Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 27.04.2015 № 1041 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 65-құжат; 2011 ж., № 26, 301-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4 және 4-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Астана қаласының әкімі:
1) Стратегиялық жоспарды іске асырудың негізгі бағыттарын Астана қаласын дамытудың бағдарламалары шеңберінде көздесін;
2) Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жыл қорытындысы бойынша 15 мамырға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл қорытындылары бойынша 30 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев