Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 697 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2013 жылғы 21 қарашадағы
№ 697 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 377-құжат):
      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
      «1-2. «А» корпусының жаңа мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын енгізу немесе олардың санын ұлғайту туралы ұсыныстарды Мемлекет басшысымен не оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиямен келіссін.».
      4. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 151 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
      5. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 N 156 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Ұлттық комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілуі мүмкін.
      Ұлттық комиссияның отырысы немесе сырттай дауыс беру оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан немесе сырттай дауыс беруге қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Ұлттық комиссияның мүшелері отырыстарға және сырттай дауыс беруге ауысу құқығынсыз қатысады.
      Ұлттық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі Ұлттық комиссия мүшелеріне материалдар жіберілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Ұлттық комиссия мүшелері өз пікірлерін Ұлттық комиссияның жұмыс органына жазбаша түрде жолдайды.
      Көрсетілген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда Ұлттық комиссия мүшесі шешім жобасын қабылдауға дауыс берді деп саналады.
      Ұлттық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру немесе сырттай дауыс беру арқылы Ұлттық комиссия отырысына қатысушы немесе дауыс беруге қатысушы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережеде:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзушылықтарды қоспағанда, тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардағы аудандар мен қалалардағы аудандар әкімдеріне қатысты тәртіптік істерді қарау;».
      7. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 321-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына (бұдан әрі – «А» корпусының лауазымы) конкурстық іріктеуді «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтар арасынан осы лауазымға тағайындау құқығы бар адам (орган) жүзеге асырады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу мемлекеттік органдардың «А» корпусының лауазымдарына орналасу қажеттігі, «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың саны ескерілген Ұлттық комиссияның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, екі жылда бір реттен жиі өткізілмейді.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке куәлігінің көшірмесі;
      2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;
      4) нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған не заңнамада белгіленген өзге де тәртіппен расталған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі;
      5) «А» корпусының кадр резервіне кандидатты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіби және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (кемінде біреу). Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;
      6) өмірбаян;
      7) Ұлттық комиссияның шешімімен айқындалатын құжаттар.»;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Азаматтарға ұсынымхат бергеннен кейін оларға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, бұрын ұсынымхат берген адамның ұсынымхаты Ұлттық комиссия шешімі негізінде қарауға қабылданбайды.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Осы Қағидалардың 11-тармағы 1)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса немесе құжаттар қойылған талаптарға сәйкес келмесе, кандидатты «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатыстырудан бас тартылады.»;
      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Құжаттар «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қолма-қол, почтамен немесе электрондық почта арқылы қабылданады.»;
      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 4-тармағының және 13-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкестігін қарайды.
      18. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қарау қорытындылары бойынша бес жұмыс күні ішінде кандидаттарды тестілеуге қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      «19-1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің тестілеуге жіберуден бас тарту туралы шешіміне кандидат мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға кандидат тиісінше хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады.
      Осы Қағидаларда тиісінше хабарландыру деп адамның өзіне немесе онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолхатпен беру арқылы хат, тапсырыс хат немесе жеделхат табыстап, хабарландыру түсініледі.
      Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган түскен шағымды түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарап, кандидатты тестілеуге қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды.»;
      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген тізбе негізінде тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша сұрату жолдайды, олар Ұлттық комиссия белгілеген мерзімдер ішінде мәліметтер ұсынады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, егер Ұлттық комиссия өзгеше белгілемесе, осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардан мәліметтерді алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органына тестілеуден оң нәтижелер алған кандидаттардың тізімін жолдайды.
      Осы тізімге кандидаттардың құжаттары, олардың тестілеу нәтижелері және осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес айқындалатын өзге де мәліметтер қоса беріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
      «36-1. Ұлттық комиссия ұсынған азаматтар «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініштерінде өздері көрсеткен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы бойынша «А» корпусының кадр резервіне алынады.
      Ұлттық комиссия азаматтарды олардың келісімі болған және олар арнайы біліктілік талаптарына сай келген жағдайда «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының басқа санаты, санатындағы тобы бойынша кадр резервіне алу үшін ұсыным жасауға құқылы.»;
      37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. «А» корпусының бос және уақытша бос лауазымына конкурстық іріктеуді осы лауазымға тағайындауға құқығы бар адам (орган), не ол уәкілеттік берген адам өткізеді.»;
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Мемлекеттік органнан жазбаша сұрату алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың (бұдан әрі – «А» корпусының резервшілері) тізімін және олардың білімі, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы, кадр резервіне алыну сәтіндегі атқаратын лауазымдары туралы мәліметтер, сондай-ақ олардың еңбек қызметі туралы құжаттың электрондық нұсқасын ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
      «39-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына «А» корпусының резервшілерін тағайындау, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты, санатындағы тобы шегінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда және олардың келісімімен жүзеге асырылады.
      «А» корпусының резервшілері «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының төменгі санатына, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бір санатындағы төменгі тобына арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен тағайындалуы мүмкін.
      «А» корпусының резервшілері Ұлттық комиссияның келісімімен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының жоғары санатына, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бір санатындағы жоғары тобына арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен тағайындалуы мүмкін.»;
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. «А» корпусының лауазымына тағайындау қолданыстағы заңнаманың талаптары ескеріле отырып, осы лауазымға тағайындау құқығы бар адамның (органның) шешімімен жүзеге асырылады.
      «А» корпусының лауазымына тағайындауды растайтын құжаттың көшірмесі лауазымға тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.».

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 21 ноября 2013 года № 697

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан.
      2. Настоящий Указ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ

УТВЕРЖДЕНЫ       
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от 21 ноября 2013 года № 697

Изменения и дополнения,
которые вносятся в некоторые указы Президента
Республики Казахстан

      1. Утратил силу Указом Президента РК от 29.12.2015 № 152 (вводится в действие с 01.01.2016).
      2. Утратил силу Указом Президента РК от 29.12.2015 № 152 (вводится в действие с 01.01.2016).
      3. В Указ Президента Республики Казахстан от 31 июля 2000 года № 427 «О мерах по улучшению работы государственного аппарата, борьбе с бюрократизмом и сокращению документооборота» (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 31, ст. 377):
      дополнить пунктом 1-2 следующего содержания:
      «1-2. Предложения о введении новых административных государственных должностей корпуса «А» или увеличении их числа согласовывать с Главой государства либо по его уполномочию с Национальной комиссией по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан.».
      4. Утратил силу Указом Президента РК от 29.12.2015 № 151 (вводится в действие с 01.01.2016).
      5. Утратил силу Указом Президента РК от 29.12.2015 № 156 (вводится в действие с 01.01.2016).
      6. В Указ Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 «О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан и кадровых комиссиях областей, столицы, города республиканского значения» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 19, ст. 319):
      в Положении о Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. По поручению председателя Национальной комиссии может быть проведено заочное голосование членов Национальной комиссии.
      Заседание Национальной комиссии или заочное голосование считается правомочным, если на заседании присутствует или в заочном голосовании участвует не менее двух третей ее состава. Члены Национальной комиссии участвуют в ее заседаниях и в заочном голосовании без права замены.
      Срок для заочного голосования членов Национальной комиссии не должен превышать трех рабочих дней со дня рассылки материалов членам Национальной комиссии.
      До окончания срока заочного голосования члены Национальной комиссии свое мнение направляют в рабочий орган Национальной комиссии в письменном виде.
      В случае непредставления ответа в указанный срок считается, что член Национальной комиссии проголосовал за принятие проекта решения.
      Решения Национальной комиссии принимаются открытым голосованием или заочным голосованием простым большинством голосов от общего числа присутствующих на заседании или участвовавших в заочном голосовании членов Национальной комиссии. В случае равенства голосов голос председателя является решающим.»;
      в Типовом положении о кадровой комиссии области, столицы, города республиканского значения, утвержденном вышеназванным Указом:
      пункт 3 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      «1-1) рассмотрение дисциплинарных дел в отношении членов ревизионных комиссий областей, столицы, города республиканского значения, акимов городов областного значения, районов областей и районов в городах, допустивших нарушение требований законодательства Республики Казахстан, влекущее дисциплинарную ответственность, за исключением нарушений норм антикоррупционного законодательства Республики Казахстан и Кодекса чести;».
      7. В Указ Президента Республики Казахстан от 22 марта 2013 года № 524 «Об утверждении Правил отбора в кадровый резерв административной государственной службы корпуса «А» и проведения конкурса на занятие вакантной и временно вакантной административной государственной должности корпуса «А» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 19, ст. 321):
      в Правилах отбора в кадровый резерв административной государственной службы корпуса «А» и проведения конкурса на занятие вакантной и временно вакантной административной государственной должности корпуса «А», утвержденных вышеназванным Указом:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Конкурсный отбор на вакантную и временно вакантную административную государственную должность корпуса «А» (далее – должности корпуса «А») осуществляется лицом (органом), имеющим право назначения на данную должность, из числа граждан, зачисленных в кадровый резерв корпуса «А».»;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. Отбор в кадровый резерв корпуса «А» проводится не реже одного раза в два года, если иное не определено Президентом Республики Казахстан по предложению Национальной комиссии с учетом потребности государственных органов в замещении должностей корпуса «А», численности граждан, зачисленных в кадровый резерв корпуса «А».»;
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      «11. Граждане, желающие участвовать в отборе в кадровый резерв корпуса «А», представляют в уполномоченный орган или его территориальные подразделения следующие документы:
      1) копию удостоверения личности;
      2) заявление по форме, установленной уполномоченным органом по делам государственной службы;
      3) копии документов об образовании, заверенные нотариально либо кадровой службой по месту работы;
      4) копию документа, подтверждающего трудовую деятельность, заверенную нотариально или кадровой службой по месту работы либо в ином установленном законодательством порядке, послужной список кандидата в кадровый резерв корпуса «А» по форме, определяемой уполномоченным органом по делам государственной службы;
      5) рекомендательное письмо (не менее одного), оформленное на бланке должностного лица, представляющего кандидата в кадровый резерв корпуса «А», или организации, в которой он работает, с указанием даты подписания, фамилии, имени и отчества кандидата, характеристики с описанием его профессиональных и личностных качеств, продолжительности и условий знакомства, сотрудничества. Срок действия рекомендательного письма составляет не более трех месяцев со дня его подписания;
      6) автобиографию;
      7) документы, определяемые решением Национальной комиссии.»;
      пункт 12 дополнить частью второй следующего содержания:
      «На основании решения Национальной комиссии не принимается к рассмотрению рекомендательное письмо лица, ранее давшего рекомендательные письма гражданам, в отношении которых после дачи рекомендательных писем вступил в законную силу обвинительный приговор суда.»;
      пункт 13 изложить в следующей редакции:
      «13. При отсутствии одного из документов, указанных в подпунктах 1)-6) пункта 11 настоящих Правил, либо несоответствии документов предъявляемым к ним требованиям кандидату отказывается в участии в отборе в кадровый резерв корпуса «А».»;
      часть первую пункта 15 изложить в следующей редакции:
      «15. Документы принимаются нарочно, по почте или по электронной почте в течение пятнадцати календарных дней со дня публикации объявления о проведении отбора в кадровый резерв корпуса «А».»;
      пункты 17 и 18 изложить в следующей редакции:
      «17. В течение десяти рабочих дней после окончания приема документов уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальные подразделения рассматривают документы кандидатов на соответствие специальным квалификационным требованиям к должностям корпуса «А», требованиям пункта 4 статьи 10 и пункта 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан «О государственной службе».
      18. По итогам рассмотрения документов уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальные подразделения в течение пяти рабочих дней принимают решение о допуске кандидатов к участию в тестировании либо об отказе в допуске.»;
      дополнить пунктом 19-1 следующего содержания:
      «19-1. Решение территориального подразделения уполномоченного органа по делам государственной службы об отказе в допуске к участию в тестировании может быть обжаловано кандидатом в уполномоченный орган по делам государственной службы в течение трех рабочих дней со дня оповещения надлежащим образом кандидата.
      Надлежащим оповещением в настоящих Правилах признается оповещение лица письмом, заказным письмом либо телеграммой, которые вручаются ему лично или кому-то из совместно проживающих с ним совершеннолетних членов семьи под расписку.
      Уполномоченный орган по делам государственной службы рассматривает поступившую жалобу в течение пяти рабочих дней со дня поступления и принимает соответствующее решение о допуске кандидата к участию в тестировании либо об отказе в допуске.»;
      пункты 24 и 25 изложить в следующей редакции:
      «24. Уполномоченный орган по делам государственной службы на основании перечня, указанного в пункте 23 настоящих Правил, направляет письменный запрос в соответствующие государственные органы, которые представляют сведения в течение сроков, установленных Национальной комиссией.
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы, если иное не будет определено Национальной комиссией, в течение пятнадцати рабочих дней со дня получения сведений от государственных органов в соответствии с пунктом 24 настоящих Правил направляет список кандидатов, получивших положительные результаты тестирования, в рабочий орган Национальной комиссии.
      К данному списку прилагаются документы кандидатов, результаты их тестирования и иные сведения, определяемые в соответствии с пунктом 23 настоящих Правил.»;
      дополнить пунктом 36-1 следующего содержания:
      «36-1. Рекомендованные Национальной комиссией граждане зачисляются в кадровый резерв корпуса «А» по категории, группе в категории административных государственных должностей корпуса «А», указанным ими в заявлении об участии в отборе в кадровый резерв корпуса «А».
      Национальная комиссия вправе рекомендовать граждан для зачисления в кадровый резерв по другой категории, группе в категории административных государственных должностей корпуса «А» при условии согласия граждан и их соответствия специальным квалификационным требованиям.»;
      часть первую пункта 37 изложить в следующей редакции:
      «37. Конкурсный отбор на занятие вакантной и временно вакантной должности корпуса «А» проводится лицом (органом), имеющим право назначения на данную должность, либо уполномоченным им лицом.»;
      пункт 38 изложить в следующей редакции:
      «38. В течение трех рабочих дней со дня получения письменного запроса из государственного органа уполномоченный орган по делам государственной службы представляет список граждан, зачисленных в кадровый резерв корпуса «А» (далее – резервисты корпуса «А»), и сведения об их образовании, категории, группе в категории административных государственных должностей корпуса «А», по которым они зачислены в кадровый резерв корпуса «А», занимаемых должностях на момент зачисления в кадровый резерв, а также электронную версию документа об их трудовой деятельности.»;
      дополнить пунктом 39-1 следующего содержания:
      «39-1. Назначение резервистов корпуса «А» на административные государственные должности корпуса «А» осуществляется в пределах категории, группы в категории административных государственных должностей корпуса «А», по которым они зачислены в кадровый резерв корпуса «А», при условии соответствия специальным квалификационным требованиям и их согласия.
      Резервисты корпуса «А» могут быть назначены на административную государственную должность корпуса «А» нижестоящей категории, нижестоящей группы в одной категории административных государственных должностей корпуса «А» при условии соответствия специальным квалификационным требованиям и их согласия.
      Резервисты корпуса «А» с согласия Национальной комиссии могут быть назначены на административную государственную должность корпуса «А» вышестоящей категории, вышестоящей группы в одной категории административных государственных должностей корпуса «А» при условии соответствия специальным квалификационным требованиям и их согласия.»;
      пункт 40 изложить в следующей редакции:
      «40. Назначение на должность корпуса «А» осуществляется решением лица (органа), имеющего право назначения на данную должность, с учетом требований действующего законодательства.
      Копия документа, подтверждающего назначение на должность корпуса «А», представляется в уполномоченный орган по делам государственной службы в течение трех рабочих дней со дня назначения на должность.».