Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі үшін Инвестициялық бағдарлама (Маңғыстау облысындағы учаскелер) - 1-жоба) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар)(ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі үшін Инвестициялық бағдарлама (Маңғыстау облысындағы учаскелер) - 1-жоба) қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 12 тамыздағы
№ 138 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)
(ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі үшін Инвестициялық бағдарлама
(Маңғыстау облысындағы учаскелер) - 1-жоба)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі Қарыз алушы деп аталатын) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі АДБ деп аталатын) арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,
(A) Қарыз алушы мен АДБ арасында жасалған 2011 жылғы қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге ("ҚНК" ") сәйкес АДБ ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізінің (Маңғыстау облысының учаскелері) Инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі - "Инвестициялық бағдарлама") шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру мақсатында Қарыз алушыға көп траншты қаржыландыру тетігін беруге келісті;
(B) Қарыз алушы 2010 жылғы Қарыз алушы беретін қаржыландыру туралы кезеңді сұрау салуды беру арқылы АДБ-ға осы Қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында сипатталған жобаның мақсаттары үшін қарыз бөлу туралы жүгінді; сондай-ақ
(C) АДБ Қарыз алушыға төменде белгіленген мерзімдер мен шарттарда АДБ-ның әдеттегі капитал ресурстарынан қарыз беруге келісімін білдірді;
ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, тараптар төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап. Қарыз беру ережелері; Анықтамалар
1.01-бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ-ның Әдеттегі негізгі ресурстарынан Лондон банкаралық ставкасы бойынша бөлінетін қарыздарға қолданылатын жай операциялар үшін қарыз берудің барлық ережелері осымен осы Қарыз туралы келісімге қолданылатын және осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай толық көлемде, алайда төмендегі өзгерістерді сақтай отырып, қолданылатын болып есептеледі:
(a) 3.03-бап алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
Резервке қойғаны үшін комиссия; Кредит.
(а) Қарыз алушы осы Қарыз шартында көзделген ставкалар мен шарттар бойынша кредиттің талап етілмейтін сомасы бойынша резервке қойғаны үшін комиссия төлеуге міндеттенеді.
(b) АДБ Қарыз алушыға, қарыз мерзімінің соңына дейін өзгертуге жатпайтын осы Қарыз туралы келісімде айтылған ставкалар бойынша кредит беруге міндеттенеді. АДБ Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға қатысты осы кредиттің сомасын қолдануға міндеттенеді.
(b) 3.06-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
(а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің төмендетілетіні туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ неғұрлым жоғары тіркелген спред қолданылатын, талап етілмеген Қарызы бар әрбір Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы талап етілмеген Қарызға қолданылатын тіркелген спред пен жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) спред арасындағы айырманы (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, төмендетілген тіркелген спред күшіне енген күнінен бастап және одан кейін барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін, талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалатын болады.
(b) Қарыздың валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты өзінің қаржыландыру құнының маржасы кез келген жартыжылдықта АДБ-ның қаражатын үнемдеуге әкелгені туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы қаржыландыру құнының маржасын (і) (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін тікелей басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенетін Қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалады. АДБ қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға өтемақы сомасын шегеруге міндеттенеді.
(c).07-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
(а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің ұлғаятыны туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін неғұрлым төмен тіркелген спред қолданылатын, талап етілмейтін Қарызы бар әрбір Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл сома (і) жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред пен талап етілмейтін қарызға (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) қолданылатын тіркелген спред арасындағы айырманы (іі) талап етілмейтін Қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалатын болады, ол бойынша Қарыз алушы жаңа қарыздарға қолданылатын, көтеріңкі тіркелген спред күшіне енген күннен бастап және одан кейінгі барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеп отыруға міндеттенеді.
(b) Қарыздың валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты өзінің қаржыландыру құнының маржасын есептеулері кез келген жарты жылдықта қосымша шығындарға әкеліп соққаны туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Бұл сома (і) қаржыландыру құнының маржасын (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) (іі) Қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалады, ол бойынша Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеп отыруға міндеттенеді. АДБ қосымша ақы төлеу сомасын қаржыландыру құнының маржасы есептелген жартыжылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға қосуға міндеттенеді.
1.02-бөлім. Қарыз беру ережесінде анықтама берілген мына терминдер, егер түпмәтін бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әрбір жағдайда олар тиісті мағынаға ие болады, сондай-ақ бірнеше қосымша терминдер мына төмендегі мағыналарға ие:
(а) "ОАӨЭЫ" - Орталықазия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастығын білдіреді.
(b) "ОАӨЭЫ 2 дәлізі" - Түркиядағы Стамбулдан бастап Әзірбайжандағы Баку және Маңғыстау облысындағы Ақтау порттары мен Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасының аумақтары арқылы Қытай Халық Республикасындағы Льяньюнянг Тианджин мен Шанхай порттарына дейінгі көлік дәлізін білдіреді;
(c) "Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқаулық" Азия Даму Банкі мен оның Қарыз алушылары консультанттардың қызметтерін тартуы жөніндегі (2010 жылдан бастап, мерзімді түзетулерімен) АДБ-ның нұсқаулығын білдіреді;
(d) "Консультациялық қызметтер" осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшаның 2 (b)-дан 2(d) тармақшалар қоса алғандағы жазылған Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын қызметтерді білдіреді;
(e) "ШЭБТ" Қарыз алушы инвестициялық бағдарлама үшін дайындаған және АДБ-мен келісілген және ҚНК-ге сілтеме жолымен енгізілген шолудың экологиялық бағалау тұжырымдамасын білдіреді;
(f) "ҚОҚЖ" Жоба үшін Қарыз алушы дайындаған және АДБ-мен келісілген Қоршаған ортаны қорғау жоспарын білдіреді;
(g) "Тетік" Инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру мақсаттары үшін Қарыз алушыға АДБ берген қаржыландырудың көп траншты тетігін білдіреді;
(h) "ТӘН" 2010 жылғы 2 қыркүйектегі Инвестициялық бағдарлама үшін Тетікті әкімшілендіру жөніндегі және Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген, Қарыз алушы мен АДБ-ның тиісті рәсімдеріне сәйкес оқтын-оқтын түзетіліп отыратын нұсқаулықты білдіреді;
(і) "ГІЖ" осы Қарыз туралы келісімге 5-қосымшаның 7-тармағында жазылған гендерлік іс-қимылдар жоспарын білдіреді;
(j) "АЭБ" Жоба үшін Қарыз алушы дайындаған және АДБ-мен келісілген алдын ала экологиялық бағалауды білдіреді;
(k) "Км" жол жобасы бойынша километр саны көрсетілген жерді және "км" километрді білдіреді;
(l) "ЖСҚН" Инвестициялық бағдарлама үшін Қарыз алушы дайындаған және АДБ-мен келісілген Жерді сатып алу және қоныс аудару негіздерін білдіреді;
(m) "ЖСҚЖ" Жоба үшін Қарыз алушы дайындаған және АДБ-мен келісілген Жерді сатып алу және қоныс аудару жоспарын білдіреді;
(n) "Қарыз төлемдері жөніндегі нұсқаулық" - АДБ-ның қарыз төлемі жөніндегі (2007 жылғы, мерзімді түзетулерімен) нұсқаулығын білдіреді;
(о) "ККМ" Көлік және коммуникация министрлігін немесе оның кез келген құқық мирасқорын білдіреді;
(р) "Облыс" Қарыз алушының әкімшілік бірлігін білдіреді;
(q) "ҚКС" Қарыз алушының тетік шеңберінде және осы Қарыз туралы келісімнің мақсаттары үшін Қарыз алу мақсатында ұсынған немесе ұсынатын қаржыландыруға арналған кезеңді сұрау салуды білдіреді, № 1 қаржыландыруға арналған кезеңді сұрау салуды білдіреді;
(r) "Сатып алу жөніндегі нұсқаулық" АДБ-ның Сатып алу жөніндегі нұсқаулығын (2007 жылғы, мерзімді түзетулерімен) білдіреді;
(s) "Сатып алу жоспары" 2010 жылғы 2 қыркүйектегі Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген, Сатып алу жөніндегі нұсқаулыққа, Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқаулыққа және АДБ-мен келісілген басқа да іс-шараларға сәйкес мерзімді жаңарып отыратын Жоба үшін сатып алу жоспарын білдіреді;
(t) "Жоба бойынша атқарушы агенттік" Қарыз беру ережесінің мақсаттары үшін және оның шеңберінде Жобаның орындалуына үшін жауапты ККМ-ны білдіреді;
(u) "Жобалық объектілер" Жобаның шеңберінде салынатын не берілетін объектілерді білдіреді;
(v) "Жобалық жол" осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада неғұрлым егжей-тегжейлі сипатталған жол учаскелері; сондай-ақ
(w) "Жұмыстар" консультациялық қызметтерді қоспағанда, Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын, бұрғылау немесе картаға түсіру сияқты қызметтерді және Жобаға қатысы бар бірыңғай міндеттеменің не құрылысқа арналған "пайдалануға дайын" келісімшарттың бір бөлігі ретінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, құрылысты немесе құрылыс жұмыстарын білдіреді.
2-бап. Қарыз
2.01-бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ-ның әдеттегі капитал ресурстарынан екі жүз сексен үш миллион АҚШ доллары ($ 283 000 000) сомасында қарыз беруге келіседі, әрі бұл сома осы Қарыз туралы келісімнің 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес Айырбастау шеңберінде кезең-кезеңімен айырбасталып отырылуы мүмкін;
(b) Қарыз негізгі өтеу кезеңін 20 жыл деп және осы Бөлімнің (с) тармағында айқындалған жеңілдікті өтеу кезеңін болжамдайды.
(с) Осы Бөлімнің (b) тармағында пайдаланылатын "жеңілдікті кезең" деген анықтама осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасында жазылған өтеу графигіне сәйкес Қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнінің алдындағы кезеңді білдіреді.
2.02-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға талап етілген және талап етілмеген Қарыздың негізгі сомасына Лондон банкаралық ставкасының сомасына тең әрбір пайыздық кезеңнің ставкасы бойынша кезең-кезеңімен Қарыз беру ережесінің 3.03-бөліміне сәйкес 0.30% кредитті шегере отырып, Қарыз беру ережесінің 3.02-бөліміне сәйкес 0.60% төлеуге міндеттенеді.
2.03-бөлім. Қарыз алушы резервке қою үшін жыл сайын 0.15% сомасында комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күнінен кейін алпыс (60) күн өткен сәттен бастап Қарыздың толық сомасына (кезең-кезеңімен алынатын соманы шегергенде) есептеледі.
2.04-бөлім. Пайыздар мен Қарыз бойынша өзге де төлемдер жарты жылда бір рет әрбір жылдың 15 ақпанында және 15 тамызында төленуге жатады.
2.05-бөлім. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 2-қосымшасының ережелеріне сәйкес Несие шотынан талап етілген Қарыздың негізгі сомасын төлеуге міндеттенеді.
2.06-бөлім. (а) Қарыз алушы қарызды ұтымды реттеуді қамтамасыз ету мақсатыңда Қарыздың төмендегі айырбастауларын кез келген уақытта сұратуға құқылы:
(і) Қарыз валютасының бекітілген валютаға Қарыз сомасын
толық немесе ішінара, талап етілген немесе талaп
етілмеген өзгерісі;
(іі) Талап етілген және талап етілмеген Қарыздың негізгі
сомасына толық немесе ішінара қолданылатын базалық
пайыздық ставканың құбылмалы пайыздық ставкадан
тіркелген ставкаға және керісінше өзгерісі; және
(ііі) Талап етілген және талап етілмеген Қарыздың негізгі
сомасына толық немесе ішінара қолданылатын
құбылмалы пайыздық ставкаға пайыздық ставканың
тіркелген ең жоғары деңгейін немесе кез келген
көрсетілген құбылмалы пайыздық ставканың ең төменгі
деңгейін белгілеу жолымен лимиттер белгілеу.
(b) Осы Бөлімнің (а) тармағына сәйкес АДБ мақұлдаған өзгерістер туралы кез келген сұрау салуды Қарыз беру ережелерінің 2.01 (6) бөлімінде анықталуы бойынша "Айырбастау" деп және ол Қарыз беру ережелерінің V Бабының және Айырбастау жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес күшіне енеді деп есептеу керек.
3-бап. Қарыз қаражатын пайдалану
3.01-бөлім. Қарыз алушы Жоба бойынша шығындарды қаржыландыруға арналған Қарыз қаражатын осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
3.02-бөлім. Қарыз қаражаты осы Қарыз туралы келісімге 3-қосымшаның ережелеріне сәйкес бөлінуге және алынуға тиіс, бұл ретте осы Қосымшаны Қарыз алушы мен АДБ-ның келісімі бойынша кезең-кезеңімен толықтырып отыруға жол беріледі.
3.03-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 4-қосымшасының ережелеріне сәйкес Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстардың барлық баптары бойынша сатып алады немесе сатып алуға міндеттенеді. АДБ мұндай сатып алу Қарыз беруші мен АДБ ескерген рәсімдерге сәйкес елеулі дәрежеде жүргізілмеген не келісімшарттың мерзімдері мен шарттары АДБ-ның талаптарын қанағаттандырмайтын жағдайда келісімшартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы.
3.04-бөлім. Егер АДБ өзгешеге келіспесе, Қарыз алушы Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстардың барлық баптары тек Жобаны орындау мақсатында ғана пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3.05-бөлім. Қарыз беру ережелерінің 9.02-бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін Қарызды жабу күні деп 2016 жылғы 31 қаңтар не Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген басқа бір күн есептеледі.
4-бап. Ерекше жағдайлар
4.01 -бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны тиісті жауапкершілікпен және тиімділікпен әрі ұтымды техникалық, қаржылық, коммерциялық практика мен жолдарды дамыту практикасына сәйкес орындауға міндеттенеді.
(b) Жобаны іске асыру және Жоба объектілерін пайдалану процесінде Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 5-қосымшасында жазылған барлық міндеттемелерді орындауға не орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.02-бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындау үшін және Жоба объектілерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті құралдарды, объектілерді, қызметтерді, жер учаскелерін және өзге де ресурстарды Қарыз қаражатына қосымша түрде қажет болуына қарай дереу қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.03-бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны іске асыру процесінде АДБ үшін қолайлы, Қарыз алушы мен АДБ-ның талаптарына сай келетін дәрежеде және мерзімдер мен шарттарда құзыретті және білікті консультанттар мен мердігерлерді тартуды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
(b) Қарыз алушы Жобаны АДБ үшін қолайлы жоспарларға, жобалау стандарттарына, жұмыс ерекшеліктеріне, графиктеріне және құрылыс әдістеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қарыз алушы бұл жоспарларды, жобалау стандарттарын, жұмыс ерекшеліктері мен графиктерін дайындағаннан кейін дереу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға АДБ негізді түрде талап ететін егжей-тегжейлі дәрежесіне сай жасалған кез келген елеулі өзгерістерді беруге немесе олардың АДБ-ға берілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.04-бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындауға және Жоба объектілерін пайдалануға қатысты өз министрліктері мен ұйымдарының барлық іс-әрекеттері ұтымды әкімшілік саясат пен рәсімдерге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
4.05-бөлім. (а) Қарыз алушы (і) Жоба үшін жекелеген шоттар жүргізуге не олардың жүргізілуін қамтамасыз етуге; (іі) біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен құзыретінің саласы АДБ-ның талаптарына жауап беретін тәуелсіз аудиторларға аудиттің тиісті стандарттарын қолдана отырып, жыл сайын бухгалтерлік есептің осы шоттарына және тиісті қаржылық есептерге аудит жүргіздіріп отыруға; (ііі) алғанына қарай, бірақ әрбір тиісті фискальды жыл аяқталған сәттен бастап алты (6) ай өткеннен кейін кешіктірмей, осы шоттардың және қаржылық есептердің аудиттен өткен және расталған көшірмелерін және аудиторлардың тиісті есебін (Қарыз қаражатын пайдалануға және қаржылық шарттардың осы Қарыз туралы келісімге сәйкес келуіне қатысты аудиторлардың пікірлерімен қоса) ағылшын тілінде АДБ-ға беруге; сондай-ақ АДБ-ның (iv) мерзімді негізді талаптары бойынша осы шоттар мен қаржылық есептерге және аудитке қатысты өзге ақпаратты АДБ-ға беруге міндеттенеді.
(b) Қарыз алушы, АДБ-ның талабы бойынша, Қарыз алушының Жоба үшін қаржылық есептерін және оның Жобаға қатысы бар қаржылық істерін 4.05 (а) бөлімге сәйкес Қарыз алушы жалдаған жоғарыда көрсетілген аудиторлармен бірге кезең-кезеңімен талқылап отыру құқығын АДБ-ға беруге міндеттенеді және егер Қарыз алушы өзгеше көрсетпесе, осындай талқылay Қарыз алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана өткізілу шартымен, АДБ-ның сұратуы бойынша, аудиторлардың кез келген өкіліне осындай талқылауға қатысуға өкілеттік беруге және соны талап етуге міндеттенеді.
4.06-бөлім. Қарыз алушы АДБ өкілдеріне Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын Жобаны және Жоба объектілерін, сондай-ақ тиісті жазбалар мен құжаттарды инспекциялау мүмкіндігін беруге міндеттенеді.
4.07-бөлім. Қарыз алушы барлық Жоба объектілерінің ұтымды әкімшілік, қаржылық, инженерлік, экологиялық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына, сондай-ақ жолдарды пайдалану және оларға техникалық қызметтер көрсету рәсімдеріне сәйкес пайдаланылуын, күтіп ұсталуын және жөнделуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
5-бап. Қолданылу мерзімі
5.01-бөлім. Осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін алпыс (60) күн еткеннен кейінгі күн Қарыз беру ережелерінің 10.04-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне ену күні деп есептеледі.
6-бап. Өзге де ережелер
6.01-бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру ережелерінің 12.02-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді.
6.02-бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру ережелерінің 12.01-бөлімінде жазылған мақсаттар үшін көрсетіліп отыр:
Қарыз алушы үшін
Қазақстан Республикасы
Астана, 010000
Жеңіс даңғылы, 11
Қаржы министрлігі
Факс:+7(7172)71 77 85
АДБ үшін
Asian Development Bank
6 ADB Avenue
Mandaluyong City
1550 Metro Manila
Philippines
Факс: (632) 636-2444, (632) 636-2448.
ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ РАСТАУ үшін осы келісімнің тараптары атынан олардың уәкілетті өкілдері осы Қарыз туралы келісімге тиісті қолдармен қол қойылуын және оны АДБ-ның штаб-пәтеріне жоғарыда көрсетілген күні мен жылында жеткізуді қамтамасыз етті.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
_______________________
[Уәкілетті өкіл]
АЗИЯ ДАМУ БАНКІ
_______________________
[Уәкілетті өкіл]
1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы
1. Инвестициялық бағдарламаның мақсаты - көлік байламын және оның тиімділігін арттыру, сондай-ақ мынадай іс-шаралар: (а) жолды жақсарту (Маңғыстау облысында ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізінің 790 км-ге жуық учаскелерін реконструкциялау); (b) жобаны жоспарлау, жобаны және Жобаның активтерін басқару; сондай-ақ (с) шекара маңындағы инфрақұрылым мен жақын маңдағы объектілерді жақсарту арқылы институционалдық тиімділігін арттыру.
2. Жоба Инвестициялық бағдарламаның бір бөлігі бола отырып, ҚКС-де егжей-тегжейлі сипатталған мынадай іс-шараларды қолдайтын болады:
(а) апаттарға ұшырағыш учаскелердің бойындағы арналар мен
көпірлерді, эстакадаларды, жол белгілері мен дабыл
бекеттерін қоса алғанда 200 км-ге жуық жол учаскесін
(372.6 км және 514.3 км арасы; сондай-ақ 574 км және
632.3 км арасы) реконструкциялау;
(b) Жобаның құрылысын және басқарылуын қадағалауда жәрдем
көрсету;
(с) кейінгі жобалардың техникалық-экономикалық
негіздемелерін әзірлеу; және
(d) жолдарды салу мен күтіп ұстау, келісім шарттарды
жобалау, басқару бойынша сатып алу, қоршаған ортаны
қорғау және қоныс аудару бойынша іс-шараларды күшейту,
сондай-ақ шекараны кесіп өту бойынша іс-шаралар үшін
әлеуетті дамыту.
3. Жобаны 2015 жылғы 30 маусымға аяқтау күтіледі.
2 ҚОСЫМША
Қарызды өтеу кестесі
(ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі (Маңғыстау облысындағы учаскелер)
Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба)
1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі сомасын төлеу күндері және Қарыздың негізгі сомасын әрбір төлеу күніндегі төленуге тиіс Қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы көрсетілген (Кезекті жарна). Егер Қарыз қаражаты Қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнгі сәтіне толық көлемде алынған болса, онда Қарыздың негізгі сомасын төлеудің әрбір күніне Қарыз алушы өтеуге тиісті Қарыздың негізгі сомасын АДБ мыналарды: (а) негізгі Қарызды өтеуге төлемнің бірінші күнгі сәтінде талап етілетін және талап етілмейтін Қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) негізгі Қарызды өтеуге төлемнің әрбір күні үшін Кезекті жарнасын көбейту арқылы анықтайды, мұндай өтеу сомасы Валютаны айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында сипатталған кез келген сомаларды шегеру қажеттілігіне орай түрлендіріледі.
Төлем күні |
Кезекті жарна |
15 ақпан 2016 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2016 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2017 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2017 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2018 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2018 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2019 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2019 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2020 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2020 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2021 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2021 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2022 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2022 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2023 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2023 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2024 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2024 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2025 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2025 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2026 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2026 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2027 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2027 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2028 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2028 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2029 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2029 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2030 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2030 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2031 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2031 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2032 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2032 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2033 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2033 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2034 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2034 жыл |
2 500 000 |
15 ақпан 2035 жыл |
2 500 000 |
15 тамыз 2035 жыл |
2 500 000 |
Жиыны |
100 000 000 |
2. Егер Қарыз қаражаты негізгі Қарызды өтеу төлемінің бірінші күнгі сәтіне толық көлемде талап етілмесе, Қарыз алушы төлеуге тиісті Қарыздың негізгі сомасы, негізгі Қарызды өтеуге төлемнің әрбір күніне былайша айқындалады:
(a) негізгі Қарызды өтеуге төлемнің бірінші күніне дейін талап етілуге тиісті Қарыз қаражаты шегінде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күнгі сәтке талап етілген және талaп етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді.
(b) негізгі Қарызды өтеуге төлем жүргізілген бірінші күннен кейін қаражатты кез келген алу негізгі Қарызды (бастапқы кезекті жарнаны) өтеуге жоғарыда аталған төлем күні үшін әрбір алу сомасын, алымы осы Қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы Кезекті жарнаны құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындаған сомаларда осы алу күнгі сәттен кейін түсетін негізгі Қарызды өтеуге төлемнің әрбір күнінде өтелуге тиіс және бөлгіші осы күнгі сәтке немесе кейін түсетін негізгі Қарызды өтеуге төлемдер күні үшін барлық қалған бастапқы кезекті жарналардың сомасын құрайды, бұл төлем сомалары, оларға Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде түрлендірілетін болады.
3. Негізгі өтеудің кез келген күні төленуге тиіс негізгі сомаларды есептеу мақсатында ғана негізгі Қарызды өтеуге төлемдердің кез келген күніне дейін екі күнтізбелік ай ішінде жүргізілген қаражат алуды алынған күнмен кейінгі негізгі Қарызды өтеу төлемінің екінші күнгі сәтіне талап етілген және талап етілмеген деп есептеледі және бұл сома қаражат алынған күннен кейінгі негізгі борышты өтеу төлемінің екінші күнінен бастап негізгі Қарызды өтеуге төлемнің әрбір күнінде төленуге тиіс.
4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, валюталар толық көлемде немесе ішінара талап етілген Қарыздың негізгі сомасының қаражаты бекітілген валютаға айырбасталған кезде Айырбастау кезеңі ішінде негізгі соманы кез келген өтеу күнінде өтелуге тиіс жоғарыда аталған бекітілген валютаға айырбасталған қаражат сомасын АДБ тікелей жоғарыда аталған Айырбастау алдында ірілендірілген валютадағы бұл соманы не: (і) жоғарыда аталған Айырбастауға жататын валюталарды қос айырбастау шеңберінде АДБ-ға төленуге тиіс, көрсетілген бекітілген валютада көрініс табатын негізгі соманы валюта айырбастау бағамына; не (іі) Айырбастау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес негізгі АДБ-ның шешімі бойынша бекітілген ставкадағы валюталар айырбастау бағамының құрамдасына көбейту жолымен айқындайды.
5. Егер талап етілген және талап етілмеген Қарыздың негізгі сомасы Қарыздың бірден артық валютасында кезең-кезеңімен номиналданса, осы Қосымшаның ережелері осы әрбір сома үшін жеке өтеу кестесін әзірлеу мақсатында Қарыздың әрбір валютасына номиналданған сомаларға жеке қолданылуға тиіс.
3-ҚОСЫМША
Қарыз қаражатын бөлу және алу
Жалпы ережелер
1. Осы қосымшадағы кестеде (бұдан әрі Кесте деп аталады) Тауарлардың, жұмыстардың, консультациялық қызметтердің Санаттары және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын басқа да шығыстар, сондай-ақ әрбір осындай Санат үшін Қарыз сомасын бөлу баяндалады. (Осы қосымшада "Санат" немесе "Санаттар" деген ұғымдар Кестенің Санатына немесе Санаттарына жатады).
АДБ қаржыландыруының пайыздық мәндері
2. Егер АДБ өзгеше келіспесе, кестеде санамаланған Санаттар шығыстары Қарыз қаражаты есебінен Кестеде көрсетілген пайыздық мәндер негізінде қаржыландырылатын болады.
Қайта болу
3. Кестеде көрсетілген Қарыз қаражатын және қаражатты алу пайызын бөлуге қарамастан,
(а) егер әрбір санат үшін бөлінген Қарыз сомасы осы санаттың келісілген барлық шығыстарын қаржыландыру үшін жеткіліксіз болып табылса, АДБ Қарыз алушыға хабарлау шартымен, (і) басқа Санат үшін бөлінген, бірақ АДБ пікірі бойынша басқа шығыстарды қаржыландыруға керек емес қаражат есебінен қаражат тапшылығының орнын толтыру үшін қажетті дәрежеде осы Санат үшін қаражатты қайта бөлуге құқылы, сондай-ақ (іі) егер бұл қайта бөлу есептелген тапшылықтың орнын толығымен толтыра алмаса, осы Санат үшін бұдан былайғы алулар барлық шығыстар жабылғанға дейін бұл шығыстар үшін қаражатты алу пайызын азайта алмаса; және
(b)Қандай да бір Санатқа бөлінген Қарыздың сомасы осы Санаттағы барлық келісілген шығыстардан асып түссе, АДБ Қарыз алушыға хабарлау арқылы артық соманы басқа Санаттың пайдасына қайта бөлуге құқылы.
Қарызды төлеу рәсімі
4. Егер АДБ-мен өзгеше келісілмесе, қарыз қаражаты АДБ-ның Қарыз төлеу бойынша нұсқаулығына сәйкес төленуге жатады.
Қарыз шотынан қаражат алу шарты
5. Осы Қарыз туралы келісімнің басқа ережелеріне қарамастан, жұмыс үшін қарыз шотынан қаражат алу (а) Қарыз алушы ККМ-ге жерлерді сатып алу үшін тиісті қаражатты, сондай-ақ (b) құрылыс жұмыстары үшін қажетті жерге барлық құқықтарды және жолдарды төсеуге құқықтарды үшінші тұлғалардың қандай да бір наразылықтары мен ауыртпалықсыз бергенше жүргізілуі мүмкін емес.
3-қосымшаға толықтыру
КЕСТЕ
ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ |
||||
САНАТЫ |
АДБ-ның ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫ |
|||
Нөмірі |
Атауы |
АДБ-ның |
Пайызы және Қарыз |
|
1 |
Жұмыстар |
242 300 000 |
Шығындардың жалпы сұралатын сомасының 100 пайызы* |
|
2 |
Консультациялық қызметтер |
16 000 000 |
Шығындардың жалпы сұралатын сомасының 100 пайызы* |
|
3 |
Бөлінбеген қаражат |
24 700 000 |
||
Жиыны |
283 000 000 |
* Қарыз алушының аумағында алынатын салықтар мен баждарды қоспағанда
4-ҚОСЫМША
Жұмыстар мен консультациялық қызметтерді сатып алу
Жалпы ережелер
1. Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық жұмыстар мен консультациялық қызметтер Сатып алу жөніндегі нұсқаулыққа және Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тиісінше орындалуға және бақылауға жатады.
2. Осы Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын және басқаша айқындалмаған барлық терминдер тиісті жағдайларда Сатып алу жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) Консультациялық қызметтерін тарту жөніндегі нұсқаулықта жазылған мағынаға ие болады.
Жұмыстарды сатып алу
3. Егер АДБ-мен өзгеше келісілмесе, жұмыстар халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдері негізінде сатып алынуы тиіс.
4. Басқа шарттардан басқа, сатып алу рәсімі Сатып алу жоспарында көрсетілген егжей-тегжейлі уағдаластықтар мен шекті құнға сәйкес орындалуға жатады. АДБ-мен алдын ала келісілген жағдайда ғана Қарыз алушы сатып алу рәсімін немесе шекті құнды түрлендіруге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер Сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуге тиіс.
Келісімшартты жасасу шарттары
5. ККМ:
(a) АДБ АЭБ-ны мақұлдағанша;
(b) АДБ ЖСҚЖ-ны мақұлдағанша жұмыстарды орындауға арналған келісімшартты жасаспауға міндеттенеді.
Консультациялық кызметтерді таңдау
6. АДБ өзгеше көрсетпесе, ККМ қызметтердің сапасы мен бағасын негізге ала отырып, консультациялық қызметтерді таңдауға және тартуға міндеттенеді.
7. ККМ бағдарламаны басқару үшін жеке консультанттарды жалдау кезінде АДБ үшін қолайлы рәсімдерге сәйкес жеке консультанттарды жалдауға міндеттенеді.
Өнеркәсіптік және зияткерлік меншікке құқықтар
8. (а) ККМ сатып алынған жұмыстардың барлығы (не жеке, не басқа тауарлар мен қызметтердің құрамында сатып алынған барлық компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамтымдарды, компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке құқықтарын бұзбауларын немесе қысым жасамауларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
(b) КKM жұмыстарды сатып aлy бойынша барлық келісімшарттарда тиісті растаулар, кепілдіктер және егер қажет болса, осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларға қатысты мердігердің немесе өнім берушінің тарабынан залалды өтеу кепілдіктері қамтылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
9. ККМ консультанттармен АДБ қаржыландыратын барлық келісімшарттарда тиісті растаулар, кепілдіктер және егер қажет болса, консультанттар тарапынан залалды өтеу кепілдіктері қамтылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді, бұл ретте берілетін консультациялық қызметтер үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке құқықтарын бұзбайтынына көз жеткізу қажет.
АДБ-ның сатып алу туралы шешімдерді қарауы
10. Егер ККМ мен АДБ арасында өзгеше келісілмесе және Сатып алу жоспарында көрсетілмесе, халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдері шеңберінде сатып алынған барлық келісімшарттар және консультациялық қызметтер көрсетуге арналған келісімшарттар АДБ-ның алдын-ала қарауына жатады.
5-ҚОСЫМША
Жобаны орындау және Жобалық объектілерді пайдалану;
Қаржылық мәселелер
Іске асыру тәртібі
1. Қарыз алушы Жобаның іске асырылуын ТӘН-де белгіленген егжей-тегжейлі іс-шараларға сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді. ТӘН-ге кез келген өзгеріс Қарыз алушының мұндай өзгерісті АДБ-мен келісуінен кейін күшіне енуге тиіс. ТӘН-мен осы Қарыз туралы келісім арасындағы кез келген сәйкес келмеу жағдайында Қарыз туралы келісімнің ережелері басым күшке ие болады.
Қоршаған орта
2. Қарыз алушы жобаны және жобалық объектілерді дайындау, жобалау, салу, іске асыру, пайдалану және пайдаланудан шығару:
(а) тиісті ұлттық заңдар мен ережелерге;
(b) АДБ-ның қорғау іс-шараларының саясатына (2009); сондай-ақ
(c) ШЭБТ, АЭБ және ҚОҚЖ-ға және ҚОҚЖ-да көрсетілгендей, қоршаған ортаға әсерін барынша азайту жөніндегі экологиялық іс-шаралардың барлығына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
3. Қарыз алушы:
(а) тиісті қаржыландыру және адам ресурстары ҚОҚЖ-ны орындау, мониторингі және орындау есептілігі үшін берілгеніне;
(b) жарты жылдық экологиялық есептердің дайындалуына және есеп жасалатын әрбір кезең бойынша, сол кезеңдердің әрбірінен кейінгі 3 айдың ішінде АДБ-ға ұсынылуына;
с) мұндай есептерден тиісті ақпараттың тиісті тұлғалар үшін берілуіне; сондай-ақ
(d) жәбірленушілердің алаңдаушылығын, шағымдары мен наразылықтарын шешу үшін уақтылы қарау және шаралар қабылдауға шағымдарды қараудың АДБ үшін қолайлы, тиімді тетігі белгіленгеніне көз жеткізуге міндеттенеді.
4. ККМ барлық тендерлік құжаттар мен жұмыстарды орындауға арналған келісімшарттарда мердігердің:
(а) тиісті экологиялық шараларды АЭБ-ға, АЭБ-ның жаңартылған ережелеріне, ҚОҚЖ-ға және мониторинг бойынша есепте жазылған түзетуші немесе түсіндіруші кез келген басқа шараларға сәйкес сақтауы;
(b) осындай экологиялық шаралардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуі;
(с) көшірмесін АДБ-ға бере отырып, Қарыз алушыға Жобаны салу немесе іске асыру кезінде туындауы мүмкін және АЭБ мен ҚОҚЖ-да көзделмеген кез келген күтілетін экологиялық тәуекелдер немесе қоршаған ортаға әсер туралы жазбаша хабарламаны беруі;
(d) жолдардың, ауыл шаруашылық егістіктерінің және басқа да инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін тиісінше есепке алуды материалдарды тасымалдау мен құрылыс басталмай тұрып қамтамасыз етуі; сондай-ақ құрылыс аяқталғаннан кейін жолдарды, жергілікті инфрақұрылымның басқа да объектілері мен ауыл шаруашылық егістіктерін толығымен, ең болмағанда жобаны бастаудан алдын осы объектілер қандай болған болса, сондай жай-күйін қалпына келтіруі қамтылғанына көз жеткізуге міндеттенеді.
Қоныс аудару
5. Қарыз алушы Жобаның:
(а) жерлерді сатып алумен және тұрғындардың еріксіз қоныс аударуымен байланысты Қарыз алушының барлық тиісті заңдары мен ережелеріне;
(b) АДБ-ның қорғау іс-шараларының саясатына (2009);
(c) ЖСҚН мен ЖСҚЖ-на, атап айтқанда, мынадай ережелерді қоса
алғанда:
(а) мердігердің жұмыстары үшін қажетті барлық жер учаскелері мен жолдарды төсеуге құқықтарды уақтылы сатып алу қажет;
(b)(і) ЖСҚЖ түпкілікті әзірленгенше; сондай-ақ (іі) құрылысқа дайын жолдардың тиісті учаскелері үшін ЖСҚЖ-да айтылған өтемақымен бірге әрбір көшіп өткен адамға көшкені үшін өтемақы толығымен төленбей тұрып, ешқандай дене немесе экономикалық қоныс аудару жүргізілуі мүмкін емес;
(с) ЖСҚЖ АДБ-мен келісілмей тұрып, ешқандай жұмыстар басталуға тиіс емес және ЖСҚЖ-ның түпкілікті нұсқасы өзінің талаптарына сәйкес іске асырылмай тұрып, ешқандай жұмыстар басталуға тиіс емес;
(d) қозғалған адамдарға көмек көрсету мақсатында тынышсыздықты, шағымдар мен наразылықтарды шешу үшін уақтылы қарау және шаралар қабылдауға шағымдарды шешудің АДБ үшін қолайлы, тиімді тетігі белгіленуге тиіс.
(е) ЖСҚЖ бойынша жұмыстарды іске асыру, мониторинг және орындалуын есепке алу үшін консультациялық қызметтерге арналған бюджет шеңберінде тиісінше қаржыландыру мен адам ресурстары берілуге тиіс;
(f) АДБ үшін қолайлы тәуелсіз мониторинг бойынша сарапшылар ЖСҚЖ-ны мониторинг және бағалау жүргізу және нәтижелерін АДБ-ға жартыжылдық негізде беру үшін қарыз күшіне енген күннен бастап 3 айдың ішінде тартылуға тиіс;
(g) егер ЖСҚЖ-ны орындау кезеңінде жергілікті жердің кез келген өзгерістері, жолдардың арасын айыру не қоршаған ортаға қосымша әсер және қоныс аудару жүргізілсе, ЖСҚЖ-ға қажетті толықтыруларды енгізу және кейінгі іске асыруға дейін барлық тиісті үкімет органдарының мақұлдауын алу қажет.
Еңбек стандарттары мен денсаулық сақтау
6. ККМ жұмыстарды орындауға арналған барлық келісім шарттарда құрылыс мердігерлерінің:
(а) Қарыз алушының барлық тиісті Еңбек туралы кодексі мен еңбек заңнамасын сақтауы;
(b) Жоба салынатын маңайда тұратын тұрмысы төмен халықты қоса алғанда, мүмкіндікке қарай жұмыспен қамтуға әйелдер мен жергілікті халықты тартуы;
(c) барлық жұмыс істеушілерге құрылыс объектісінде қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты тарқатуы;
(d) тең жұмыс үшін еркектер мен әйелдерге тең ақы төлеу ұсынуы;
(е) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі және еркектер мен әйелдер пайдаланатын тиісті объектілерді бөлуі; сондай-ақ
(f) бала еңбегін пайдаланбауы туралы ерекше ережелер қамтылғанына көз жеткізуге міндеттенеді. ККМ бүкіл Жобаның уақытында әлеуметтік әсер қатаң тексеріліп отыруын және жарты жылда бір рет АДБ-ға осы мәселе бойынша есеп берілетініне көз жеткізуге міндеттенеді.
Гендерлік мәселелер мен даму
7. Қарыз алушы, әйелдердің еңбегіне тең ақы төленуіне және оларды жұмыспен қамтамасыз етуге қосымша мыналарды:
(a) Жобаның шеңберінде тартылған мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері арасында және Жоба жолына тікелей жақын тұратын жергілікті тұрғындар арасында АИТВ/ЖИТС-ны қоса алғанда, жыныстық жолмен тарайтын аурулардың тәуекелдері туралы ақпаратты;
(b) адам саудасын айқындау және болдырмау бойынша нақты және қатаң шараларды;
(с) әйелдер мен еркектерге жоба туралы тең ақпарат берілуін және жер сатып алумен және қоныс аударумен байланысты іс-шараларға қатысу үшін марапатталуын;
(d) қоныс аударуға жататын және осал топтардағы отбасы әйелдері Жобаны іске асыру кезеңіндегі күтілмеген әлеуметтік әсер мен қоршаған ортаға әсерлерді шешуге тартылуын қамтамасыз ету үшін КҚТ-ға арнап дайындалған ГІЖ-ның түпкілікті нұсқасын қарыз күшіне енген күннен бастап 3 айдың ішінде қарайды және дайындайды.
ККМ Жобаны іске асыру кезеңі ішінде ГІЖ толығымен уақтылы іске асырылуын және осы мақсаттар үшін жеткілікті ресурстар бөлінуін, сондай-ақ ГІЖ-ның іске асырылуы мониторинг процесінде көрініс табуын және жылына екі рет АДБ-ға тиісті есеп беріліп отыруын қамтамасыз етеді.
Бірлесіп қаржыландыру
8. Қарыз алушы Қарыз туралы осы келісімнің 4.02-бөлімінің жалпы мағынасын шектеместен, Жобаны уақтылы және тиімді орындау үшін қажетті барлық қарсы қаражатты ККМ жыл сайынғы аударым түрінде беруге міндеттенеді және қажетті ресурстардың уақтылы берілуіне көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыз алушы ККМ-ге Жобаның орындалуын қаржыландыру бойынша жаңартылған талаптарды өзінің жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгізуді тапсыруға міндеттенеді.
Басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
9. Қарыз алушы (і) АДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі саясатын (1998 жылғы, қазіргі кезге түзетулерімен) қолдануға міндеттенеді. Қарыз алушы ұтымды басқару, есептілік және ашықтық принциптерін қолдану міндеттемесіне сәйкес АДБ тікелей не өзінің агенттері арқылы Жобаға қатысты барлық болжамды сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе мәжбүрлеу жағдайларын тексеруге құқылы екендігімен; сондай-ақ (іі) толыққанды ынтымақтастыққа және осындай кез келген тексерудің қанағаттанарлық аяқталуы үшін қажетті қолдау көрсету жолымен мұндай тексерулерге ықпал етуге міндеттенеді.
10. ККМ барлық келісімшарттар мен теңдерлік құжаттарда АДБ-ның аудит жүргізу және ККМ-нің барлық есептерін, жазбалары мен шоттарын және барлық мердігерлерді, өнім берушілер мен консультанттарды, сондай-ақ жоба шеңберінде қызмет көрсетуші басқа да адамдарды тексеру жүргізу құқығын шартты түрде көрсететін ережелерді қоса алғанда АДБ-ға қолайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ережелерінің қамтылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Құрылыс жұмыстарының сапасы
11. ККМ Жоба қолданылатын техникалық ерекшеліктер мен жоспарларға сәйкес орындалатынына және құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және Жобаны басқару қолданылатын стандарттарға және үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету
12. ККМ:
(а) құрылыс жұмыстарына арналған барлық келісімшарттарда мердігердің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды орындау; және
(b) Жобалық жолды пайдалану барысында қозғалыстың апаттылығы мен қарқындылық деңгейінің мониторингін жүзеге асыру міндеттемесі қамтылатынына көз жеткізуге міндеттенеді.