Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 1182 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
      4-тармақтағы «сауда» деген сөз «жаңа технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы «орынбасары», «Сыртқы істер министрі», «Индустрия және сауда министрі», «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі» деген сөздер тиісінше «бірінші орынбасары», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі», «Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі», «Экономикалық даму және сауда министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақтың 1) тармақшасында «қызметіне» деген сөзден кейін «байқаушы мәртебесінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      18-тармақтың екінші абзацындағы «сауда» деген сөз «жаңа технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4-тарау мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      «15-1. Осы Ереженің 6-1-тарауында айқындалатын тәртіппен Комиссияның оң шешімі болған кезде үміткерге байқаушы мәртебесі беріледі.»;
      21-тармақта «Президентіне» деген сөзден кейін «байқаушылардың құрамы бойынша және» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
      «6-1. Байқаушылар

      21-2. Байқаушылар Кеңестің мүшелері болып табылмайды.
      21-3. Байқаушылар құрамына оннан аспайтын халықаралық ұйым немесе шетелдік компания кіре алады.
      21-4. Байқаушылардың құрамын Комиссияның ұсынымы бойынша Кеңестің төрағасы бекітеді.
      21-5. Байқаушылар Кеңестің аралық және жалпы отырыстарына қатыса алады, сондай-ақ жұмыс органымен келісім бойынша баяндама жасай алады.
      21-6. Байқаушылар кем дегенде Кеңестің бір жұмыс тобының жұмысына белсенді қатысуға, Қазақстан Республикасының жағымды инвестициялық ахуалын қалыптастыруға және беделін жақсартуға үлес қосуы тиіс.
      21-7. Байқаушы мәртебесі Кеңестің мүшелігіне өтінім берген үміткерлерге екі жылға беріледі.
      21-8. Байқаушының өкілеттіктер мерзімі аяқталғаннан кейін Комиссия байқаушыны Кеңестің мүшелігіне енгізуге немесе енгізуден бас тартуға ұсынады.»;
      28-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мерзімдерде жылына кемінде екі рет» деген сөздер «мерзімге және тақырыпқа сәйкес жылына кемінде бір рет» деген сөздермен ауыстырылсын;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Кеңестің жалпы және аралық отырыстарының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, мүдделі мемлекеттік органдармен және Кеңестің шетелдік мүшелерімен келісілген хаттама жобасын Кеңестің жалпы отырысы өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев 

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 30 июня 1998 года № 3985

Указ Президента Республики Казахстан от 6 апреля 2011 года № 1182

Подлежит опубликованию в Собрании
актов Президента и Правительства
Республики Казахстан     

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 30 июня 1998 года № 3985 "Об образовании Совета иностранных инвесторов при Президенте Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 18, ст. 156; 2000 г., № 17, ст. 168; 2003 г., № 45, ст. 486; 2007 г., № 14, ст. 160) следующие изменения и дополнения:
      в Положении о Совете иностранных инвесторов при Президенте Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      в пункте 4 слово "торговли" заменить словами "новых технологий";
      в пункте 8 слова "Заместитель", "Министр иностранных дел", "Министр индустрии и торговли", "Министр экономики и бюджетного планирования" заменить соответственно словами "Первый заместитель", "Государственный секретарь Республики Казахстан - Министр иностранных дел", "Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан - Министр индустрии и новых технологий", "Министр экономического развития и торговли";
      подпункт 1) пункта 14 дополнить словами "в статусе наблюдателя";
      в части второй пункта 18, слово "торговли" заменить словами "новых технологий";
      главу 4 дополнить пунктом 15-1 следующего содержания:
      "15-1. При положительном решении Комиссии претенденту присваивается статус наблюдателя в порядке, определяемом главой 6-1 настоящего Положения.";
      в пункт 21 после слов "Казахстан" дополнить словами "по составу наблюдателей и";
      дополнить главой 6-1 следующего содержания:
      "6-1. Наблюдатели
      21-2. Наблюдатели не являются членами Совета.
      21-3. В состав наблюдателей могут входить не более десяти международных организаций или иностранных компаний.
      21-4. Состав наблюдателей утверждается Председателем Совета по рекомендации Комиссии.
      21-5. Наблюдатели могут участвовать в промежуточном и пленарном заседании Совета, а также выступать с докладом по согласованию с рабочим органом.
      21-6. Наблюдатели должны активно участвовать в работе как минимум одной рабочей группы Совета, вносить вклад в формирование позитивного инвестиционного климата и улучшение репутации Республики Казахстан.
      21-7. Статус наблюдателя присваивается на два года претендентам, подавшим заявку на членство в Совете.
      21-8. По истечении срока полномочий наблюдателя Комиссия рекомендует ввести либо отказать в введении наблюдателя в состав Совета.";
      в части первой пункта 28 слова "двух раз в год в сроки, определяемые" заменить словами "одного раза в год согласно сроку и теме, определяемым";
      пункт 31 изложить в следующей редакции:
      "31. Решения, принятые по итогам пленарных и промежуточных заседаний Совета, оформляются протоколом. Рабочий орган Совета вносит согласованный с Премьер-Министром Республики Казахстан, заинтересованными государственными органами и иностранными членами Совета проект протокола в Администрацию Президента Республики Казахстан в двухнедельный срок со дня проведения пленарного заседания Совета.".
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев