Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
(үзінді)
ҚАУЛЫ ETEMIH:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 395 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Президенті
Кәрім Қажымқанұлы Әкімшілігінің Басшысы, Комиссия төрағасы
енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан С.А. Дьяченко шығарылсын.
2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 08.02.2016 № 191 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 395 Жарлығымен бекітілген |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін езгерістерге ҚОСЫМША |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.