Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, қаулы етемін:
1. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы Мемлекеттік сыйлығы мына авторларға:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының жетілдірілген эксперименттік ядролық-физикалық қондырғылары базасында ядролық және радиациялық физика саласындағы іргелі зерттеулер және олардың негізінде ядролық және радиациялық технологиялар құру" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Камалұлы Кәдіржановқа;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғадлет Андиянұлы Батырбековке;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары Александр Николаевич Борисенкоға;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әлнұр Дүйсебайұлы Дүйсебаевқа;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Рахметұлы Жотабаевқа;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының үдету кешені бөлімінің бас инженері Сергей Николаевич Лысухинге;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Олег Прокопьевич Максимкинге;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Әділ Жианшахұлы Төлеуішевке;
2) "Минерагения және Қазақстанның минералдық шикізат ресурстарын дамытудың перспективалары" жұмысы үшін:
"Қ.И.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты” ЖШС-ның бас ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі Эдгард Славомирович Воцалевскийге;
"Қ.И.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты" ЖШС-ның жетекші ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Николай Мифодьевич Жуковқа;
"Қ.И.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты" ЖШС-ның зертхана жетекшісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Леонид Александрович Мирошниченкоға;
"Қ.И. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты" ЖШС-ның директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Болат Мамытханұлы Рақышевқа;
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығының бұрынғы басшысы, зейнеткер, геология-минералогия ғылымдарының докторы Сиезбек Аманбекұлы Ақылбековке;
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы, геология-минералогия ғылымдарының докторы Болат Сұлтанұлы Өжкеновке;
3) "Еркін алгебралардың автоморфизмдері мен ішкі алгебралары" жұмысы үшін:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Уалбай Үтмаханбетұлы Өмірбаевқа берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ