Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 378-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесінде:
7-тармақтағы "болжамы мен бюджеттік параметрлерде" деген сөздер "болжамында" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақта "1 сәуірден" деген сөздер "25 наурыздан" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың бірінші бөлігіндегі "1 мамырдан" деген сөздер "20 сәуірден" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |