"Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 681 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат; 2005 ж., № 11, 100-құжат; 2007 ж., № 4, 50-құжат; № 22, 245-құжат; 2008 ж., № 29, 281-құжат; № 46, 523-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2011 ж., № 15, 177-құжат, № 37, 441-құжат, 2012 ж., № 48, 638-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана – жаңа қала" АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі болып табылады және 7634,71 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына алаңы 598,1 гектар № 1 индустриялық парк, алаңы 433,1 гектар № 2 индустриялық парк және алаңы 72,41 гектар қалалық жеңіл рельс желісі кіреді.";

      3-тармақта:

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;".

      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру болып табылады.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қызметтің басым түрлері жүзеге асырылатын АЭА аумағының бөлігінде қолданылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. Кедендік бақылау жүргізу мақсатында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағының шекаралары оның периметрі бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.";

      көрсетілген ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 31 қазандағы
№ 681 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 29 маусымдағы
№ 645 Жарлығымен бекітілген
"Астана - жаңа қала"
арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША

"Астана – жаңа қала"
арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары



      "Астана - жаңа қала" АЭА аумағы S=7634,71 га

О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2001 года № 645 "О создании специальной экономической зоны "Астана - новый город"

Указ Президента Республики Казахстан от 31 октября 2013 года № 681. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 681

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 05.05.2018 № 681.

      Подлежит опубликованию

      в Собрании актов

      Президента и Правительства

      Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 29 июня 2001 года № 645 "О создании специальной экономической зоны "Астана - новый город" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., № 22, ст. 270; 2005 г., № 11, ст. 100; 2007 г., № 4, ст. 50; № 22, ст. 245; 2008 г., № 29, ст. 281; № 46, ст. 523; 2009 г., № 40, ст. 388; 2011 г., № 15, ст. 177; № 37, ст. 441; 2012 г., № 48, ст. 638) следующие изменения и дополнение:

      в Положении о специальной экономической зоне "Астана - новый город", утвержденном вышеназванным Указом:

      часть вторую пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "Территория СЭЗ "Астана - новый город" является неотъемлемой частью территории Республики Казахстан и составляет 7634,71 гектара. В состав территории СЭЗ входит индустриальный парк № 1 площадью 598,1 гектара, индустриальный парк № 2 площадью 433,1 гектара и городская легкорельсовая линия площадью 72,41 гектара.";

      в пункте 3:

      подпункт 17) изложить в следующей редакции:

      "17) строительство и ввод в эксплуатацию объектов инфраструктуры, административного и жилого комплексов в соответствии с проектно-сметной документацией;";

      дополнить подпунктом 18) следующего содержания:

      "18) строительство и ввод в эксплуатацию больниц, поликлиник, школ, детских садов, музеев, театров, высших и средних учебных заведений, библиотек, дворцов школьников, спортивных комплексов в соответствии с проектно-сметной документацией.";

      часть первую пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Таможенная процедура свободной таможенной зоны применяется на части территории СЭЗ, на которой будут осуществляться приоритетные виды деятельности.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Территория СЭЗ является зоной таможенного контроля. Границы территории СЭЗ, на которой применяется таможенная процедура свободной таможенной зоны по ее периметру обустраиваются и оборудуются в соответствии с таможенным законодательством Республики Казахстан в целях проведения таможенного контроля.";

      приложение к указанному Положению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему Указу.

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н.Назарбаев


  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 31 октября 2013 года № 681
ПРИЛОЖЕНИЕ
к Положению о специальной
экономической зоне
"Астана - новый город",
утвержденному
Указом Президента
Республики Казахстан
от 29 июня 2001 года № 645

План границ специальной экономической зоны
"Астана - новый город"



Территория СЭЗ "Астана - новый город" S = 7634,71 га