Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі оған Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен бюджеттік, салықтық және кедендік саясатты қалыптастыру мен бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді беру жолымен;
2) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, соның ішінде оған стратегиялық жоспарлау және өңірлік даму саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді жүктей, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінен сауда саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі етіп қайта құру жолымен;
3) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен электр энергетикасы, тау-кен және атом өнеркәсібі саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі етіп қайта құру жолымен;
4) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі оны Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі етіп қайта құру жолымен;
5) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі етіп қайта құру жолымен;
6) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінен бұқаралық ақпарат саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
мына:
«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі»,
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі»,
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі»,
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі»,
«Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі»,
«Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі»,
«Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі»;
«Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі» деген жол алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев