Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 67 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 1041 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 27.04.2015 № 1041 Жарлығымен.

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" және республикалық 
баспасөзде мазмұны       
жариялануға тиіс        

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 19-бабының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласын орнықты дамыту, Астана қаласы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамытудың халықаралық қағидаттарына сай келетін тыныс-тіршілігі инфрақұрылымын қалыптастыру, сонымен қатар қолайлы қоршаған орта жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Стратегиялық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Стратегиялық жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Астана қаласының әкімі:
      1) Стратегиялық жоспарды іске асырудың негізгі бағыттарын Астана қаласын дамытудың бағдарламалары шеңберінде көздесін;
      2) Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жыл қорытындысы бойынша 15 мамырға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.11.28 № 442 Жарлығымен.

      4-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл қорытындылары бойынша 30 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      Ескерту. Жарлық 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.03.15 № 1170 Жарлығымен, жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.11.28 № 442 Жарлығымен.

      5. Осы Жарлықтың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      РҚАО-ның ескертпесі. Жарлыққа Стратегиялық жоспар берілмеген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады