсырмаларының толық, уақтылы және сапалы орындалуын бақылау:

      1) болашақта жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуларды болдырмау мақсатында тапсырмалардың орындалуына, оның ішінде жобалық басқару, онлайн-сервистер, бейне-сервистер және басқалар арқылы мерзімді мониторинг жүргізу;

      2) электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, оның ішінде қызметтік электрондық поштаны, мемлекеттік ақпараттандыру объектілерін пайдалана отырып, қажетті ресми ақпаратты талап ету;

      3) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;

      4) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;

      5) жергілікті жерге барып тексеру;

      6) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 66-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      66-3. Жекелеген тапсырмалардың орындалу барысын мониторингтеу мен аралық бақылау мерзімді есептілік форматы қолданылмай, оның ішінде:

      1) құрылыс объектілерін, монументтік өнер құрылысжайларын салу және пайдалануға енгізу немесе оларды реконструкциялау (жөндеу) мәселелері бойынша – жергілікті жерге бару арқылы, сондай-ақ қашықтан мониторингтеу жүйелері функционалының мүмкіндіктерін қолдана отырып, онлайн-режимде қашықтан бақылау жасау, оның ішінде бейнебайқауды қосу, фото- және бейнетүсірілімдерді ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте осы объектілер бойынша фото- және бейнетүсірілімдер ұсынуды, сондай-ақ бейнебайқауды оған Президент Әкімшілігі жауапты қызметкерлерінің қол жеткізуіне мүмкіндік бере отырып, орындаушы мемлекеттік орган қамтамасыз етеді;

      2) цифрландыру мәселелері бойынша – тестілік немесе тәжірибелік пайдалануға енгізілген ақпараттық жүйенің, өзге де ақпараттандыру объектілерінің функционалын таныстыру, сондай-ақ өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттық жүйеге қол жеткізу құқығын (мүмкін болған жағдайда) беру арқылы;

      3) заңнамалық түзетулерді немесе жаңа заңнамалық актіні қабылдау мәселелері бойынша – жауапты мемлекеттік органдардан осындай тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жұмыс тәртібімен сұрату, Қазақстан Республикасының Парламентіндегі заң шығару процесінің жай-күйін мониторингтеу, сондай-ақ заңдардың нақты атауларын көрсетіп, заңдардың немесе заңнамалық түзетулердің жобаларын белгіленген тәртіппен Президент Әкімшілігімен алдын ала ресми келісе отырып, заң шығару процесінің ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы;

      4) қоғамдық маңызы бар, мерейтойлық және халықаралық іс-шараларды өткізу, көшелерге және мемлекеттік меншік объектілеріне атау беру мәселелері бойынша – іс-шараның ұйымдастырылу барысын жұмыс тұрғысынан бақылау және Президенттің немесе Президент Әкімшілігі, Үкімет басшылығының, Президент Әкімшілігінің немесе Үкімет Аппаратының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен немесе іс-шараны, көшелерге және мемлекеттік меншік объектілеріне атау беруді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап-көрсетумен расталған іс-шараны өткізу фактісі бойынша орындалу нәтижесін бақылау арқылы жүзеге асырылады.

      Тапсырмаларды іске асыру мерзімі ішінде жұмыстарды аяқтау мерзімдерінің бұзылу тәуекелдері болған және (немесе) туындаған әртүрлі мән-жайларға байланысты орындау мүмкін болмаған жағдайларда орындаушы мемлекеттік орган бұл туралы Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне дереу хабарлайды.

      Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Қағидалардың осы тармағында көрсетілген тапсырмаларды уақтылы, сапалы, толық орындамау тәуекелдері және оларды орындамаудың өзге де елеулі проблемалары анықталған кезде – Президент Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне жеке берілген және Президентті жеке хабардар етуді талап етпейтін тапсырмалар бойынша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына хабарлайды және тиісті ұсыныстар енгізеді.

      Ескерту. 66-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (ақпараттық жүйелердің пайдалануға дайын болған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін ақпараттық жүйелер функционалының мүмкіндіктерін қолдану бөлігінде осы тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацын, 2), 3) тармақшаларын қоспағанда, 01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      67. Президенттің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Үкімет ақпараты Президент Әкімшілігіне енгізіледі, оған Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарының адресатына қарай Премьер-Министр, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Үкімет Аппаратының Басшысы қол қояды.

      Президент Кеңсесінің бастығына, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілеріне жолданған Президенттің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы аралық есептік ақпарат Үкімет Аппараты Басшысы орынбасарларының, мемлекеттік органның бірінші басшысы орынбасарларының және алқалы органдар мүшелерінің қолы қойылып енгізілуі мүмкін.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      68. Егер Президент актілерінің немесе тапсырмаларының тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсетіп, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігін дәлел келтіріп негіздей отырып хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты мемлекеттік саяси қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.

      69. Президент актілерінің немесе тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдары виза қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысына келісімі негізінде Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша оларды орындау мерзімін ұзарту, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешімді Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.

      Бастапқы белгіленген мерзім ішінде объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша тапсырманың орындалуын аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.

      Белгіленген мерзімде объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша тапсырманы орындауды аяқтау мүмкін болмаған, сондай-ақ тапсырманы орындау нәтижелерінің тиімділігін немесе оның ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсерін бақылауды жүзеге асыру қажет болған жағдайларда ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      70. Президенттің актілері немесе тапсырмалары бойынша, егер:

      1) тапсырма мазмұны бойынша орындалған, бірақ мәселе оның түпкілікті нәтижелігі мен тиімділігін бағалау, ұсынылған жаңа тәсілдерді енгізу үшін бақылауда қалдырылған;

      2) бұрын берілген тапсырманы сапалы және жан-жақты іске асыру шеңберінде қосымша мәселелерді пысықтау қажеттігі туған;

      3) тапсырманы іске асыру орындалу мерзімдері ұзартылған немесе ауыстырылған басқа тапсырмаларға тікелей байланысты болған;

      4) төтенше жағдайға, төтенше ахуалға және карантин шараларына байланысты мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруға шектеулер енгізілген жағдайларда, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы немесе жауапты орындаушы мемлекеттік органның хаты негізінде орындаудың жаңа мерзімін белгілеу (мерзімді ауыстыру) туралы шешім қабылдануы мүмкін.

      Президенттің актілерін немесе тапсырмаларын орындаудың жаңа мерзімін белгілеу (мерзімін ауыстыру) туралы шешімді Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындаудың жаңа мерзімін белгілеу (мерзімін ауыстыру) туралы шешімді Президент немесе Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.

      Ескерту. 70-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      71. Осы Қағидалардың 42-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызметтік және өзге де құжаттар бойынша Президенттің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне жеке берілген және Президентті жеке хабардар етуді талап етпейтін тапсырмаларының орындалу мерзімдерін ұзарту, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, жаңа орындау мерзімін белгілеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің шешімімен жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 14.06.2022 № 927 Жарлығымен.

      72. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын және оның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының шеңберінде тапсырмаларды орындау мерзімін қайталап ұзартуға айрықша жағдайларда, Президенттің шешімі бойынша, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларының, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (ұйымдар) бірінші басшыларының тиісті орынбасарларының тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, актілер немесе тапсырмалар тармақтарының орындалу мерзімін қайталап ұзартуға Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша, мемлекеттік саяси қызметшілер мен ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып жол беріледі.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімін қайталап ұзартуға айрықша жағдайларда, Президенттің немесе Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының шешімі бойынша, мемлекеттік саяси қызметшілер мен ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып жол беріледі.

      Қабылданған шаралар туралы ақпарат Президент Әкімшілігіне бір айдан аспайтын мерзімде ұсынылады.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      73. Президент актілерінің немесе тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімін ұзарту туралы екі реттен артық ұсыныс енгізілген жағдайда, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) бірінші басшыларын, сондай-ақ қажет болған кезде Үкіметтің жауапты саяси лауазымды адамдарын оларға бекітілген тапсырмалар бойынша жазалау туралы мәселе қаралады.

      74. Президенттің жеке тапсырмаларын орындау мерзімдерін ұзартуды оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және Президент Әкімшілігінің ресми аккаунттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларды қоспағанда, Президент қана жүзеге асырады.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      74-1. Орындалуын бақылау бастапқыда Үкіметке немесе орталық және жергілікті атқарушы органдарға, ұйымдарға бекітілген, сондай-ақ Президент Әкімшілігі олардың бақылауына берген Президенттің актілері мен тапсырмалары бойынша орындалуын бақылауды жүзеге асыру және мерзімін ұзарту, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылдау тәртібі осы Қағидалардың 5073-тармақтарының нормаларында белгіленген тәртіпке ұқсас. Тиісті шешімдер қабылдау деңгейі тиісінше Үкімет регламентінде немесе орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ішкі регламенттерінде айқындалады.

      Ескерту. 74-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      75. Актілердің және тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін:

      1) толық және сапалы орындау, оның ішінде қол қойылған заң, Президенттің немесе Үкіметтің қабылданған актісі;

      2) Президенттің бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қайталайтын) жаңа тапсырмасы;

      3) туындаған объективті мән-жайларға байланысты орындаудың мүмкін болмауы;

      4) орындауды одан әрі бақылауды Үкіметке немесе басқа мемлекеттік органға, ұйымға беру негіз болып табылады.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      75-1. Үкімет және басқа да мемлекеттік органдар жыл қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігіне осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша олардың бақылауына берілген тапсырмалардың орындалуын бақылаудың жай-күйі мен нәтижелері туралы ақпарат енгізеді. Үкіметтің есебі Президент Әкімшілігіне жетекшілік ету бағыттарына қарай Премьер-Министр орынбасарының немесе Үкімет Аппараты Басшысының қолы қойылып енгізіледі және ол өзінің құрылымы бойынша Үкіметтің құрамына кіретін министрліктер жетекшілік ететін салалардағы тапсырмалардан тұруға тиіс.

      Ескерту. 75-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      76. Президент актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы:

      1) орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) ұсынысы бойынша Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының визаларымен ресімделген келісімі негізінде;

      2) Президент Әкімшілігінің жергілікті жерге барып тексерулерінің, сондай-ақ жүргізілген ревизиялар мен құжаттамалық тексерудің өзге нысандарының қорытындылары бойынша Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 75-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Үкіметтің немесе мемлекеттік органның бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды Премьер-Министр немесе оның орынбасары, тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы жүзеге асырады.

      Егер Президенттің тапсырмасы тармағының осы Қағидалардың 75-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарын бұза отырып бақылаудан алынғаны анықталған жағдайда, Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде мұндай тапсырманың тармағын бақылауды қайта жаңарту және оның орындалу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент немесе Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы жүзеге асырады.

      Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.

      Ескерту. 76-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      76-1. Осы Қағидалардың 66-3-тармағында көрсетілген тапсырмаларды бақылаудан алу мынадай тәртіппен:

      осы Қағидалардың 66-3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тапсырмалар бойынша – жауапты орындаушы мемлекеттік органның ресми есебі ұсынылмастан, Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің монументтік өнер құрылысжайларын салу (орнату) фактісі туралы қызметтік жазбахатының негізінде, ал өзге де құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау (жөндеу) мәселелері бойынша орындаушы мемлекеттік органның пайдалануға енгізіле отырып, құрылыс жұмыстарының аяқталғаны және олардың нысаналы мақсатына сәйкес одан әрі пайдалануға әзірлігі туралы қорытынды есептік ақпараты негізінде;

      осы Қағидалардың 66-3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тапсырмалар бойынша – жауапты орындаушы мемлекеттік органның түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілгені туралы қорытынды есебі ұсыныла отырып, Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің цифрландыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және олардың функционалын тестілеу туралы қызметтік жазбахаты негізінде;

      осы Қағидалардың 66-3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тапсырмалар бойынша:

      егер тапсырмада аяқталу нысаны және/немесе түпкілікті нәтижесі бойынша реттеу нысанасын көрсететін нақты атауы көрсетілген жеке заңнамалық актіні қабылдау көзделсе – мемлекеттік органның ресми есебі ұсынылмастан және Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы енгізілместен, Президенттің қол қою фактісі бойынша;

      егер тапсырманың мазмұнында заңнамаға түзетулер қабылдау көзделсе – жауапты орындаушы мемлекеттік органның ресми есебі ұсынылмастан, Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қабылданған заңнамалық актілердің нақты атауы және тапсырманы орындаудың қысқаша мазмұны көрсетілген сараптамалық қорытындысы негізінде;

      осы Қағидалардың 66-3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тапсырмалар бойынша – мемлекеттік органның ресми есебі ұсынылмастан және Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы енгізілместен, іс-шараны өткізу, көшелерге және мемлекеттік меншік объектілеріне атау беру фактісі бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 76-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      77. Президенттің жеке тапсырмаларын және оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және Президент Әкімшілігінің ресми аккаунттарында жарияланған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент қана жүзеге асырады.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      78. Осы Қағидалардың 42-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызметтік және өзге де құжаттар бойынша Президенттің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне жеке берілген және Президентті жеке хабардар етуді талап етпейтін тапсырмаларын бақылаудан алу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің шешімімен жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 14.06.2022 № 927 Жарлығымен.

      79. Президент Әкімшілігінің деңгейінде бақыланатын Президент актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды белгіленген тәртіппен Президент Әкімшілігінде бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      80. Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындысы бойынша Президентке:

      1) Президент актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылаудың жай-күйі мен нәтижелері;

      2) жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының және Президенттің сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндайды.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      80-1. Үкімет жыл қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігіне мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру барысы туралы есеп пен қорытындыны енгізеді.

      Ескерту. 80-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      81. Мемлекеттік органдар Президенттің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы және нәтижелері туралы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ел халқын ақпараттандыруды жүйелі негізде қамтамасыз етеді.

7. Нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу тәртібі

      82. Президенттің нормативтік құқықтық жарлықтарына (бұдан әрі – жарлықтар) мониторинг қабылданған жарлықтарда Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлықтық құқық нормаларын анықтау және қабылданған жарлықтарды іске асыру тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында жүргізіледі.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      83. Әзірлеуші мемлекеттік органдар жарлықтардың мониторингін тұрақты негізде жүргізеді.

      84. Президент Әкімшілігі дайындаған жарлықтардың мониторингін оларды тікелей әзірлеген құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.

      85. Мемлекеттік органдар мониторингтің нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда, тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстарды ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін Президент Әкімшілігіне жібереді.

      86. Жарлықтарға мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар, сондай-ақ жарлықтардың мониторингі мәселелері бойынша Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен жарлықтарды әзірлеуші мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін Президент Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.

      87. Жарлықтарға мониторинг жүргізу үшін пайдаланылатын олар туралы ақпаратты жинау, есепке алу және сақтау мақсатында Президент Әкімшілігі жарлықтардың электрондық түрдегі тіркелімін жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауын
дайындау және іске асыру,
актілерімен және
тапсырмаларымен жұмыс істеу
және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру,
нормативтік құқықтық
жарлықтарға мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасын келісу ПАРАҒЫ

ЖОБА: ____________________

Жобаның атауы:____________________________________

Жобаның нөмірі / Нұсқасы:


Әзірлеуші МО:


МО басшысы:


Заң қызметінің басшысы:


Жауапты орындаушы:


      Жобаның сипаттамасы:

      Келісуші мемлекеттік органдар

Ұйымның атауы

Келісу күні мен уақыты

Қол қоюшының Т.А.Ә.

ЭЦҚ қою мәртебесі

Түсіндірме

1






2






3






4






5






  Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауын
дайындау және іске асыру,
актілерімен және
тапсырмаларымен жұмыс істеу
және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру,
нормативтік құқықтық
жарлықтарға мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-ҚОСЫМША

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

№ р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.





2.





...





  Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауын
дайындау және іске асыру,
актілерімен және
тапсырмаларымен жұмыс істеу
және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру,
нормативтік құқықтық
жарлықтарға мониторинг
жүргізу қағидаларына
3-ҚОСЫМША

КЕЛІСІЛДІ ______________________ 20 ___ жылғы _________ №____

БЕКІТЕМІН ______________________ 20 ___ жылғы _________ №____

Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы)

      Құжаттың түрі:

      Тапсырманың мазмұны:

      Аралық бақылау мерзімі:

      Соңғы орындалу мерзімі:

      Жауапты орындаушы мемлекеттік орган:

№ р/с

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы)

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Орындалу индикаторлары

Мемлекеттік органның/ұйымның бақылауға жауапты лауазымды адамы

1-кезең. Ұйымдастыру-дайындау жұмысы

1.







2.







2-кезең. Практикада іске асыру

1.







  Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауын
дайындау және іске асыру,
актілерімен және
тапсырмаларымен жұмыс істеу
және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру,
нормативтік құқықтық
жарлықтарға мониторинг
жүргізу қағидаларына
4-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат

№ р/с

Жоспар тармағының №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қабылданған шаралар және қол жеткізілген нәтижелер

Тармақты іске асыру бойынша жақын арадағы перспективаға арналған іс-қимыл жоспары

Орындалу барысын бағалау және одан арғы бақылау бойынша ұсыныстар

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























  Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауын
дайындау және іске асыру,
актілерімен және
тапсырмаларымен жұмыс істеу
және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру,
нормативтік құқықтық
жарлықтарға мониторинг
жүргізу қағидаларына
5-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің ____________________________ 20__ жылғы ___ _______ № ____ актісін немесе тапсырмасын іске асыру бойынша
БАҚЫЛАУДЫ БЕКІТУ

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

р/с №

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

Түпкілікті нәтиже*

Жауапты мемлекеттік орган

Бақылауға жауапты мемлекеттік орган (Үкімет, орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган).
Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі

1.







2.













      __________________

      * түпкілікті нәтиже өздерінің мазмұны белгілі бір өлшенетін әлеуметтік-экономикалық немесе өзге де әсерге жетуге мүмкіндік беретін нақты тұжырымдалған шаралар қабылдауды болжайтын тапсырмалар мен актілер бойынша ғана айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауын
дайындау және іске асыру,
актілерімен және
тапсырмаларымен жұмыс істеу
және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру,
нормативтік құқықтық
жарлықтарға мониторинг
жүргізу қағидаларына
6-ҚОСЫМША
Электрондық
құжаттың
көшірмесі

Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының жобасын келісудің ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПАРАҒЫ

      Мазмұны:

      Келісу нәтижелері:

Лауазымы

Т.А.Ә.

Келісу күні мен уақыты

Қол қою мәртебесі

1





2





3





      Жобалық құжаттың тіркеу деректемелері: _________________________

  Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауын
дайындау және іске асыру,
актілерімен және
тапсырмаларымен жұмыс істеу
және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру,
нормативтік құқықтық
жарлықтарға мониторинг
жүргізу қағидаларына
7-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігіне ұсынылатын ақпараттың* НЫСАНЫ

      Ескерту. 7-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Тапсырманың деректемелері:

      1.1. тапсырма қамтылған құжаттың атауы (Президенттің хаттамасы, Жарлығы және т.б.), күні және нөмірі және оның тармағына сілтеме;

      1.2. жауапты орындаушы, бірлесіп орындаушылар;

      1.3. орындаудың бастапқы мерзімі.

      2. Тапсырманың қысқаша мазмұны.

      3. Есепті кезеңде тапсырманы іске асыру қорытындылары:

      3.1. тапсырманы іске асыруға бағытталған іс-шаралардың орындалу барысы (аралық немесе кезеңдік ақпарат берілген жағдайда);

      3.2. өткізілген іс-шаралардан кейін қол жеткізілген нәтиже (түпкілікті нәтиже);

      тапсырманы орындау нәтижелері бойынша нақты: "орындалды", "ішінара орындалды", "орындалған жоқ" деген тұжырымдар берілген өзіндік бағалау. Екінші және үшінші жағдайларда ақпаратта тапсырманы ішінара орындау немесе орындамау себептері міндетті түрде көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік органның:

      осы Қағидалардың 75-тармағында белгіленген негіздердің біреуін көрсете отырып бақылаудан алу туралы;

      мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, жаңа мерзімді белгілеу туралы тұжырымдары мен ұсыныстары.

      __________________

      * Президент Әкімшілігінің құқықтық актісінде белгіленген жағдайлардан басқа ретте, орындалу мерзімі он жұмыс күніне дейінгі жедел сипаттағы тапсырмалар, сондай-ақ кеңестерге және өзге де халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шараларға ақпараттық-анықтамалық материалдар, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын беруге байланысты тапсырмалар.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауын
дайындау және іске асыру,
актілерімен және
тапсырмаларымен жұмыс істеу
және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру,
нормативтік құқықтық
жарлықтарға мониторинг
жүргізу қағидаларына
8-ҚОСЫМША

Үкіметтің (орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның) өздерінің бақылауына берілген тапсырмалар бойынша жыл сайынғы жиынтық есебінің нысаны

      Ескерту. 8-қосымшамен толықтырылды – ҚР Президентінің 04.12.2023 № 403 (01.02.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

р/с №

Тапсырманың деректемелері

Тапсырманың мазмұны

Орындалу мәртебесі (орындалған, орындалуда)

Егер тапсырма орындалса, түпкілікті нәтиже қысқаша баяндалсын

Егер тапсырма орындалып жатса, аралық нәтиже қысқаша баяндалсын (оның ішінде мерзімдерді ұзарту, орта мерзімді/ ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, жаңа мерзімдерді белгілеу фактілері көрсетіле отырып)


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында

1.







Денсаулық сақтау саласында

1.







Білім беру саласында

1.







……………… саласында

1.






      __________________

      * орталық мемлекеттік органдар өздерінің ережелеріне сәйкес реттеу саласын көрсетеді.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады