«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 25 қарашадағы
№ 1108 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы
Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы
ХАТТАМА
Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы Прага қаласында 1996 жылғы 8 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісті:
1-бап
3-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық режим және неғұрлым қолайлы режим туралы ереже осы бапқа сәйкес кеден, экономикалық немесе валюта одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүшеліктен туындайтын өз міндеттемелеріне орай Уағдаласушы Тарап ұсынатын пайдаға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы кеден, экономикалық немесе валюта одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүше екінші Уағдаласушы Тараптың міндеттемелеріне осы кеден, экономикалық немесе валюта одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына қатысты халықаралық шарттан туындайтын міндеттемелердің кіретіндігімен келіседі.
5. Осы Келісімнің ережелері Уағдаласушы Тараптардың бірінің екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторларына, олардың инвестицияларына немесе кірістеріне бір Уағдаласушы Тарап Табысқа және капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтыруға жол бермеу туралы келісім немесе салық салуға байланысты басқа да халықаралық келісімдер негізінде ұсынуға құқылы мұндай пайданы, басымдықтарды немесе артықшылықтарды ұсыну міндеттемесі ретінде түсіндірілмеуі тиіс.».
2-бап
6-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Еуропалық Одақ қабылдаған шараларды қозғамастан, аумағында екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторлары инвестициялар салған әрбір Уағдаласушы Тарап инвесторлар барлық салықтық міндеттемелерді орындағаннан кейін осы инвесторларға осы инвестициялармен байланысты еркін айналымдағы валютада, кедергісіз және артық кідіріссіз, атап айтқанда, бірақ айрықша емес төлемдердің еркін аударымын ұсынады:».
3-бап
8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер бір Уағдаласушы Тараптың инвесторы мен екінші Уағдаласушы Тарап арасындағы дау осындай жолмен даудың туындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап алты ай ішінде шешілмесе, онда инвестор өз қалауы бойынша оны:
а) аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тарап мемлекетінің құзыретті соттарының, немесе
б) 1965 жылғы 18 наурыздағы Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенцияның қолданылып жүрген ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы осы Конвенцияның қатысушысы болған жағдайда, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ІСSID), немесе
в) төрешіге немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелік регламентіне сәйкес халықаралық «аd hос» төрелік сотының қарауына ұсына алады. Дау тараптары осы ережелерді өзгерту туралы жазбаша уағдаласуы мүмкін. Егер тиісті төрелік ережелерде немесе екі Уағдаласушы Тарап қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, аралық соттың шешімі дауда екі тарап үшін де түпкілікті және міндетті болуы тиіс.».
4-бап
1. Мынадай мазмұндағы 11-баппен толықтырылсын:
«11-бап.
ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ МҮДДЕЛЕРІ
1. Осы Келісімнің ешқандай ережелері кез келген Уағдаласушы Тараптың өзінің:
а) қылмыстарға қатысты;
б) қару-жарақ, оқ-дәрі және әскери техника саудасына және әскери немесе басқа да әлеуетті құрылымдарды жабдықтау мақсатында жүзеге асырылатын өзге де тауарлармен, материалдармен, қызметтермен және технологиялармен жасалатын операцияларға қатысты;
в) соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастардағы төтенше жағдайлар жүзеге асырылған;
г) ядролық қаруды немесе басқа да ядролық жарылғыш қондырғыларды таратуға тыйым салуға қатысты ұлттық саясатты немесе халықаралық шарттарды іске асыруға байланысты, немесе
д) халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған БҰҰ Жарғысына сәйкес келетін өзінің міндеттемелеріне байланысты негізгі қауіпсіздік мүдделерін қорғау үшін қажет деп есептейтін шараларды қабылдауына кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
2. Уағдаласушы Тарап қауіпсіздігінің негізгі мүдделері оның кеден, экономикалық немесе валюта одағына, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүшелігінен туындайтын мүдделерді қамтуы мүмкін.».
3. 11 және 12-баптар 12 және 13-баптар болып саналсын.
5-бап
12-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Қорытынды ережелер»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.».
6-бап
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алынған күнінен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде күшінде қалады.
2010 жылғы «__»_________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, чех және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндер бірдей дәлме-дәл болып табылады.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ЧЕХ РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН