Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 1012 Жарлығы

      Қаулы етемін:
      1."Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы "конкурс" "деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      "2009 жылдан бастап" деген сөздер алып тасталсын;
      "конкурсын" деген сөзден кейін және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта "атағын" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережесі;";
      3) тармақша "атағын" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері жыл сайынғы өңірлік "Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурстарын ұйымдастыру және өткізу жөнінде шаралар қабылдасын.";
      5-тармақтың 1) тармақшасындағы "әзірлесін және бекітсін" деген  сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын;
      "3) "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін әзірлесін және бекітсін";
      Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
      тақырыбы "атағын" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша "Индустрия және сауда" деген сөздер "Индустрия және жаңа технологиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі" деген жолда "және ақпарат" деген сөздер алып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі";
      "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі";
      "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген  сөздер "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс өткізу және лауреат атағын беру ережелерінде:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі — Комиссия) осы Ережелердің 5-тармағында көзделген үш номинациядағы екі санат бойынша жыл сайын сыйлықтар береді.";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Әр номинация бойынша мынадай:
      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
      2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша екі сыйлық беріледі.
      Конкурстар номинациясында қосымша, бірақ екіден аспайтын, конкурс лауреаты мен дипломанты атағы тағайындалуы мүмкін.";
      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      тақырыбы "атағын" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша "конкурс", "конкурсқа", "конкурстың" және "конкурсты" деген сөздермен тиісінше "конкурстар", "конкурстарға", "конкурстардың" және "конкурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "атағын" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      1) тармақшадағы "сыйлығы" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "лауреаттарын" деген сөзден кейін "және дипломанттарын" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2010 жылғы 23 маусымдағы
N 1012 Жарлығына  
Қосымша      

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2006 жылғы 9 қазандағы
№ 194 Жарлығымен 
бекітілген     

"Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын
өткізу және дипломант атағын беру ережелері

      1. "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының (бұдан ері — конкурс) ұйымдастырушысы (бұдан әрі — конкурсты ұйымдастырушысы) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады, "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары (бұдан әрі — өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері болып табылады.
      2. Конкурстың негізгі мақсаттары:
      1) жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;
      2) Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;
      3) отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;
      4) сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
      5) халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту болып табылады.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;
      2) өнім сапасының орнықты жоғары деңгейін және оны жүйелі түрде жақсартуды қамтамасыз ету жөнінде конкурсты ұйымдастырушы растаған оң нәтижелері бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға конкурсқа қатысушы бола алады.
      4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережелеріне сәйкес материалдарды ресімдеуді және конкурсты ұйымдастырушыға береді.
      5. Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:
      1) "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар";
      2) "Халық тұтынатын үздік тауарлар";
      3) "Үздік азық-түлік тауарлары".
      6. Конкурс Комиссия шешімімен бекітілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі.
      Өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар өңірлік конкурс жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
      Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.
      7. Конкурсты ұйымдастырушы өңірлік конкурс жеңімпаздарының материалдары мен алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады.
      8. Комиссия осы Ережелердің 7-тармағында көрсетілген материалдардың негізінде конкурсқа қатысушыларға "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары (бұдан әрі — конкурс дипломанттары) атағын беру туралы шешім қабылдайды. Конкурстың әр номинациясында қосымша, бірақ екіден аспайтын, конкурс дипломанты атағы тағайындалуы мүмкін.
      9. Конкурс дипломанттары "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және әр номинацияда I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
      Бұл ретте дәрежелер конкурс дипломанттары "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсында алған орнына қарай беріледі.
      10. Конкурс дипломанттарының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      11. Конкурс дипломанттары конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта екі жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.

О внесении дополнений и изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194

Указ Президента Республики Казахстан от 23 июня 2010 года № 1012

Подлежит опубликованию       
в Собрании актов Президента    
и Правительства Республики Казахстан
и республиканской печати    

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194 "О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 38, ст. 418; 2007 г., № 24, ст. 267; № 42, ст. 476; 2008 г., № 42, ст. 464; 2009 г., № 33, ст. 307) следующие дополнения и изменения:
      заголовок дополнить словами "и республиканском конкурсе-выставке "Лучший товар Казахстана";
      в пункте 1:
      слова ", начиная с 2009 года," исключить;
      дополнить словами "и республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана"";
      в пункте 2 после слов "Алтын сапа" дополнить словами "и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана";
      в пункте 3:
      дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      "2-1) Правила проведения республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" и присуждения званий дипломантов;";
      подпункт 3) дополнить словами "и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана";
      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:
      "4-1. Акимам городов Астаны и Алматы, областей принять меры по организации и проведению ежегодных региональных конкурсов-выставок "Лучший товар Казахстана".";
      пункт 5 дополнить подпунктом 3) следующего содержания:
      "3) Правила оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Лучший товар Казахстана".";
      дополнить приложением согласно приложению к настоящему Указу;
      1) в составе Комиссии по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа", образованной вышеназванным Указом:
      заголовок дополнить словами "и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана";
      по всему тексту слова "индустрии и торговли" заменить словами "индустрии и новых технологий";
      в строке "Министр культуры и информации Республики Казахстан" слова "и информации" исключить;
      после строки "Министр культуры и информации Республики Казахстан" дополнить строкой следующего содержания:
      "Министр нефти и газа Республики Казахстан";
      после строки "Министр охраны окружающей среды Республики Казахстан" дополнить строкой следующего содержания:
      "Министр связи и информации Республики Казахстан";
      слова "Министр экономики и бюджетного планирования" заменить словами "Министр экономического развития и торговли";
      слова "Министр энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан" заменить словами "Министр финансов Республики Казахстан";
      2) в Правилах проведения конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и присуждения званий лауреатов, утвержденных вышеназванным Указом:
      часть первую пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Комиссией по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее - Комиссия) ежегодно присуждаются премии по двум категориям в трех номинациях, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил.";
      пункт 5 дополнить частями третьей и четвертой следующего содержания:
      "По каждой номинации вручаются две премии по следующим категориям:
      1) субъект малого и среднего предпринимательства;
      2) субъект крупного предпринимательства.
      В номинации конкурсов могут учреждаться дополнительные звания лауреата и дипломанта конкурса, но не более двух.";
      3) в положении о Комиссии по присуждению званий лауреатов премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа", утвержденном вышеназванным Указом:
      заголовок дополнить словами "и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана";
      по всему тексту слова "конкурс", "конкурса", "конкурсе" и "конкурсом" заменить соответственно словами "конкурсы", "конкурсов", "конкурсах" и "конкурсами";
      в пункте 1 после слов "Алтын сапа" дополнить словами "и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана";
      в пункте 3:
      в подпункте 1) после слов "Алтын сапа" дополнить словами "и званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана";
      в подпункте 3) после слова "лауреатов" дополнить словами "и дипломантов".
      2. Правительству Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего Указа.
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев

ПРИЛОЖЕНИЕ        
к Указу Президента  
Республики Казахстан  
от 23 июня 2010 года № 1012

УТВЕРЖДЕНЫ         
Указом Президента     
Республики Казахстан   
от 9 октября 2006 года № 194

ПРАВИЛА
проведения Республиканского конкурса-выставки "Лучший товар
Казахстана" и присуждения званий дипломантов

      1. Организатором республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее - конкурс) является Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан (далее - организатор конкурса), организаторами региональных конкурсов-выставок "Лучший товар Казахстана" являются акиматы городов Астаны и Алматы, областей (далее - организаторы региональных конкурсов).
      2. Основными целями конкурса являются:
      1) активизация деятельности физических и юридических лиц, направленной на повышение качества отечественной продукции;
      2) содействие насыщению рынка Казахстана высококачественной и конкурентоспособной продукцией;
      3) создание предпосылок и содействие широкому внедрению современных методов управления и обеспечения качества на основе отечественных и международных стандартов;
      4) привлечение внимания промышленных, коммерческих и общественных организаций к необходимости решения проблем качества;
      5) популяризация идеи качества среди населения.
      3. Участником конкурса может быть индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, которые:
      1) осуществляют производство на территории Республики Казахстан промышленных, продовольственных товаров и продукции производственно-технического назначения;
      2) имеют положительные результаты по обеспечению стабильного высокого уровня качества продукции и систематического его улучшения, подтвержденные организатором конкурса.
      4. Юридическое лицо или индивидуальный предприниматель, желающие участвовать в конкурсе, оформляют и подают материалы организатору конкурса в соответствии с Правилами оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и продукции, представляемых на региональный и республиканский конкурсы-выставки "Лучший товар Казахстана", утверждаемыми Правительством Республики Казахстан.
      5. Конкурс проводится по трем номинациям:
      1) "Лучшие товары производственного назначения";
      2) "Лучшие товары для населения";
      3) "Лучшие продовольственные товары".
      6. Конкурс проводится в соответствии с планом мероприятий, утверждаемым решением Комиссии.
      Организаторы региональных конкурсов направляют организатору конкурса необходимые документы победителей региональных конкурсов.
      Победители региональных конкурсов участвуют в республиканском конкурсе.
      7. Организатор конкурса представляет на рассмотрение Комиссии материалы победителей региональных конкурсов и предварительное заключение.
      8. Комиссия на основании материалов, указанных в пункте 7 настоящих Правил, принимает решение о присуждении участникам конкурса званий дипломантов республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" (далее - дипломанты конкурса). В каждой номинации конкурса могут учреждаться дополнительные звания дипломантов конкурса, но не более двух.
      9. Дипломанты конкурса награждаются эмблемой и дипломами республиканского конкурса-выставки "Лучший товар Казахстана" I, II и III степени в каждой номинации.
      При этом степени присваиваются в зависимости от занятого дипломантами конкурса места в республиканском конкурсе-выставке "Лучший товар Казахстана".
      10. Список дипломантов конкурса публикуется в средствах массовой информации.
      11. Дипломанты конкурса получают право в течение двух лет использовать эмблему конкурса в рекламных целях.