Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 9 қарашадағы № 884 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс      

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат, № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі туралы ережеде:
      8-тармақтың 3) тармақшасында «ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін» деген сөздер «ең төменгі резервтік талаптарды, олардың нормативтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілейді;»;
      4) тармақшада:
      «қолма-қол банкноттар мен монеталарды» деген сөздер «банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мен монеталарды» деген сөздер «, монеталар мен құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақта:
      1) тармақшада «олардың жұмыс істеуін қадағалауды» деген сөздер «қадағалауды (оверсайт)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада «төлем» деген сөз алып тасталсын;
      6) тармақшада:
      «және құқықтық режимін» деген сөздер «, құқықтық режимін және құрылымын» деген сездермен ауыстырылсын;
      «пайдалану (жүргізу)» деген сөздер «жүргізу» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) ақша төлемі мен аударымы мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді табыс ету тәртібін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді;»;
      12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1. Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:
      1) төлем жүйелеріне қадағалау (оверсайт) жүргізу тәртібін белгілеуге;
      2) төлем жүйелерін ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
      3) төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;
      4) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және олардың жұмыс істеуін тексеруге;
      5) ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
      6) төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі:
      1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін белгілейді;
      2) резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
      3) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт пен импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеуінің бірыңғай ережелері мен шарттарын және экспорт-импорт валюталық бақылауын жүзеге асырудың тәртібін, сондай-ақ мәміле сомасы асып кеткен жағдайда, мәміле паспортын ресімдеу қажет етілетін сол сомаға қатысты шекті мәнін белгілейді;
      4) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жіберу тәртібін белгілейді;
      5) валюталық реттеу және бақылау мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді;
      6) шетелдік валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді және оған лицензия береді;
      7) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес айырбастау пункттерін тіркеу тәртібін белгілейді және тіркеу куәліктерін береді, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
      8) шетелдік валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      9) валюталық операциялар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде ашқан шоттары туралы тіркеуді және хабарлама беруді жүзеге асырудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктерін береді;
      10) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу тәртібін айқындайды және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      11) арнайы валюта режимі шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсат береді;
      12) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын белгілейді;
      13) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті) жүзеге асырады;
      14) валюталық заңнаманы сақтау мәселелері бойынша тексеруді жүзеге асырады;
      15) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында өзге де функцияларды орындайды.»;
      15-тармақтың 12) тармақшасында «операциялар жүргізеді» деген сөздер «операцияларды қалыптастырады және жүргізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақта:
      1) тармақшада «ұйымдастыруға» деген сөз «ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, банктерге уәкілетті органда банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;»;
      11) тармақшада «ашу және жүргізу» деген сөздер «банктердің ашуы және жүргізуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) уәкілетті органмен келісім бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, қаржылық есептіліктің тізбесін, оны табыс етудің мерзімдері мен тәртібін, сондай-ақ барлық қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;»;
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) қаржы ұйымдары қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және банк қызметі, ақша төлемі мен аударымы, валюталық операцияларды, бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзған жағдайда, оларға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайды және қолданады. Өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарына санкциялар қолдану кезінде Қазақстан Ұлттық Банкі бұл жөнінде уәкілетті органды хабардар етеді;»;
      17-тармақта:
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өзінің бухгалтерлік балансын жасайды және оны үнемі жариялап отырады;
      3) елдің төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын қоса алғанда, елдің сыртқы секторының статистикасын қалыптастырады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
      3-2) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;»;
      мынадай мазмұндағы 11-1)және 11-2)тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді;
      11-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1)тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюталық-қаржылық және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;»;
      19-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      «бөлінбеген таза» деген сөздер «таза» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «алтынвалюта активтерін қайта бағалау шоттарына жатқызылған, пайда болған іске асырылмаған кіріс сомасын қоспағанда)» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алтынвалюта активтерін қайта бағалау шотына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, банк активтері бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердің) сомасына азайтылған, сондай-ақ негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген Қазақстан Ұлттық Банкінің таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жіберіледі.»;
      20-тармақтың тоғызыншы бөлігі алып тасталсын;
      23-тармақта:
      8) тармақша алып тасталсын;
      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «28) банктер үшін ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін, банктер үшін ең төменгі резервтік талаптар туралы нормативтік құқықтық актіні бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «34-1) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу және оларды белгілеу тәртібін айқындау;»;
      мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «38-1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережелерін, сондай-ақ резиденттердің экспорт және импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеу ережелері мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;»;
      39) тармақшада «банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға» деген сөздер «қаржы ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      28-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) банкноттарға, монеталар мен құндылықтарға инкассация жүргізуге лицензия беру, қолданылуын тоқтата тұру және айыру туралы шешім қабылдайды;»;
      44-тармақтың екінші бөлігінде «кірістері мен шығыстары» деген сөздер «пайдасы мен зияны» деген сөздермен ауыстырылсын;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық есептілігінің аудитін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттің немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.
      Тексеру кезінде алынған кез келген ақпарат конфиденциалды деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік атқарады.
      Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ұйымдарының қызметін тексеруді Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі немесе тапсырмасы бойынша ғана кез келген мемлекеттік органдары жүзеге асырады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271

Указ Президента Республики Казахстан от 9 ноября 2009 года № 884

Подлежит опубликованию в Собрании  
актов Президента и Правительства  
Республики Казахстан        

      В целях реализации законов Республики Казахстан от 4 июля 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам валютного регулирования и валютного контроля" и от 11 июля 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования законодательства Республики Казахстан о платежах и переводах денег, бухгалтерском учете и финансовой отчетности финансовых организаций, банковской деятельности и деятельности Национального Банка Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года № 1271 "Об утверждении Положения и структуры Национального Банка Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 50, ст. 640; 2005 г., № 39, ст. 555; 2006 г. № 35, ст. 373; 2007 г., № 42, ст. 479; 2008 г., № 3, ст. 38, № 35, ст. 364; 2009 г., № 15, ст. 106) следующие изменения и дополнения:
      в Положении о Национальном Банке Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      в подпункте 3) пункта 8 слова "нормативы минимальных резервных требований" заменить словами "минимальные резервные требования, их нормативы";
      в пункте 9:
      дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:
      "3-1) устанавливает требования к деятельности по пересчету, сортировке, упаковке, хранению банкнот, монет и ценностей, а также их выдаче банкам и их клиентам по поручению банков, осуществляемой организациями, имеющими лицензию Национального Банка Казахстана на проведение операции по инкассации банкнот, монет и ценностей;";
      в подпункте 4):
      слова "наличных банкнот и монет" заменить словами "банкнот, монет и ценностей";
      слова "и монет" заменить словами ", монет и ценностей";
      в пункте 12:
      в подпункте 1) слова "за функционированием платежных систем" заменить словами "(оверсайт) за платежными системами";
      в подпункте 2) слово "платежных" исключить;
      в подпункте 6):
      слова "и правовой режим" заменить словами ", правовой режим и структуру";
      слова "пользования (ведения)" заменить словом "ведения";
      дополнить подпунктом 7-1) следующего содержания:
      "7-1) устанавливает порядок, формы и сроки представления отчетности и сведений по вопросам платежей и переводов денег;";
      пункт 12-1 изложить в следующей редакции:
      "12-1. В целях осуществления надзора (оверсайта) за платежными системами Национальный Банк Казахстана вправе:
      1) устанавливать порядок проведения надзора (оверсайта) за платежными системами;
      2) принимать нормативные правовые акты, определяющие условия и порядок организации и функционирования платежных систем;
      3) осуществлять мониторинг платежных систем;
      4) проверять организацию и функционирование платежных систем;
      5) получать информацию по вопросам платежей и переводов денег, функционирования платежных систем от участников и операторов платежных систем;
      6) осуществлять проверки деятельности участников платежных систем.";
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      "13. В целях осуществления валютного регулирования и валютного контроля Национальный Банк Казахстана:
      1) устанавливает порядок обращения валютных ценностей в Республике Казахстан;
      2) устанавливает правила проведения резидентами и нерезидентами валютных операций в Республике Казахстан;
      3) устанавливает единые правила и условия оформления резидентами паспортов сделок по экспорту и импорту и порядок осуществления экспортно-импортного валютного контроля в целях обеспечения выполнения резидентами требования репатриации, а также пороговое значение в отношении суммы сделки, при превышении которого требуется оформление паспорта сделки;
      4) устанавливает порядок ввоза, вывоза и пересылки в Республику Казахстан и из Республики Казахстан валютных ценностей;
      5) устанавливает порядок, формы и сроки представления отчетности и сведений по вопросам валютного регулирования и контроля;
      6) устанавливает порядок лицензирования и выдает лицензии на осуществление деятельности по организации обменных операций с иностранной валютой;
      7) устанавливает порядок регистрации и выдает регистрационные свидетельства обменных пунктов, а также приостанавливает их действие в соответствии с валютным законодательством Республики Казахстан;
      8) устанавливает порядок осуществления и квалификационные требования к осуществлению деятельности по организации обменных операций с иностранной валютой;
      9) устанавливает порядок осуществления регистрации и уведомления о валютных операциях, об открытии резидентами Республики Казахстан счетов в иностранных банках, а также выдает регистрационные свидетельства и свидетельства об уведомлении;
      10) определяет порядок установления пределов отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты и осуществляет контроль за их выполнением;
      11) выдает специальные разрешения на проведение валютных операций в рамках специального валютного режима;
      12) устанавливает по согласованию с государственными органами в соответствии с их компетенцией порядок и формы учета и отчетности по валютным операциям, обязательные для исполнения резидентами и нерезидентами в Республике Казахстан;
      13) осуществляет мониторинг валютных операций нерезидентов, осуществляющих деятельность на территории Республики Казахстан (валютный мониторинг);
      14) осуществляет проверки по вопросам соблюдения валютного законодательства;
      15) в случаях установления фактов нарушения банками и иными лицами банковского и валютного законодательства Республики Казахстан налагает санкции, предусмотренные банковским и валютным законодательством Республики Казахстан;
      16) выполняет иные функции в области валютного регулирования и валютного контроля, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.";
      в подпункте 12) пункта 15 слово "совершает" заменить словами "формирует и совершает";
      в пункте 16:
      в подпункте 1) слова "на организацию" заменить словами "на осуществление деятельности по организации";
      подпункт 5) изложить в следующей редакции:
      "5) в случаях, установленных законами Республики Казахстан, выдает заключение банкам для получения лицензии на проведение банковских и иных операций в уполномоченном органе, а также определяет порядок выдачи такого заключения;";
      в подпункте 11) слова "ведение металлических" заменить словами "ведение банками металлических";
      подпункт 15) изложить в следующей редакции:
      "15) устанавливает по согласованию с уполномоченным органом формы либо требования к формам, соответствующие международным стандартам финансовой отчетности, перечень, сроки и порядок представления финансовой отчетности, а также порядок и сроки публикации финансовой отчетности всеми финансовыми организациями;";
      подпункт 18) изложить в следующей редакции:
      "18) определяет порядок применения и применяет к финансовым организациям в пределах своей компетенции меры воздействия и санкции, предусмотренные банковским законодательством Республики Казахстан, а также законодательством Республики Казахстан о валютном регулировании и валютном контроле, страховании и страховой деятельности, пенсионном обеспечении, рынке ценных бумаг, в случае нарушения ими международных стандартов финансовой отчетности и нормативных правовых актов по вопросам банковской деятельности, платежей и переводов денег, осуществления валютных операций, бухгалтерского учета и требований, предъявляемых к системам, автоматизирующим ведение бухгалтерского учета. При применении в пределах своей компетенции санкций к финансовым организациям Национальный Банк Казахстана уведомляет об этом уполномоченный орган;";
      в пункте 17:
      подпункты 2) и 3) изложить в следующей редакции:
      "2) составляет и регулярно публикует собственный бухгалтерский баланс;
      3) формирует статистику внешнего сектора страны, включая платежный баланс, международную инвестиционную позицию и валовой внешний долг страны, участвует в разработке прогнозных оценок платежного баланса;";
      дополнить подпунктами 3-1) и 3-2) следующего содержания:
      "3-1) осуществляет мониторинг договоров по негосударственным внешним займам;
      3-2) участвует в регулировании внешнего долга финансовых организаций;";
      дополнить подпунктами 11-1) и 11-2) следующего содержания:
      "11-1) устанавливает порядок ведения кассовых операций с физическими и юридическими лицами в Национальном Банке Казахстана;
      11-2) устанавливает официальный курс национальной валюты Республики Казахстан к иностранным валютам согласно перечню, определяемому Правлением Национального Банка Казахстана;";
      дополнить подпунктом 12-1) следующего содержания:
      "12-1) организует международные расчеты, совершенствует валютно-финансовые и кредитно-расчетные отношения с зарубежными странами;";
      в пункте 19:
      в части первой:
      слова "Нераспределенный чистый" заменить словом "Чистый";
      слова "(за исключением образовавшейся суммы нереализованного дохода, относимой на счета переоценки золотовалютных активов)" исключить;
      часть вторую изложить в следующей редакции:
      "Нераспределенным чистым доходом Национального Банка Казахстана является чистый доход Национального Банка Казахстана, за исключением суммы курсовой переоценки, относимой на счета переоценки золотовалютных активов, уменьшенный на сумму созданных общих провизий (резервов) по банковским активам, а также скорректированный на суммы переоценки основных средств и нематериальных активов. Нераспределенный чистый доход направляется на увеличение уставного и (или) резервного капиталов в размере, установленном Правлением Национального Банка Казахстана.";
      часть девятую пункта 20 исключить;
      в пункте 23:
      подпункт 8) исключить;
      подпункт 28) изложить в следующей редакции:
      "28) утверждение нормативов минимальных резервных требований для банков, нормативного правового акта о минимальных резервных требованиях для банков;";
      дополнить подпунктом 34-1) следующего содержания:
      "34-1) определение порядка и установление пределов отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты;";
      дополнить подпунктом 38-1) следующего содержания:
      "38-1) утверждение правил осуществления мониторинга валютных операций нерезидентов, осуществляющих деятельность на территории Республики Казахстан, а также правил и условий оформления резидентами паспортов сделок по экспорту и импорту и порядка осуществления экспортно-импортного валютного контроля;";
      в подпункте 39) слова "банкам и организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций," заменить словами "финансовым организациям";
      пункт 28 дополнить подпунктом 13-1) следующего содержания:
      "13-1) принимает решение о выдаче, приостановлении действия и лишении лицензии на проведение инкассации банкнот, монет и ценностей;";
      в части второй пункта 44 слова "доходах и расходах" заменить словами "прибылях и убытках";
      пункт 45 изложить в следующей редакции:
      "45. По решению Правления Национального Банка Казахстана аудит финансовой отчетности Национального Банка Казахстана проводится ежегодно аудиторской организацией, имеющей опыт аудита центрального банка государства - члена Организации экономического сотрудничества и развития (ОЭСР) или стран Содружества Независимых Государств (СНГ).
      Любая полученная при проверке информация считается конфиденциальной и аудиторская организация несет ответственность за ее передачу третьим лицам.
      Проверка деятельности Национального Банка Казахстана и его организаций любыми государственными органами осуществляется только с согласия или по поручению Президента Республики Казахстан.".
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев